Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет80/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Табиғи тамактандыру 
Табиғи тамақтандыру деген ұғым тек қана емшек емізу деген түсініктен кеңірек 
болып келеді, үйткені оның құрамына қосымша тамақ беру реті туралы түсінікте кіреді. 
1991 жылы ДДҰ отырысында төмендегі терминдер бойынша келісімге келген 
болатынды: 
«Тек қана емшекпен тамақтандыру» – емшек сүтімен емшекті емізіп тамақтан-
дырумен қатар анасының және сүт ананың сауылған сүтін алғашқы 4-6 ай бойына беру. 
«Көбіне емшекпен тамақтандыру» – жоғарыдағы сияқты, оған қоса аздап су немесе 
басқа сусындар береді. 
«Толық емшекпен тамақтандыру» – тек қана және көбіне емшекпен тамақтандыру 
ұғымдарын қамтиды. 
«Толық 
емес 
(қосымшаланған) 
емшекпен 
тамақтандыру» 
– 
емшекпен 
тамақтандырумен қатар, жасанды сүт қоспаларын немесе 4-6 айдан бастап 30 г артық қою 
қосымша тағамдар беру. 


158 
«Шыныдан тамақтандыру» – жасанды тамақтандырудың баламасы болып 
есептелінеді, тамақтандыру тәсіліне байланысты шыныдан кез келген тағамдық 
қоспалармен (оның ішіне сауылған емшек сүті де кіреді) тамақтандыру. 
Қазақстандағы табиғи тамақтандыруды қолдау бойынша барлық бағдарламалардың 
негізінде «Ваbу fгіеndli һоsріtаl» деп аталатын ДДҰ және ЮНИСЕФ бағдарламалары 
жатады. Осы бағдарламалардың және халық-аралық табиғи тамақтандыруды қайта 
дамыту қозғалысының негізгі құжаты болып, осы қозғалыстың «тиімді табиғи 
тамақтандырудың он қағидасы» деп аталатын бағдарламасы есептелінеді. 
ТИІМДІ ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ ОН ҚАҒИДАСЫ 
(ДДҰ / ЮНИСЕФ-тің біріккен мәлімдемесі (1989 ж.)) 
Жаңа туылған нәрестелерге күтуді ұйымдастыратын кез келген перзентхана мен 
ауруханалар міндетті: 
1.
Табиғи тамақтандырудың белгіленген тәртіптерін қатал ұстап, медициналық 
қызметкерлер мен босанатын және босанған әйелдерді осы тәртіптер туралы жүйелі 
түрде хабардар етіп отыру. 
2.
Медициналық қызметкерлерді табиғи тамақтандыруды практикалық жүйеде 
қамтамасыз ету үшін қажетті дағдыларға оқытып-үйрету. 
3.
Барлық екі қабат әйелдерді табиғи тамақтандыруды артықшылығы мен тәсілі 
бойынша хабардар ету. 
4.
Босанғаннан кейінгі алғашқы жарты сағатта аналарға нәрестені емізе бастауға 
көмектесу. 
5.
Аналарға, тіптен уақытша сәбилерінен бөлек болса да, қалай емізу және лактацияны 
қалай сақтау керек екендігін көрсету. 
6.
Медициналық қажеттілік болған жағдайдан басқа уақытта нәрестеге ешқандай тамақ 
пен сусын бермеу. 
7.
Ана мен жаңа туылған баланың тәулік бойына бір бөлмеде болуын қамтамасыз ету. 
8.
Нәрестені кестемен емес талабы бойынша тамақтандыруды мадақтау. 
9.
Жаңа туған емшек еметін нәрестеге ешқандай тыныштандыратын дәрі-дәрмек және 
емшекті имитациялайтын құралдар (еміздік және т.б.) бермеу. 
10.
Табиғи тамақтандыруды қолдайтын топ құруды мадақтау және сол топтарға 
перзентханадан немесе ауруханадан шыққан аналарды жол 
ЕМШЕКПЕН ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ 
+ Емшек сүті, нәресте үшін табиғат дайындаған, балаларға арналған ең жақсы және 
пайдалы тағам болып келеді. 
+ Емшек сүтінде балаға аса пайдалы , жеңіл қорытылатын және сіңірілетін белоктар, 
майлар, көмірсулар бар;
+ Сонымен қатар емшек сүті құрамында, баланың дұрыс психофизикалық дамуын 
қамтамасыз ететін, сана сезімінің даму көрсеткіштерін артыратын ферменттер, гормондар, 
ауыстырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болады;
+ Ана сүті туа біткен және пайда болатын иммунтитетті қалыптастыруға өмірінің 
алғашқы күндерінен қажетті витаминдерге, микроэлементтерге, минералдарға бай;
+ Теміртапшылық анемияның алдын алуға қажетті жеңіл сорылатын темір мөлшері 
жеткілікті;
+ Антиденелер және басқа баланы инфекциядан қорғауға қажетті және аллергиялық 
реакциялар даму қаупін төмендететін заттар жеткілікті;


159 
+ Су жеткілікті мөлшерде. Тіптен күннің ыстық кезінде де қосымша сусын берудің қажеті 
жоқ. 
+ Ана сүті тез және жеңіл сіңіріледі; 
+ Емшек сүті таза, құрамында бактериялар болмайды, сондықтан балалар ауруларның 
себебі болуы мүмкін емес.
+ Температурасы оңтайлы болады.
+ Анасының емшегін ему тісжақ жүйесінің , сөйлеу қабылетінің дұрыс қалыптасуына 
ықпал етеді. 
+ Табиғи тамақтану, анасы мен сәбидің арасында тамақтану кезінде тығыз эмоциялық 
қатынас қалыптасатын болғандықтан, баланың психикалық дамуына жағымды ықпал 
етеді; 
+ Емшекпен тамақтандыру қарапайым және арзан (экономды). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет