153
ұйымдастырып, дене шынықтыру, мешелден және балалар инфекциялық ауруларынан
сақтандыру шаралары бойынша кеңес беріп, іске асуын қадағалайды. Мейірбике дені сау
баланы үйінде бір жасқа толғанша бір айда бір рет қарайды.
Бұл жастағы сәбилердің
дамуына медициналық байқау, олардың жеке ерекшеліктеріне және бірінші жылдың
жауапты кезеңдерін ескере отырып, жүргізеді. Алғашқы 3 айда бұлар: перзентханадан
шығару, сәбидің жаңа ортаға бейімделуі, ашық ауаға шығару. 2-3 аптадан бастап мешелге
қарсы арнайы алдын алу шаралары жүргізіледі.
Емханаға қабылдауға келгенде, немесе үйіне келгенде, дәрігер мен мейірбике
гипогалактияға қарсы күреске, тиімді тамақтандыруға, тері ауруларын ерте анықтап, одан
сақтандыруға, септикалық жағдайға, гипотрофияға, анемияға көңіл аудурады.
1
айдан 6 айға дейінгі жауапты кезеңдері: тамақты дұрыс бермеу (4, 5 айға дейін),
қосымша тамақ беру (6 айдан соң), алдын-ала егулер. Сәбиді жасына сәйкес
тамақтандыруы және жасына сәйкес ерекшеліктерін қамтамасыз етуді қажет етеді.
2
айдан 9 айға дейін сәбилер жаңа әдет үйренеді, айналасындағылармен қатынасы
кеңейеді. Осы кезде ауа-тамшы жолымен берілетін респираторлы инфекциямен және
қатынас жолымен ауыр ішек инфекцияларымен, жарақаттармен жиі ауырады. Сондықтан,
олардан сақтандыруға ерекше көңіл аудару керек.
2-3 жастағы баланы бақылау. 2-ші жылға қарағанда, сәбилермен алдын-ала
сақтандыру жұмысын жүргізудің маңызы ерекше зор. Көрнекті орында дене шынықтыру
алады. Дәрігер педиатр
анасына шынықтыру әдістерін, жаттығулар жиынтығын, күн
тәртібін, жасына сәйкес тиімді тамақтандыру ережелерін дұрыстап түсіндіріп тұрады.
Мейірбике дәрігер тағайындауларының орындалуын қадағалап, анасына үйге келгенде
немесе емханаға қатынасқанда, оның әдістерін үйретіп отырады. Бұл жерде дені сау
балалар бөлмесінің алар орны ерекше.
Дені сау балалар бөлмесі. Балалар емханасы құрамына дені сау балалар бөлмесі
немесе ерте жастағы балалармен алдын ала сақтаныдыру жұмысын жүргізетін бөлме
кіреді. Бұл бөлме баланың дамуы, оларды тәрбиелеу және денсаулығын қорғау жөніндегі
әдістемелік орталық.
Бөлменің негізгі міндеттері:
от басында салауатты тұрмысты насихаттау;
ата-анаға дені сау бала тәрбиелеу ережелерін үйрету (күн тәртібі,
тамақтандыру, массаж, гимастика, шынықтыру және т.б.);
баланың гигиеналық тәрбиесі және аурулардың, бала дамуында аутқулардың
пайда болуының алдын алу туралы ата-аналарымен санитарлық-ағарту
жұмыстарын жүргізу.
Сау бала бөлмесінде (СББ) орта буын медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру
курстарында балаларды алдын ала сақтандыру және халықпен санитарлық-ағарту жұмысы
бойынша дайындықтан өткен мейірбике немесе фельдшер жұмыс жасайды. СББ-нің
мейірбикесінің лауазымдық міндеттері:
1.
Ерте жастағы балалардың тәрбиесі және тиімді
дене мен психикалық дамуына
қолайлы жағдай жасау үшін ата-аналарға әдістемелік көмек;
2.
Педиатриялық бөлімшелердегі балаларды бекітілген жастарына сәйкес уақытта
қабылдау:1-ші жылы – 1, 3, 6, 12 айларда; 2-ші жылы – тоқсан сайын; 3-ші жылы –
жарты жылда бір рет. Бұл қабылдауларда ата-аналарға баланың күн тәртібін, тиімді
тамақтануды, сылау, гимнастика әдістерін үйретеді;
3.
Екі-үш жасар балалардың психикалық даму деңгейін анықтап, нәтижесін бағалайды;
4.
Дәрігер тағайындауымен балаларды бақылау, тамақтануына көмектесу, Д витаминін
беру және т.б.;
5.
Бекітілген уақытта СББ-ге келмеген балалар туралы дәрігерлерге мәліметтер
дайындау;
6.
От басында бала тәрбиесі және даму бойынша мейірбикелердің мамандығын жетілдіру
шараларына қатысу;
154
7.
Дәрігердің шешіміне сәйкес, педагог мамандарыдың кеңесі қажет балаларға,
педагогтың қабылдауын жоспарлау;
8.
Қажет жұмыс құжаттарын жүргізіп, тиісті формаларға сәйкес жылдық жоспар жасау;
9.
Дені сау бала тәрбиесі және дамуы жөнінде көрнекі құралдар дайындау;
10.
СББ негізінде жас ата-ана мектебін ашып, жұмысын ұйымдастыру.
2-ші жылы сәбилерді бөлімшелік педиатр әрбір тоқсанда бір рет (антропометриялық
өлшеумен), дене және невртік-психикалық даму деңгейін бағалап,
баланың денсаулығы
туралы қортынды жасайды. Бұл қортынды ата-анасына жеткізіліп, тәрбие
жетіспеушіліктерін көрсетіп, сауықтыру және тәрбиелеу бойынша кеңес береді.
3-ші жылға қарағанда, педиатр алдын-алу мақсатымен жарты жылда 1 рет қарайды.
Бұл кезде күн тәртібіне, шынықтыру шараларына, тиімді тамақтандыруға, қимыл-
қозғалысын дамытуға, нервтік-психикалық және дамуына ерекше көңіл аудару керек.
Жылына екі рет сәбилердің антропометриялық өлшеулерін жүргізеді.
3-ші жылдың аяғында, бала дамуының ең бір маңызды кезеңі аяқталар кезде (ерте
жас кезеңі) дәрігер 3 жылдық алдын-ала сауықтыру жұмысының қортындысын жасап,
оның денсаулығын, нервтік-психикалық даму деңгейін бағалайды. Баланың денсаулығына
барлық бар мәліметтер негізінде қортынды жасап, сауықтыру жоспарын жасалып, қажет
болса, емдеу жоспары жасалады.
Тамақтандыру, дене күтімі. Баланы тиімді тамақтандыру үшін
негізгі қағидаларды
орындау керек.
Дене тәрбиесі және шынықтыру. Дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, бала
организмінің арнайы емес реактивтілігін артыруда маңызды орын алады. 1 жасқа дейінгі
балалардың дене тәрбиесі жеке сылау мен гимнастикадан тұрады. Сылау мен гимнастика-
ны дәрігер оның жасын, денсаулығын, нервтік-психикалық дамуын ескере отырып,
тағайындайды. Сонымен қатар, дәрігер әр балаға шынықтыру шараларын тағайындайды.
Мейірбике оларды жүргізу әдісін анасына үйретеді, ылғалды сүртіну сияқты шынықтыру
шараларында үйретеді, үйіне келгенде, олардың дұрыс орындалуын тесеріп, бәрін даму
тарихына жазылады. Әлсіреген, ауа-тамшы инфекцияларымен жиі ауыратын балалар
ерекше байқауда болуы керек.
Балаларды маман дәрігерлердің кешенді қарауын ұйымдастыру. Емханада алдын-ала
қарауға жататын балаларды 3 топқа бөледі:
1.
Мектеп жасына дейінгі балалар, мекемелеріне бармайтын 7 жасқа дейінгі балалар.
2.
Мектеп жасына дейінгі, балалар мекемесіне бармайтын балалар.
3.
Мектеп жасындағы балалар.
Бірінші топтағы балалар үшін емханада алдын алу (профилактикалық) күнін бөліп,
сол күні мамандар тек сау балаларды қабылдайды. Бұл күндері маман-дәрігерлер 2
сменада жұмыс істейді. Мамандардың қабылдауына талонды күні бұрын бөлімшелік
дәрігерге немесе мейірбикеге таратып беріп қояды.
Балалар мекемелеріне баратын балалар (бұған мектепке және мектепке дейнгі
мекемелерге баратын балалар да кіреді) маман-дәрігерлермен сол жерде қаралады. Егер
балалар мекемесінде балалар аз болса, онда оларды, күні бұрын жасалған кесте бойынша,
(арнайы бөлінген уақытта) емханада қарауға болады. Әртүрлі ауытқулар анықталған
балалардың
ата-анасы шақырылып, оларға баласын сауықтыру бойынша кеңес беріліп,
қажет болса емдеуге жіберіледі. Кешенді қарауды ұйымдастыру жұмысы, балалар
емханасы жүргізетін балаларды диспансеризациялаудың бір бөлігі ғана, бірінші кезеңі.
Екінші жауапты кезең болып, ауытқулар анықталған балаларды емдеу және сауықтыру
шараларын ұйымдастыру, яғни диспансерлік бақылауға алу, болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: