Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет74/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтар назарына!
Темір жетіспейтін анемия байқалатын науқастардың ауыз 
қуысын қарағанда клегей қабатында, тіл емізікшелерінің тегістелуінен толық атрофияға 
дейін (жалтыраған (тегістелген) тіл) өзгерістер байқалады, тілдің ұшының қызаруы 
байқалуы мүмкін. Клегей қабатының қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады, ол бзғылт 
тартады, ал иммунитеттің төмендеуі тыртықтану процессінің кідіруіне әкеледі. 
Анемиямен ауыратын науқастарда тісжегі жиі пайда болады, АІЖ клегей қабатының 
атрофиясы байқалатын болғандықтан микроэлементтердің (кальций, фтор және басқалар) 
сорылуы бұзылады. Бұдан басқа слекейдің бөлінуінің төмендеуінен тістің өзінен өзі 
тазаруы бұзылады да тісжегіге әкеледі. Ал тісжегі пайда болуы тамақтың нашар өңделуіне 
душар етеді. Тістің эмалының табиғи жылтырағы жойылады. Сонымен қатар бұндай 
науқастарда асқазан сөлінің қышқылдығы төмендейді де тағамның қорытылуы бұзылады.
Тіл ісініп, үлкееді, оны тілде қалған тістің ізінен байқауға болады. Тілдің емізікшелері, 
әсіресе оның алдыңғы бөлігінде, атрофияланады. Жиі ауыз бұрыштарында жарық пайда 
болады. Тісті суыру кезінде анемия байқалатын науқастарда гипотонияға бейімділік 
байқалып, талып қалу мүмкіндігі жоғары екендігін естен шығармау керек.


140 
Гемолитикалық анемияда ауыз қуысының клегей қабаты сарғаюдың дәрежесіне сәйкес 
әртүрлі деңгейде сарғыш (иктериялық) тартады. Тісті суырғаннан кейін жазылу процессі 
ұзаққа созылады (тіндердің оксигенациясы төмендеу нәтижесінде). В
12
-дәрумені 
жетіспейтін анемияда клегей қабатының сезімталдығы төмендейді де, жиі 
жарақаттанудың, стоматиттердің дамуының себебі болады. «Жалтыраған», «таңқурай» тіл 
байқалады. Гемолитикалық анемияның туа біткен түрлерінде бас сүйегінің 
деформациялануы («мұнара бас»), таңдайдың жоғары орналасуы (готикалық таңдай), тіс 
қатарының деформацмясы байқалады.
Лейкозбен ауыратын балаларда ауыз қуысының клегей қабатының бозғылттығы, ісінуі, 
жеңіл жараққаттануы, қызылиекте, таңдайда, тілде қан құюылу, тілдің қабынуы 
анықталады. Гематомалар мен геморрагиялар клегей қабатта да, теріде де байқалады. Жиі 
қызылиектің гиперплазиясы, қансырауы анықталады. Қызылиек борпылданып, 
қансырайды, жаралар пайда болып, өліеттенеді. Некроздың ерекшелігі өліеттенудің 
клегей қабаттың көрші аймақтарына жайылуға бейімделіп, некротикалық жабындымен 
жабылған үлкен жаралардың пайда болуында болып келеді. Жараның айналасында 
реактивті өзгерістер болмайды немесе шамалы білінеді.Тамақ ішкенде қатты ауырсыну 
және қиынсыну байқалады, ауызынан іріңнің сасық иісі шығады.
Тромбоцитопениялық пурпурада теріде, клегей қабатарда қан құюылу, сыртқы әсерсіз 
(спонтанды) немесе шамалы жарақаттың өзінде қызылиектен қан ағу байқалады.
1.5.11. БАЛАЛАРДЫҢ ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІ 
Бала дүниеге келген соң, алғашқы күндері оның анасынан алған гормондардың 
қасиеттері жойылмайды (тироксин, кортикостероидтар), сондықтан жаңа туылған 
нәрестелердің эндокрин бездерінің қызметін зерттеген жағдайларда, олардың эндокрин 
жүйесінің патологияларын анықтап ажырату қиынға түседі. Яғни, анасынан түскен 
гормон қоры біткен кезде ғана, сәбилердің эндокрин бездерінің әртүрлі ауруларының 
белгілері анық біліне бастайды. 
Үлкен адамдардан айырмашылығы, эндокринді аурулармен ауыратын балаларды 
тексергенде, негізінен баланың соматикалық және жыныстық дамуының қалыпты 
жағдайдан ауытқуына көңіл бөлінеді, себебі, эндокринді ауытқулар өсіп келе жатқан жас 
организмді қайта түзілмейтіндей өзгертіп жіберуі мүмкін. Бұндай науқастарды 
тексергенде, лабораториялық және арнайы тексерулерге сүйену қажет. 
Отбасылық анамнезін зерттеу. Ата-анасында әртүрлі аномалиялық өзгерістер бар- 
жоғын анықтау өте қажет. Сонымен қатар, баланың ата-анасының, тума-туыстарында қант 
диабеті, семірудің әртүрлі түрлері немесе керісінше, шамадан тыс жүдеу, гигантизм, 
ергежейлі сияқты эндокрин аурулары туралы мәлімет алу керек. Ата-анасының жемсау 
(зоб) эпидемиясы бар аймақтарда тұратындығын анықтау да өте маңызды. Ата-анасының 
жыныстық дамуының қалай өткендігін, әсіресе, анасының етеккірі, жүктілігі, т.б. қалай 
өткендігін білу керек. 
Науқастың ауру тарихын зерттеу. Науқастың ауру тарихы толық болуы керек. 
Әсіресе, аурудың басталуы мен жаңа басталып келе жатқан кездегі алғашқы ауытқуларға 
көңіл бөліп, туысқандарынан, ата-анасынан аурудың себептерін білуге тырысу керек. 
Эндокринді аурудың себептері болып жұқпалы аурулар, психикалық зақымдалу немесе 
дененің зақымдануы, тамақтану тәртібінің өзгеруі, пубертатты кезеңінің басталуы, 
тұрақты тұрған жерін өзгертуі т. б. есептелінеді. Жүктілік кезінде әйелдің түсік тастауы 
үшін дәрі-дәрмектер қолданған, қолданбағанын анықтау керек. Әйелдің қалай босанғаны, 
босанғаннан кейінгі кезеңдердің қалай өткендігі (асқынуы), нәрестенің қандай салмақпен 
және дене ұзындығымен туылғандығы, 1 жасқа дейінгі қалай тамақтанғандығы, баланың 
бойымен дене салмағының қаншалықты өсіп отырғандығы, қосымша және үстеме 
тамақтар қай уақыттан бастап берілгені, тістерінің шыққан мезгілдері және статикалық 
функцияларының дамуы жөнінде мәліметтер жинастыру қажет. 


141 
Объективті тексеру барысында дененің салмағы мен ұзындығын, бастың аумағын 
және пішінін, денесінің пропорциясын, бет әлпетін анықтайды. Терінің жағдайына, яғни 
оның құрғақтығына немесе шамадан тыс ылғалдығына, пигменттшуіне, керілу 
жолақтарына, әртүрлі іріңді жараларға, безеуге, шаштың сипаттамаларына, оның қай 
кезден бастап пайда бола бастағандығына назар аудару керек. 
Тері асты шел майын қарағанда, майдың денеге біркелкі жайылуына көңіл бөлінеді. 
Себебі, көптеген эндокринді аурулар, семірумен қатар, жүдеуі мүмкін. Шел майының 
неғұрлым көп жинақталған жеріне, яғни бетке, денеге немесе аяққа көңіл бөлу керек. 
Жүрек-тамыр жүйесін тексергенде, төменгі және жоғарғы қан қысымына аса көңіл бөлу 
керек. Лимфатикалық жүйені мұқият тексеріп, тыныс мүшелеріне, жүйке жүйесіне, ас 
қорыту жүйесіне, оның ішінде, әсіресе, бауырға назар аудару қажет. 
Жыныс мүшелерін тексергенде, ер балалардың аталық ұрық бездеріне (аумағын, 
тығыздығын, ұмада екі бездің де бар-жоғын анықтау), ұманың пигментін, жыныс мүшесін 
(көлемін, жасына сәйкестігін), сүт безін (гинекомастия), екінші шаштануын және 
дауыстың өзгеру мерзімін анықтау қажет. Қыз балалардың сүт безін, клиторын (үлкеюін), 
үлкен және кіші жыныс «еріндерін» тексеріп, екіншілік түктенуін (шаштануын), 
етеккірдің алғашқы келген уақытын білу керек. 
Кейбір аурулар гинекологтың (жатыр және аналық бездерін ректальды тексеру 
үшін), урологтың қосымша қарауын қажет етеді. Рентген сәулесімен тексеруде өте 
маңызды болып есептелінеді. 
Дененің ұзындығы мен салмағын бағалау үшін перцинтильді графикті стандарттар 
қолданылады. 
Сүйектік жас білезік сүйектерінің рентгенограммасында 4 – 6 айдан асқан 
балалардан бастап анықталады. Қыз балаларда бұл құбылыс тез, әсіресе, жыныстық даму 
кезеңінде, ер балаларға қарағанда, 2 есе шапшаң жүреді. 
Сәбилердің 1-ші жылында (3 айлығынан бастап) білезік сүйектерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет