Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет88/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

 
57 КЕСТЕ 
ТАМАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ ТАМАҚТАНУ ЖИІЛІГІНЕ 
БАЙЛАНЫСТЫ КҮН БОЙЫНА БӨЛІНУІ 
Қазіргі кезде балалардың минеральды заттарға мұқтаждығы толық анықталған 
(натрий, калий, кальций, фосфор, магний және басқалар)

ТАМАҚ ІШЕТІН КЕЗДЕРІ 5 РЕТ ТАМАҚТАНҒАНДА 4 РЕТ ТАМАҚТАНҒАНДА 
Бірінші ертеңгі ас 
20% 
25% 
Екінші ертеңгі ас 
10-15% 

Түскі ас 
30-35% 
35-40% 
Бесін ас 
10-15% 
10-15% 
Кешкі ас 
20% 
25% 


169 
 
58 КЕСТЕ 
1 ЖАСТАН АСҚАН БАЛАЛАРДЫҢ МИНЕРАЛЬДЫ ТҰЗДАРҒА ТӘУЛІКТІК 
МҰҚТАЖДЫҒЫ (мг) 
МИНЕРАЛЬДЫ 
ЗАТТАР 
БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛМЕН ЕСЕПТЕЛГЕН ЖАСЫ 
1-3 
4-6 
7-11 
12-15 
Ересектер 
Натрий 
1500 
2200 
2500 
3000 
3800 
Калий 
1500 
2600 
3000 
3500 
2500 
Кальций 
1000 
1000 
1200 
1500 
1400 
Фосфор 
1500 
1500 
2000 
2500 
200 
Магний 
140 
220 
360 
400 
500 
Темір 


10 
15 
15 
Мыс 
1,5-2 
2,0 
2,5 
3,0-3,5 
2-5 
Ас мәзірін құрастырғанда, әр тамақтың құрамында қоректі заттардың әртүрлі 
болуына байланысты, оларды тәуліктік рационға дұрыс іріктеп алу керек. 
Кейбір тамақтар (нан, май, сүт, ет, көкөніс, қант) күнделікті ас мәзіріне міндетті 
түрде енгізіледі, ал, кейбіреулері (қаймақ, сүзбе, балық) — немесе кешкі асқа көкөніс 
дайындайды (суға пісірілген картофель, пюре, бұқтырылған т. б.), ертеңгілік асқа ботқа, 
суға пісірілген картофель, қосымша сыр, колбаса, майшабақ т. б. берген дұрыс. 
Түскі асқа ет немесе балық дайындаған жөн. Кешкі асқа көк-өніс, жарма, сүт, сүзбе, 
жұмыртқа, ірімшік дайындау ықтимал. 
Тағамдардың дәмін жақсарту үшін жуа, сарымсақ, құрғақ саңырауқұлақтар, аскөк, 
ақжелкен қосуға болады. Бұрышты, қышаны аз мөлшерде ғана пайдаланған жөн. 
Тағамның жаңа түрін бергенде немесе бала ұнатпайтын тамағын жегісі келмуі 
мүмкін. Бұндай жағдайда жақсы, дәмді тағайындалған тамақтарды аз мөлшерде қайтадан 
бастап беру керек, сонда бала бірте-бірте үйреніп, түгел тауысып жейді. 
1,5 жасқа дейінгі балаға тамақ пюре түрінде беріледі, көкөніс пен жеміс-жидектер 
пюре шырын түрінде, нан кептірілген түрінде беріледі. 1,5 жастан соң тамақты баланың 
шайнап жұтуына байланысты дайындайды. 
Тамақтың құрамында белок, көмірсулар және минеральды тұздардың болуы 
жеткіліксіз, оның құрамында, сонымен қатар витаминдер де болуы керек.
 
Баланың өсіп 
жетілуі кезінде витаминдерді көп қажет етеді, ол баланың жасына, тамақтану түріне 
климаттық жағдайына және баланың қызметіне (спортпен айналысуы, еңбекке араласуы т. 
б.) байланысты болады. 
БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРҒАНДА ТӨМЕНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРДІ 
САҚТАУ КЕРЕК 
1.
Әртүрлі тағамдарды аз-аздан бастап, біртіндеп көбейту керек. Егер баланы шайнап 
жеуге үйреткіңіз келсе, алғашқыда кішкене түйіршіктерден бастап, содан кейін 
үлкендеуін беру қажет. 
2.
Баланы басқа адам тамақтандыратын болса, жаңадан бастап беретін тағамның түрін 
анасының бастап бергені жөн. 
3.
Күніне бір-ақ жаңа тағам қосуға болады. 
4.
Баланы күнде бір түрлі ыдыспен тамақтандырған дұрыс. 
5.
Жаңа тағамдар баланың дені сау кезінде ғана бастап берілуі керек. 
6.
Жаңа тағамдарды баланың аш кезінде бастап берген жөн. 
Қазіргі кезде мектеп жасына, әсіресе 3 жасқа дейінгі балалар бөбектер бақшасына 
бармай, үйде тәрбиеленеді. Осыған орай, үйде тамақтанатын балалардың да ережені 


170 
сақтап, дұрыс тамақтануына медицина қызметкерлері ықпал етіп отыруы керек. 1-1,5 
жастағы балаларға негізінен бір жастағы берілетін тағамдар беріледі. 
Пісіру тәсілі де көп өзгермейді. Қосымша қара нан, сүт қосқан кофе, суптар құрамы 
кеңейтіледі, шикі көкөністен салат, винегреттер және т. б. тағамдар беруге болады. 
1,5-3 жастағы балалар күніне 4 рет тамақтанады. Жалпы мөлшері 1300-1400 мл. Ас 
құрамы ұлғайтылады. Әртүрлі борщ, рассольник, сарымсақтар және дәмін келтіретін 
қоспалар қолданылады. Сүт мөлшері 600-650 мл болу керек. Тәулікке 63-65 белок, 53-55 
май, 190-200г көмірсулар қабылдайды. Барлығы 1000 ккал қаралуы керек.
3-7 жастағы балалар 1800 мл тамақ ішеді. Ас мәзіріне ащы тағамдар қосуға болады. 
Қуырылған картоп, гуляш, бефстроганов беруге болады. Тәулігіне 3-5 жасар балалар 63-
65г, 7 жаста 80 граммға дейін белок, осындай мөлшерде май, 230-230 граммға дейін 
көмірсулар қабылдау керек. 
7-15 жасар балалар мектепте оқиды. Тамақтың тәуіліктік мөлшері 2 литрге дейін 
барады. Тамақтың күн бойына мектепте қай мезгілде оқитынына байланысты. Мектепке 
ертеңгісін баратын балалар бірінші ертеңгі асты (7 сағ. 30 мин.) үйде ішеді, ол тәуліктік 
калориясының 15% деңгейінде, екінші ертеңгі асты (11 сағ. 30 мин – 12 сағ.) тәуліктік 
калорияның 20% деңгейінде мектепте ішеді. Түскі асты бұл балалар үйінде, ал, егер 
ұзартылған күнде оқитын болса мектеп асханасында ішеді. Түскі астың калориясы 35-40% 
болу керек. Кешкі асты үйде (20 сағ.) ішеді, оның калориясы 20% құрайды. Бала түс қайта 
(екінші кезекте) оқитын болса, түскі асты үйде (12 сағ.) ішеді, ал мектепте бесін ас (15-
20% калория) ішеді. Тамақтар құрамының ересек адамдардан көп айырмашылығы 
болмайды. Дегенмен, балаларға шектен тыс семіз еттер, өте өткір дәмдендіретін қоспалар, 
өте ащы тамақтар бермеген жөн. Сүт тағамдары тәулігіне 500 мл болуы керек. Тәулікке 
80-100 г белок (оның 48-64 % жануартектес), 80 - 100 г май, 320 - 450 г көмірсулар 
қабылдауы керек. Тәуліктік калория мөлшері 2800 - 3000 ккал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет