Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет85/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

100 x 696 = 991 мл 
700 
Негізгі көректік заттар мен энергияға мұқтаждық. ДДҰ мәліметі бойынша алғашқы аптада 
өсуді қамтамасыз ету үшін қажет белок деңгейі – 1,4 г/кг. Қосымша тағам енгізгенге дейін 
қауіпсіз деңгей – 1,85 г/кг. Қосымша тамақ енгізгеннен кейінгі аралас диетада 2 г/кг дене 
салмағына дейін көтеріледі. 
Аралас тамақтандыруда бейімделген сүт қоспасын қолданғанда белокқа мұқтаждық 
– 2-2,5 г/кг, ал бейімделмеген сүт қоспасын қолданғанда – 4 айға дейін – 3 г/кг, кейінгі 
айларда 1 жасқа дейін 2,5-3 г/кг болып есептеледі. 
Жасанды, бейімделген қоспамен тамақтандырғанда – 2-2,5 г/кг, ал бейімделмеген 
қоспамен тамақтандырғанда – 3-3,5 г/кг. 
Майға мұқтаждық тамақтандырудың барлық түрлерінде 3 айға дейін – 6,5 г/кг, 3-6 
айда – 6 г/кг, 6 айдан бастап – 5,5 г/кг. 
Көмірсуларға мұқтаждық тамақтандырудың барлық түрлерінде де 1 жасқа дейін 13 
г/кг. 
53 КЕСТЕ 
БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТЫҚ ЭНЕРГИЯҒА МҰҚТАЖДЫҒЫ
(ДДҰ— 1985 ж.) 
ЖАСЫ 
ДДҰ комитеті ұсынған - 1985 ж. 
ккал/кг 
кДж/кг 
0-2 ай 
116 
485 
3-5 ай 
99 
415 
6-8 ай 
95 
400 
9-12 ай 
101 
425 
Кейбір тағамдық заттардың жеткіліксіздігін толықтыру. Табиғи тамақтандыруда К, Д 
витаминдерінің темір, фтор элементтерінің тапшылығы байқалады. К витаминінің 
жеткіліксіздігі бала өмірінің алғашқы күндерінде ана сүтінде К витаминінің аз мөлшерде 
болуына байланысты немесе сүтті аз емуіне байланысты болады, сондықтан да күніне 1 
рет парэнтеральді К витаминін егу керек. 
Д витаминінің жеткіліксіздігі оның ана сүтінде аз мөлшерде екеніне байланысты. 
Тәулігіне 300-400 ХБ Д витамині тағайындалады. 
 
54 КЕСТЕ 
ТАҒАМДЫҚ ЗАТТАР МЕН ЭНЕРГИЯҒА БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ 
МҰҚТАЖДЫҒЫ (РФ, 1991 ж.) 
Тағамдық заттар мен энергия 
0-2 ай 
3-5 ай 
6-12 ай 




энергия, ккал/кг 
115 
115 
110 
белок, г/кг 
2,2 
2,6 
2,9 
белок (жануартекті), г/кг 
2,2 
2,5 
2,3 
май, г/кг 
6,5 
6,0 
5,5 
линолин қышқылы, г/кг 
0,7 
0,7 
0,7 
көмірсулар, г/кг 
13,0 
13,0 
13,0 
кальций, мг 
400 
500 
600 
фосфор, мг 
300 
400 
500 


164 
магний, мг 
55,0 
60,0 
70,0 
темір, мг 
4,0 
7,0 
10,0 
мырыш, мг 
3,0 
3,0 
4,0 
йод, мг 
40,0 
40,0 
50,0 
С витамині, мг 
30,0 
35,0 
40,0 
А витамині рет. экв., мкг 
400,0 
400,0 
400,0 
Е витамині экв., мкг 
3,0 
3,0 
4,0 
Д витамині, мкг 
10,0 
10,0 
10,0 
В, витамині, мкг 
0,3 
0,4 
0,5 
В
2
витамині, мкг 
0,4 
0,5 
0,6 
В
6
витамині, мкг 
0,4 
0,5 
0,6 
РР витамині, мкг 
5,0 
6,0 
7,0 
Фолацин, мкг 
40,0 
40,0 
60,0 
В
12
витамині, мкг 
0,3 
0,4 
0,5 
Темір жеткіліксіздігі. Темір жеткіліксіздігін толықтыру мақсатында кіндікті 
байлауды тамыр пульсациясы біткенше кешіктіру (60 сек). Бұл бала организмінде темір 
қорын толықтыруға қолайлы жағдай туғызады. 
Барлық екіқабат әйелдер күніне құрамында 120 мг темір және 80 мкг фоль қышқылы 
бар таблетка ішуі керек және де көп мөлшерде «С» витаминін қабылдауы қажет. 
Фтордың жеткіліксіздігі – фтордың сүт безі секретіне нашар ауысуына байланысты, 
көптеген мемлекеттердің педиатрлары тәулігіне фтордың микродозасын (0,25 мг) 
қолдануды ұсынып отыр. 
ЖАСАНДЫ ЖӘНЕ АРАЛАС ТАМАҚТАНДЫРУ 
Тәуліктік тағам мөлшерінің 1/3 бөлігі жасанды тағамдардан тұратын болса – аралас 
тамақтандыру болып есептелінеді. Берілетін тамақ – үстеме тамақ деп аталады. 
Аралас тамақтандыру табиғи тамақтанатын дені сау балалардың дене салмағының 
арытуы тоқтап қалғанда қолданылады. Бұны қадағалау үшін апта сайын тіптен одан да жиі 
салмағын объективті тексеру әдісі қолданылады. Оның басқа себептері табылмаған кезде 
ғана үстеме тамақ беріледі. Тексеру 1-2 аптадан кем жүргізілмеуі керек. Кейде анасы 
жұмыс істеп, мерзімінде емізуге немесе сауылған сүтті сақтай алмайтын жағдайда үстеме 
тамақ мөлшері ана сүтінің көлеміне сәйкес болып келеді. Кейде бір немесе барлық 
тамақтандырудан кейін үстеме тамақ беріледі. Кейде толық емшекпен тамақтандыруды 
сүт қоспаларын берумен алмастырып отырады. 
Шамамен ана сүтінің көлемі белгілі болғаннан соң, жетіспеген жерін сүт 
қоспаларымен толықтырады. Үстеме тамақ біртіндеп беріледі. Басында күніне бір 
(мүмкіндігінше кешке 18.00–19.00 сағатта) рет, кешке беріледі. Сәбиді 5-10 минут 
емізгеннен кейін, шай қасықпен үстеме тамақ беріледі. 
Аралас тамақтандыруда тамақтандыру жиілігі табиғи тамақтандырудағыдай болып 
қала береді. 
Жасанды тамақтандыру деп емшек сүті тіптен болмайтын немесе оның мөлшері 
тәуліктік тамақтың 1/5 бөлігінен аз болатын жағдайларды айтады. 
Дүние жүзінде алғашқы айдан бастап сәбиді жасанды тамақтандыру, ол үшін эколо-
гиялық зардап болып есептеледі деген пікір қалыптасқан. Себебі, ана сүтімен жасанды сүт 
қоспаларының айырмашылығы, әсіресе биологиялық қасиеттері бойынша, өте үлкен. 
Аралас немесе жасанды тамақтандыруға аударуға себеп болатын негізгі көрсеткіш 
гипо- немесе а- галактия. Өкінішке орай олардың саны соңғы кезде өсіп келе жатыр. 


165 
Дұрысы емшекпен тамақтандыруды бейімделген өнеркәсіптік жасанды сүт 
қоспаларымен ауыстыру. Себебі, олардың химиялық құрамы ана сүтіне жақын болып 
келеді де, емшек жасындағы балалардың ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктеріне 
сәйкес болып келеді. 
Бейімделмеген қоспалар қолданғанда ащы қоспалар берген жөн.
 
Себебі, олардың 
тұщы қоспаларға қарағанда артықшылығы бар: белок ұйыған күйінде болады, сүт қыш-
қылды бактериялар казеиннің ыдырап, амин қышқылдары мен пептин түзуіне ықпалын 
тигізеді. Сүт қышқылды бактериялар ортаның РН 5,0-7,0 болғанда жақсы әсер етеді. 
Ащы сүт қоспалары асқазаннан тұщы сүтке қарағанда, баяу және біркелкі ығысады. 
Ұйыған кезде түзілген сүт қышқылы асқазанның сөліністік қызметінің артуына ықпалын 
тигізеді. Бұл қоспалар оңайлау қорытылады. Бактериялық ферменттік ыдырауда қант 
мөлшері азайып, оның жеңілдеу қабылдануына, әсіресе лактоздық жетіспеушілікке ықпал 
етеді. Сонымен қатар, ащы сүт қоспалары ішек микрофлорасының қалыптасуына ықпал 
етеді. 
Қосымша тамақ, табиғи тамақтандырылатын балаларға қарағанда, ертерек беріледі. 
Себебі, олар жасында сүт қоспаларының құрамында көптеген жаңа тағамдық заттармен 
(белок, полисахаридтер, липидтер және тағы басқалар) ерте танысып, бейімделеді. Осыған 
орай жаңадан қосылған 1-2 тағамдық заттарға (жеміс шырыны, пюресі, ботқа және т.б.) 
тез үйреніп кетеді. 
Сонымен, жасанды тамақтанатын сәбилердің тамақтануы арнайы, жекеленген бақы-
лауды талап етеді. Осыған орай, қосымша тағам оларға төмендегі мерзімдерде беріледі. 
Бірінші қосымша тамақ (көк-өніс пюресі) 4,5-5 айдан, екінші қосымша тамақ (дәнді 
негізде) 5,5-6 айдан бастап беріледі. Дегенмен, сәбидің жеке ерекшеліктерін ескере оты-
рып, бірінші қосымша тамақ ретінде дәнді тағамдар беруге болады. Жеміс шырындары 
мен пюрелерін 3 және 3,5 айдан бастап берген жөн. Жекеленген жағдайларда оданда 
ертерек (1,5 айдан бастап) беруге болады. Жұмыртқа сарысын, етті 7 айдан бастап берген 
жөн. Айран және басқа ащы сүт тағамдары мен сиыр сүтін қажет болса, табиғи тамақтан-
дырудан, ертерек 7 айдан бастап беруге болады. Дегенмен, бұл балаларды тамақтандыру 
үшін арнайы сиыр сүті негізінде дайындалған өндірістік сүт тағамдарын таңдаған жөн. 
Жасанды тамақтандыру тәртібі: 
1.
Тамақтың тәуліктік мөлшері белгілі көлемдік және калориялық тәсілдермен, 
сәбидің жасына және дене салмағына сәйкес анықталады. 
2.
Тәуліктік тамақтандыру санын 1 ретке азайту керек (5-тен аз болмауы керек). 
3.
Қоспалар емізікпен беріледі. 
4.
Жаңа туылған және алғашқы 2-3 айда міндетті түрде бейімделген қоспалар 
беру керек. 
5.
Физиологиялық мұқтаждылығы 1 кг дене салмағына бейімделген қоспаны 
пайдаланғанда белок 2-2,5 г, бейімделмеген қоспада белок – 3-3,5 г. Май мен 
көмірсуларға мұқтаждығы табиғи тамақтанғандағыдай. 
6.
Бейімделген қоспалармен тамақтанатын балалардың энергияға мұқтаждығы табиғи 
тамақтанатын балалармен бірдей болады. Бейімделмеген қоспалар пайдаланғанда 
энергияға мұқтаждығы 10% артылады. 
7.
Қоспаларды сәбиге емізік арқылы 35–40
о
дейін жылытып беру керек. Емізіктің тесігі 
өте үлкен болмауы (шыныны төмен қаратып ұстағанда қоспа тамшылап ағуы қажет) 
керек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет