171
мырыш, магний, фтор, селена, фоль қышқылы, С,А, D, В тобы дәрумендері. Аналарында
йод жетіспегендіктен байқалатын нәрестелердегі өткінші гипотиреоз физикалық және
интелектуальдық дамудың кідіруіне әкелуі мүмкін. Фоль қышқылының жетіспеуі
ұрықтың нервтік түтігінің, ал селенаның жетіспеуі жүрек және басқа мүшелердің
қалыптасуын бұзады. Ерте жастағы балалардағы темір жетіспейтін анемия көбіне жүкті
әйелдердегі темірдің жетіспеу саладрынан болады. Тағаммен белоктің жеткіліксіз берілуі,
минералдың
алмасуының
теңестірілмеуі
эмальдың
гипоплазиясының,
табиғи
жылтыраудың болмауына, ерекше түстің пайда болуына, эмалда әртүрлі
мөлшерлі және
формалы ойықтар болуына ықпал етеді. В
6
дәруменін, фтор қабылдау анасының
тістерінің бұзылуының алдын алып, балада тісінің дұрыс қалыптасу болжамын
жақсартады. Кальций препараттарын немесе құрамында ол көп тамақтар қосу балада
остеогенездің бұзылу каупін төмендетеді.
Ауыз қуысының рН көрсеткіші төмен және сахароза мөлшері
жоғары болса қалыпты
микрофлорада (лактобациллдер, актиномицетер, Str. Salivarium, Str. mutans) тісжегілік
(кариесогенді) қасиет пайда болуы мүмкін.
Организмді кальциймен қамтамасыз етуде ішектің алатын орны ерекше. Сорылу проессі
бұзылған жағдайда сүейкте қоры жиналу, сүйектің минерализациялануы бұзылады.
Кальцийдің сорылуы Са/Р қарым-қатынасына және Д –дәрумененіне
байланысты болып
келеді.
Кальций гомеостазына сонымен қатар магний және бейарнамалық фосфат әсер етеді.
Магний жетіспегенде кальцийдің шектен сорылуы төмендейді.
Организмге көмірсулардың шектен тыс түсуі тісжегісінің пайда болуына ықпал етеді.
Организмнің , оның ішінде тістер мен сүйектердің дамуында фтордың маңызы үлкен.
Фтордың қатысуы дентин мен тіс эмальдарының белоктік және минералдық құрамының
мықтылығын анықтайды. Оған мұқтаждық тәулігіне жасына байланысты 0,5-1 мг
құрайды. Фторидтердің организмге түсуіні жетіспеуісүйектің минральдық тығыздығының
төмендеуіне, ал жетіспеуі ұзаққа созылғанда- остепорозға әкеледі. Фторидтер тістің
қышқылға резистенттілігін артырады. Сүйектер мен тістердің бұзғыш фактор лардың
әсеріне беріктігін артырады. Тіс эмалының түсінің өзгеруі, тіс жегісінің пайда болуы
мүмкін. Фторидтердің организмге түсуі көзі болып ішетін су, сүт (анасының сүтіде), теңіз
балығы, теңіз өнімдері, көк шай есептеледі. Тағамдық өнімдер құрамындағы фтор , суда
еріген
фторидтермен салыстырғанда , нашар сіңіріледі. Ауыз қуысында жиналған
сұйықтықта кальций фториді түрінде жиналып, кариесостатикалық әсер етеді. Тіс
пастасының құрамында аз мөлшерде тұрақты түсіп тұруы эмаль резистенттілігін
қолдайды. Фторидтердің ішетін судағы тиімді концентрациясы кариеске қарсы әсер ететін
тиімді концентрациясы 0,7-1,0 мг/л деңгейінде де деп есептеледі. Фторидтерді күнделікті
қабылдау 0,05-0,07 мг/ кг дене салмағына болады деп есептеледі. Дегенмен фтордың
организмге ұзақ уақыт көп мөлшерде қабылдануы басында тек тістердің , ал
одан әрі
барлық дене қаңқасының флюорозына әкеледі.
Флюороз- фтордың мөлшері жоғары аймақтарда өлітуылудың және баланың өлімі
көрсеткішінің жоғары болуының себебі болуы мүмкін эндемиялық ауру. Фтор әртүрлі
заттек алмасудың бұзылуын, жұмсақ тіндердің , тарамыстардың кальцификациясына
ықпал етуі, тістердің бұзу әсерін тигізуі мүмкін. Тіс флюорозасы
эмалдың бетінде дақтың
(ақ түстен қоңыр түске дейін) пайда болуымен білінеді. Дентиннің құрылымында да
бұзылыстар байқалады.