Байланысты: Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)
Тиімді табиғи тамақтандырудың негізгі ережелері. ДДҰ/ ЮНИСЕФ ұсыныстары.
Баланың өмірінің алғашқы күндері тек қана емшекпен тамақтандыру. + Нәрестелерге үстеме тамақ беру тек қана көрсетпелер болғанда жүргізіледі.
+ Тамақтандыру кезінде дұрыс емізу және қалпының дұрыс болуы.
+ Баланың талабы бойынша тамақтандыру.
+ Тамақтандыру ұзақтығын бала өзі реттейді: баланы өзі ұшын босатқанша емшектен алмау.
+ Түнде тамақтандыру және анасы мен баласының бір төсекте ұйықтауы.
+ 6 айға дейін сусындар мен үстеме тамақ бермеу.
+ Емізіктер мен шыныдан тамақтандырудан толық бас тарту. Қажет болған жағдайда
үстеме тамақты пияламен, қасықпен, тамызғыштан беру.
+ 1-2 жасқа дейін емшекпен тамақтандыруды сақтап қалу.