151
-
көп ұрықты жүктіліктен туылған балалар;
-
шала және күні асып туылған балалар, 4кг-нан артық салмақпен туылған, жетілмей
туылған және құрсақ ішінде инфекцияланған балалар;
-
асфикция, туылған кездегі жарақаттану, гемолитикалық ауру, ерте неонтальды
кезеңдегі жедел ауыр аурулар, I дәрежелі рахит (алғашқы кезеңі),
рахиттың айқын
қалдық белгілері;
-
I дәрежелі гипотрофия, І-ІІ дәрежелі кем немесе артық салмақ;
-
тағамдарға, дәрі-дәрмектерге, және т. б. заттарға аллергиялык бейімділік,
экссудативті диатездің терідегі көріністері;
-
гипотрофия белгілері жоқ пилероспазм;
-
оперативтік емді қажет етпейтін кейбір туа болған ақаулар;
-
кіндік түбінің кеңеюі, іштің тіке етінің айырылуы, 1-2 жасқа дейін аталық ұрық
безінің ұмаға түспеуі;
-
туылған кездегі еңбектің үлкен болуы;
-
тұлғаның мүкістігі;
-
табанның жалпаюы;
-
жүрек-қан тамырлар жүйесінің функциялық өзгеруі (функциялық шулар, қан
қысымының
төмендеуі немесе көтерілуі, жүрек тондарының ырғағының, пульстің
өзгеруі);
-
I - II дәрежелі аденоидиттер және бадамша безінің II дәрежелі гипертрофиясы,
мұрының қисаюы, немесе мұрын арқылы дем алмау, бронхитпен, пневмониямен
қайталап ауру;
-
субкомпенсацияланған кариес (6-8 кариесті тіс), жедел коррекцияны қажет етпейтін
иек аномалиялары;
-
жекеленген неврологиялық реакциясы патологиялық белгілері бар балалар, жүйке-іс
әрекетінің қалыс қалуы,
ас қорыту жолының дисфункциясы, әлсіз дәрежелі миопия;
-
орта дәрежелі алыстан көргіштік, амблиопиясыз аккомодациялы қитарлық,
бинакулярлы көруі бұзылмаған екі көзінің көруі. 1,0-ден кем емес шынымен
коррекцияланатындай болып төмендеуі;
-
туберкулез сынамасының виражы;
-
хал-жағдайы мен көңіл-күйі бұзылатын жұкпалы және жұқпалы емес жедел
аурулардан кейінгі сауығу кезеңі, соның ішінде жедел пневмония,
токсикалық
гепатит, жедел нейроинфекциялар және т. б.
3.
III топ. а) Созылмалы аурулары, дамуының туа болған ақауларының белгілері бар
субкомпенсациялық жағдайлар, яғни, жалпы жағдайы мен көңіл-күйі, мінезі онша
өзгермейтін негізгі ауруы сирек, болар-болмас қайталанатын резистенттілігі жақсы
балалар; б) Резинтенттілігі өте төмен балалар.
4.
IV
топқа созылмалы ауруы, туа болған даму ақаулары бар, субкомпенсациялық
жағдайдағы балалар жатады. Олардың организмінің жүйелері мен мүшелерінде
белгілі бір функциялық ауытқулар болып, жалпы жағдайы, мінез-құлқы
қайталанғаннан кейін нашарлап, реконвалесценттік
кезеңі ұзаққа созылады, дене
дамуы қалыс қалады.
5.
V топқа ауыр созылмалы ауруы, ауыр туа болған ақауы бар декомпенсациялық
жағдайдағы балалар жатады, яғни, мүгедектік қауіп туады. Ауыр морфологиялық
және функциялық ауытқулар байқалады.
Денсаулық тобы ауыр ауытқушылықтар мен диагноз бойынша анықталады.
Біз қазір халықтың арасында медициналық ақпараттың кең тараған кезінде өмір
сүріп жатырмыз. Азаматтар денсаулықты сақтаудың беделді әдістері туралы ақпарат
алғысы келеді. Біреулерді болашақ баланың денсаулығын
сақтау туралы ақпарат
қызықтырса, енді біреулерді баланың салауатты өмірі туралы ақпарат қызықтырады.
Толық ақпарат алған ата-аналар дәрігерлер мен мейірбикелерге жақсы көмектесіп, қоян-
қолтық жұмыс жасайды.
152
1.7. БАЛАЛАРДЫ АУРУДАН САҚТАНДЫРУ
Дені сау баланың тәрбиесі мен дамуын, сауықтыру шаралар жиынтығын дұрыс іске
асыруда, аурудан сақтауда, балалар аурыуын және өлімін азайтуда балалар емханасы
айтарлықтай орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: