Байланысты: Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)
Шала туылған нәрестелердің физиологиялық ерекшеліктері ШТН жүйке жүйесінің әлсіздігі және физиологиялық реакциялардың тез өшуі (өте
шала туған нәрестелерде ему және жұту рефлекстердің де жойылуы), тітіркендіргішке
баяу жауап қайтаруы, жылу реттелуінің тұрақсыздығы және бұлшықет гипотониясы тән.
Ми морфологиясы жүлгелердің тегістелуімен, ақ және сұр заттарының жетілуінің
нашар болуымен, жүйке талшықтарының және өткізгіш жолдардың миелинизациясының
толық жүрмеуімен сипатталады.
ШТН әртүрлі тітіркендіргіштерге жауабы тежелудің жайылмалы болуымен,
қозудың иррадиациялануымен өтеді.
Ми қыртысының толық жетілмеуі қыртыс асты әрекеттердің басым болуына алып
келеді: қозғалыстары бейтараптанған, дірілдеулер, қол треморы және аяқ басы клонусы
анықталуы мүмкін.
Жылу реттеу орталықтарының толық жетілмеуіне байланысты олар тез тоңады,
инфекциялық процесс кезінде адекватты дене қызуы жоғарыламайды, керісінше олар
инкубаторларда тез қызып кетеді. Солай болуы тері бездерінің толық дамымауының
салдарынан.
Тыныс алу жүйесіне де жүйке жүйесіндегі сияқты толық жетілмеу тән. Жоғарғы
тыныс жолдары жіңішке, көкет салыстырмалы жоғары тұрады, қабырғалар төс сүйегіне
перпендикулярлы орналасады және кеуде қуысы майысқақ. Тынысы беткей, әлсіз, жиілігі
минутына 40 - 60 рет, көлемі аз. Тыныс ритмі тұрақты емес, кезеңдік апноэмен алмасып
отырады.
Жүрек-қантамыр жүйесі басқа функционалды жүйелерге қарағанда салыстырмалы
жетілген болып келеді, себебі ол онтогенездің бастапқы кезеңінде қалыптасады. Соған
қарамастан пульстің толуы аз, лабилді болып келеді. Жүрек соғу жиілігі минутына 120 -
160 рет. Өте терең жетілмегендерге эмбриокардия тән.
Аускультативті жүрек тондары салыстырмалы тұйықталған. Эмбрионалды
коммуникацияның болуына байланысты неонаталдық кезіңде шу естілуі мүмкін.
Артериялық қысымы төмен болады: систолалық қысымы 50 - 80, диастолалық қысымы 20
- 30 мм с. б. Жүректің оң жақ бөлігіне көп күш түсуіне байланысты ЭКГ-да оңграмма
белгілері көрінуі мүмкін, «Р» тісшесінің биік болуы және вольтажының салыстырмалы
төмен болуы байқалады.
АІЖ-ң барлық бөлімінің толық жетілмеуі анықталады, асқазанның көлемі аз және
вертикалды орналасады. Асқазанның кардиалды бөлігінің бұлшықеттері салыстырмалы
әлсіз дамығандықтан, олар құсуға бейім келеді. АІЖ-ң сілемей қабаты нәзік, жұқа және
зақымдануға бейім болады, қантамырларға бай келеді. Асқазан сөлінің протеолитикалық
белсенділігі төмен, панкреатикалық және ішек ферменттері, өт қышқалдары жеткіліксіз
өндіріледі. Осының барлығы тағамның толық қорытылуына және сіңуіне кедергі болып,
метеоризм мен дисбактериоздың дамуына алып келеді.
Эндокриндік жүйе қызметінің ерекшелігі олардың жетілу дәрежесіне және
анасындағы эндокринді бұзылыстардың болуына байланысты. Бүйрекүсті бездерінің
жетілмеуі нәрестелердің әлсіз болуына ықпал етеді. Қалқанша безінің резервті
мүмкіншіліктері салыстырмалы төмен, сондықтан оларда транзиторлы гипотиреоз болуы
176
мүмкін. Жыныс бездерінің белсенділігі төмен болуына байланысты, оларда жыныстық
криз өте сирек кездеседі. Метаболикалық бейімделу процесстері баяу. Өмірінің 4–5
күндері оларда метаболикалық ацидоз, көбінесе гипогликемия, гипоксемия және
гипербилирубинемия кездеседі.