Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет90/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІІ БӨЛІМ
ЕРТЕ ЖӘНЕ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР ПАТОЛОГИЯСЫ 
2.1. ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ-
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 


173 
Әр түрлі мемлекеттердің статистикалық мәліметтері бойынша барлық жаңа 
туылған нәрестелердің (ЖТН)- 3 % - дан 16 % - ға дейінгісін шала туылған нәрестелер 
(ШТН) қалыптастырады. Оларға барлық перинатальдық өлім көрсеткішінің 60% тиісті. 
Шала туылған нәрестелер айы – күні жетіп туылған нәрестелерге қарағанда неонаталды 
кезеңінде 20 – 30 рет көбірек өледі. Шала туылған нәрестелердің арасында асфиксия, 
билирубиндік уыттану, кейін өрбитін мүгедектіктің және басқа да асқынулардың үлесі өте 
жоғары. Оның себебі – туылу кезіндегі жиі жарақаттануы болып табылады. ШТН 
арасында туа пайда болатын ақаулар 10 есе жиі кездеседі. 
Терминологиясы.
Айы-күні жетпей босану (яғни шала нәрестені туу) – деп 
жүктіліктің толық 37 аптасы аяқталмаған мерзімде тууды айтады. Жүктіліктің мерзімі 
(гестация мерзімі) шартты түрде ең кейінгі менструациялық циклдың бірінші күнінен 
басталады. 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 22 қаңтар 2002 жылғы №61 бұйрығына сәйкес 
Республикада ДДҰ ұсыныстарының енгізілуіне байланысты неонатологияда нәресте 
салмағына қатысты дене массасы 2500 граммнан төмен барлық нәрестелерді – массасы аз 
ЖТН деп атайды. 
Оларды мынандай топтарға бөледі: 
-
2500 – 1500 г – туылған кезде салмағы аз (төмен) нәрестелер; 
-
1500 – 1000 г – салмағы өте аз (өте төмен) нәрестелер; 
-
1000 г – салмағы экстремалды аз(төмен) нәрестелер.
Қазақстан Республикасы ДДҰ ұсынысы бойынша «тірітуылу» мен «өлітуылу» 
сипатбелгілірін (критерияларын) 2008 жылдың қаңтар айынан бастап толық енгізіп, 
барлық статистикалық көрсеткіштер жаңаша есептеледі. 
Осыған байланысты барлық денсаулық сақтау мекемелері барлық тірі және өлі 
туылған, туылған уақытында салмағы 500 грамм және одан көбірек, денесінің ұзындығы 
25 см және одан ұзынырақ, жүктіліктің мерзімі 22 апта және одан көбірек болған
балаларды арнамалы тіркеуден өткізуге міндетті [2;18;19].
Жүктіліктің аяғына дейін көтере алмаудың себептері. Бұл жағдай шын мәнінде 
ұрықтың шала туылуына
алып келеді. Мезгілінен бұрын босанудың себептерін анықтау 
оңай емес, тіпті жүкті әйелдің анамнезін мұқият талдағанның өзінде ақ, жиі біршама 
қиындықтар туғызады. Осыған байланысты мезгілінен бұрын босанудың себептерін жиі 
шамамен (болжаммен) айтуға тура келеді. Мезгілінен бұрын босану көптеген себептер-
кешеніне байланысты. 
 
Сонымен қатар айы – күні жетіп, 38 – 40 апталарда туылған нәрестелердің 
арасында да салмағы 2500 граммнан аз нәрестелер кездеседі. Бұлар көбінесе туа пайда 
болған ақауы бар, құрсақішілік пайда болған аурулары бар, тағы да егіз туылғандар 
арасында және анасы ауру болған жағдайларда болады.
Сондықтан шала туылғандықтың негізгі сипатбелгісі (критериясы) жүктіліктің мерзімі, 
яғни гестациялық жасы саналады. 
Қазіргі кезде «шала туылған нәресте» диагнозын қою үшін, босану (туу) жүктіліктің 
аптамен есептелген қандай мерзімінде (гестациялық жасында) болғандығын көрсету 
керек. Бұл негізгі жағдайды нақтылайды, шала туылған нәрестеге дұрыс баға беруге және 
оны күтіп-бағудың тәсілін таңдауға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан шала туылған 
нәрестелердің дамуының барлық параметрлерінің сәйкестігін, оның барлық жүйелері мен 
ағзаларының клиникалық жай-күйін бағалау үшін бірінші кезекте 
нәрестенің 
гестациялық жасын
білу керек. 
ДДҰ 1974 жылдан бастап өмір сүруге қабілеті бар деп, жүктіліктің мерзімі 22 
аптадан кем болмаған жағдайда, туылған уақытындағы салмағы 500 граммнан жоғары 
балаларды есептеуді ұсынған болатынды. Алдында айтылғандай бұл ұсыныс 2008 жылдан 
бастап елімізде толықтай енгізілді. 
Қазіргі кезде шала туылудың дәрежесін жүктіліктің мерзіміне (гестациялық 
жасына) сәйкес анықтау қолданылады: 


174 
1 дәрежесі – 35 – 37 апта 
2 дәрежесі – 32 – 34 апта 
3 дәрежесі – 29 – 31 апта 
4 дәрежесі – 29 аптаға дейін. 
Шала туылудың себептері алуан түрлі. Мезгілінен бұрын туу көбінесе жүктіліктің 
35 – 37 апталары арасында, ал сирек жүктіліктің 29 – 35 апталарының арасында болады. 
Шала балалар көбінесе қыста және көктемде, ал жаз айларында сирек туылады. 
Барлық уақытта шала туылған нәрестеге баға бергенде, оның морфо–
функционалдық статусы мен гестациялық жас арасындағы сәйкестікті анықтау керек. 
Қандай да бір өзгерістер тек шала туылған нәрестеге тән, ал қайсыбірлері әр түрлі 
патологиялық жағдайлардың көрінісі болуы ықтимал. 
Нәрестенің 
жалпы 
жағдайы 
көпшілік 
мақұлдаған 
шкала 
бойынша 
қанағаттанарлықтан өте ауыр жағдайға дейін бағаланады. Ауырлықтың негізгі 
сипатбелгілер болып ең бірінші кезекте патологиялық жағдайлардың айқындылығы 
(инфекциялық токсикоз, орталық ненрв жүйесі (ОНЖ) зақымдалуы, тыныс бұзылыстары) 
болып табылады. Тіпті «таза» түрдегі шалалықтың өзі де, салмағы 1 кг төмен болып 
туылған жағдайда да олардың жағдайының ауырлығының синонимі болмайды. 
Шала туылған нәрестелерге баға бергенде олардың жетілгендігіне баға берілуі 
шарт. Ескеретін жайт, жаңа туған нәрестенің жетілуі дегенде, олардың гестациялық 
жасына ОНЖ морфологиялық және функционалдық сәйкес болуын айтамыз. 
Жетілудің эталоны болып дені сау жаңа туылған нәресте (ЖТН) болып табылады. 
Онымен салыстырғанда барлық ШТН жетілмеген болып есептеледі. Бірақ ШТН әр 
гестациялық жасына сәйкес жетілу дәрежелері бар. 
Барлық айы - күні жетіліп туылғандардың және шала туылған ЖТН салмағының және 
гестациялық жасының арақатысына қарай (ГЖҮ); 
-гестациялық жасына сәйкес (ГЖС); 
-гестациялық жасынан кіші (ГЖК). 
Бұл топтарда тек жеке өздеріне ғана тән патология кездеседі. Оларды туылғаннан 
кейін осындай топтарға бөлу, оларда қандай ауыртпашылықтар болатынын болжауға 
мүмкіншілік береді. Бұл практикалық медицинада өте маңызды нәрсе, өйткені ол аурулар 
бұл ЖТН – де бір - біріне өте ұқсас болып келеді. Егер осы жағдайды ескермесек, біздер 
бұлардағы ауруларды анықтауда және емдеуде қателіктер жіберуіміз мүмкін. Мысалы, 
гестациялық жасынан кіші (ГЖК) нәрестелерде кездесетін қозу және (немесе) құрысу 
синдромын тек қана гипоксияның салдарынан болады деп тұжырым жасасақ, бірақ 
гестациялық жасынан кіші (ГЖК) ЖТН - де жиі кездесетін және осындай синдромдар 
пайда болғанда, алдын – алу үшін шұғыл шаралар қолдануды керек ететін, зат алмасудың 
өзгерістерінен (гипогликемия, гипокальциемия) туындайтын ОНЖ бұзылыстары 
ескерілмей қалуы ықтимал. 
Шала туылған нәрестелердің тірі қалуы, олардың туылған уақыттағы гестациялық 
жасына және салмағына тығыз байланысты болады. Салмағы 1500 г және оданда төмен 
балалар (гестациялық жасы 30 – 31 апта) барлық тірі туылған ЖТН тек қана 1 % - ын 
құрайды, сонымен қатар барлық неонатальды кезеңіндегі өлім көрсеткішінің 70 % - ын 
(туа пайда болған ақауларды қоспағанда) осы 1500 г және одан да төмен салмақтағы ЖТН 
құрастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет