Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет86/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

(94-а сурет).
Баланы тамақтандырған кезде шынының мойыны ұдайы толып 
тұрып, ауа жұтуға мүмкіндік бермейтіндей болуы керек 
(94-в сурет).


166 
 
АРАЛАС ТАМАҚТАНДЫРУ 
Бір жасқа дейінгі сәбиді қосымша жасанды сүт қоспаларымен бірге ана сүтімен 
көректендіру аралас тамақтандыру деп аталады. 
Сәбилерді қосымша тамақтандыру үшін берілетін жасанды сүт қоспалары үстеме 
тамақ деп аталады. 
Аралас тамақтандыруға көшудің басты негізі – ана сүтінің жеткіліксіздігі 
(гипогалактия). Ана сүтінің мөлшерін анықтау үшін салыстырмалы (тексеріп) өлшеу 
тәсілі қолданылады. Бұл сәбиді тамақтануға дейін және тамақтанудан соң тәуліктің әр 
сағатында салмағын өлшеу. 
АРАЛАС ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ. 
Аралас тамақтандыруды өткізгенде мынадай ережелерді сақтау қажет: 
1.
Аралас тамақтандыру үшін бейімделген және бейімделмеген қоспалар қолданылады; 
2.
Аралас тамақты біртіндеп 3-4 күннің ішінде тәуліктік тамақ мөлшерін толық 
қамтамасыз ететіндей етіп енгізу қажет; 
3.
Аралас тамақтандырудың ең жақсы тәсілі, сәбидің әр тамақтануда ана сүтімен сүт 
қоспасымен бірдей тамақтануы. Сонымен қатар, мынадай тәсілді де қолдануға болады: 
үстеме тамақ өздігінен бір бөлек беріледі. Ана сүті аз мөлшерде болғанмен, оны 
мүмкіндігінше ұзаққа дейін сақтау керек; 
4.
Сәбиге үстеме тамақты тек қасықпен беру керек, өйткені сүтті емізік арқылы оңай 
емген бала емшек емуден тез бас тартады. Үстеме тамақты шыныдан бергенде, емізік 
ұшында 3-4 ұсақ тесіктері, мүмкіндігінше қатты болуы керек. 
5.
Үстеме тамақ емшек емгеннен кейін беріледі; 
6.
Сонымен қатар, сәби ең аз болғанда тәулігіне үш рет емшек ему керек екенін естен 
шығармау керек, өйткені, баланы сирек емізу сүттің азаюына әкеліп соқтырады. 
7.
Тамақтандыру тәртібі: аралас тамақтандыруда, тамақтандыру сағаттары мен аралық 
үзілістері, табиғи тамақтандырудағыдай болып қалады; 
8.
Аралас тамақтандыруда тиісті тамақ мөлшері көлемдік және калориялық 
тәсілдермен есептеп шығарылады; 
9.
Бейімделмеген сүт қоспаларын қолданғанда, барлық қосымша тамақ түрлерін табиғи 
тамақтандырудағыдан 2-4 апта ерте қосады. 
94 сурет. а) 
Емізіктің тесігі өте үлкен болмау керек; 
б) 
шынының дұрыс емес қалпы;
в)
 дұрыс қалпы.


167 
1.9.2. БІР ЖАСТАН АСҚАН БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ 
Бала бір жастан асқанда қарқынды дамуы жүре береді, жекелеген жүйелер мен 
мүшелер, орталық нерв жүйесі басшылық ететін организмнің барлық өмірді қамтамасыз 
ететін іс-әрекеттері өсіп жетіледі. 
Организмнің бейімделу (адаптациялық) және компенсаторлық механизмдері 2-3 
жастан кейін одан әрі дами бастайды. Баланың өсуіне, дамуына сыртқы орта әсер етеді. 
Организмнің сыртқы ортамен тығыз байланыстылғының педиатрияда маңызы үлкен. Бұл 
тұрғыда баланы тамақтандырудың маңызы үлкен болып келеді, үйткені тағамдық 
заттардың әсерінен организмнің ішкі ортасының қасиеті өзгеріп отырады. Солай бола 
тұрса да жастан асқан баланың ас қорыту жүйесінің қабылеті арыта түседі, тамақтың 
дәмін ажырату мүмкіндігі өсіп жетіледі. Жүйке-жүйесінің дамуына байланысты тамақтану 
кезіндегі қоршаған ортаға, дастарғанның ұйымдастыру жағдайына, тамақтың түрлеріне 
баланың өзіндік жауабы болады. Қарынның механикалық тітіркенуі асқазанның сөліністік 
әрекетіне әсер етеді. Осыған орай, берілетін тағам мөлшері асқазан сиымдылығына сай 
келуі керек 
.
 
 
55 КЕСТЕ 
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТӘУЛІКТІК ТАҒАМНЫҢ 
ТИІСТІ МӨЛШЕРІ 
Жасы 
Тәуліктік тағам 
мөлшері, мл 
Жасы 
Тәуліктік тағам 
мөлшері, мл 
1 – 1,5 
1000 – 1100 
5 – 7 
1600 – 1800 
1,5 – 3 
1200 – 1500 
7 – 11 
2000 – 2200 
3 – 5 
1400 – 1500 
11 – 14 
2300 – 2500 
Балалардың негізгі тағамдық заттарға жасына байланысты тиісті мұқтаждығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет