136
кейін бірнеше сағаттың ішінде эритроциттердің саны 7,5 х 10
І2
/л, ал гемоглобин 190 - 240
г/л-ге дейін арытады.
Орта есеппен осындай мөлшерде бұл көрсеткіштер 5-7 күнге дейін сақталады да, 14-
ші күнде 4,3-6,4х10
12
/л дейін эритроциттер және гемоглобин 145-242 г/л дейін төмендейді.
Гемоглобин мөлшері 4,5-5,5 айда Сали бойынша 65 бірлікке (10г%, 100 г/л),
эритроциттер саны 4-4,5 млн (4-4,5 х 10
12
/л) дейін төмендейді.
Бұл кезеңде қан құрамына
баланың тағамдану ережесі және ауырған науқастары да әсерін тигізеді.
Табиғи жол-
мен тамақтанатын балалармен салыстырғанда, жасанды сүт қоспаларымен қоректенетін
балаларда гемоглобиннің мөлшері мен эритроциттер санының азаюы жиірек кездеседі.
Бір жастан кейін эритроциттер саны 1мл қанда 4,5-5,0млн (4,5-5,0х10
12
/л),
гемоглобин мөлшері Сали бойынша 70-80 бірлік (13-14г%, 130-140г/л) шегінде
тұрақтайды.
Жаңа туылған балада лейкоциттер саны 10 - 30000 (10 - 30 х 10
9
л), бір жасқа дейінгі
кезеңде 10-12000 (10 - 12 х 10
9
/л) орта есеппен 11000 (11 х 10
9
л), жастан кейін 1 мл қанда
6-8000 (6-8 х 10
9
л)болады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы төмен (1-2 мм), 1 жасқа
дейін – сағатына 4-10 мм.
Лейкоцитарлық формула (Лейкоциттердің түрлерінің пайыздық қатынасы):
эозинофильдер – 2%, базофильдер – 0 ,5-2%, моноциттер – 6%. Орта есеппен
эозинофильдер, базофильдер және моноциттер қосындысы 10% тең болады.
Нейтофильдер мен лимфоциттер 90% құрайды. Туылған мерзімде нейтрофильдер – 65 %,
лимфоциттер – 25 %. Содан кейін, нейтрофильдер саны тез төмендейді де, лимфоциттер
саны көбейеді
.
5 - 6-шы күні пайыздық көрсеткіштері теңеседі.
Бұндай теңесу «бірінші физиологиялық қиылысу» деп аталады. Одан әрі
нейтрофильдер саны азайып, лимфоциттер саны арыта түседі. Сәби бір айға толғанда
нейтрофильдердің пайыздық саны орта есеппен 25, лимфоциттер 65-тен болады. Содан
кейін нейтрофильдер саны арытып, лимфоциттер саны төмендейді.
Бала бір жасқа толғанда, орта есеппен, нейтрофильдер 33%, лимфоциттер 57% болады.
Содан соң, әр жыл сайын нейтрофильдер 3% арытып, лимфоциттер 3% кеми отырып, 5-6
жаста тағы теңеседі. Бұл «екінші физиологиялық қиылысу».
Одан кейін нейтрофильдер саны жыл сайын 2% көбейеді де, лимфоциттер саны 2%
азаяды.
Нейтрофильдер өз құрамы бойынша да бөлінеді. Жаңа туылған балада жас түрі 2-4%,
таяқша тәріздес ядролы 8-10%, кейде 30% дейін жетеді. Бір жасқа дейінгі балаларда жас
нейтрофильдер 1-2 %, таяқша тәріздес 4-6%. Бір жастан кейін таяқша тәріздес 4% дейін
болады. Қалған нейтрофильдер сегментті ядролы болады.
Достарыңызбен бөлісу: