178
бағдарламада негізінен денсаулықты сақтау бөліміне жұмылдырылған. Оның негізгі
мақсаты барлық аналарға және олардың балаларына, бірден туылғанға кейін
мамандандырылған көмек көрсету болып келеді.
Мамандандырылған көмекке жүктілік кезінде, босану кезінде және босанғаннан
кейін әйелге және оның баласына аккредитацияланған және компетентті, жүйелер мен
мүшелердің қызметін қамтамасыз етуге, медициналық мекемелермен келісіммен науқасты
басқа мекемеге аударуға қажетті көліктерді қоса, қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз
етілген, медициналық қызметкерлердің көмегі жатады. Мамандандырылған күтім
кезкелген медицина қызметкерлерімен жасалу мүмкін. Мамандықтың немесе
лауазымның әртүрлі мемлекетте әртүрлі аталуы мүмкін, сондықтан шатасып кетпес үшін,
бұл мамандарды «мамандандырылған қызыметкер» немесе «босануда қатысушы
мамандандырылған адам» деп атауға келісілген.
ДДҰ, акушерлер халықаралық қауымдастығы және акушер-гинекологтар
халықаралық федерациясы босану кезінде, босану және босанғаннан кейін бірден күтім
мамдандандырылған қызметкерлермен жасалуын уағыздайды.
Ел басшысы 2006 жылдың наурыз айындағы Қазакстан халқына жолдауында
көрсеткендей Дүние жүзінің бәсекелікке қабылетті елу ел қатарына қосылу стратегиясы
медициналық-демографиялық жақсартуды талап етеді. Бұл бағытта «Мың жылдықтар
табалдырығында Декларациясына» сәйкес Қазақстанның халықаралық міндеттерін
орындау барысында балалар және аналар өлімінің көрсеткішін төмендету өте қажет
болмақ. Міне осы мәселеде неонатологияның алар орны өте үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: