Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет71/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

ТРОМБОЦИТОПОЭЗ
Қан пластинкаларының немесе тромбоциттердің қан ұю 
процесінде атқарар маңызы үлкен. Тромбоциттер саны дені сау балаларда негізінде бір 
қалыпты болып келеді. 
Қалыпты жағдайда 1 мл қанда 100000 - 400000 (100 - 400 х 10
9
/л) орта есеппен 200 - 
300000 (200 - 300 х 10
9
/л) болады. Туылғаннан кейін, бірінші аптада тромбоциттер саны 
108 - 300 х 10
9
/л дейін төмендейді, содан соң екінші аптаның соңынан бастап қайтадан 
ересек балалардағы мөлшеріне дейін көбейеді. 
ҚАН ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ 
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
Клиникалық тексеру қан жүйесінің және қан жасалу мүшелерінің зақымдалуын 
болжауға мүмкіндік беретін мәліметтерді сұрастыру арқылы жинаудан басталады. 
Науқастың терісінің және басқа көзге көрінетін жамылғыларының бозарғаны немесе 
сарғайғаны, тез шаршайтындығы, басының айналатындығы анықталады. Кейбірде, ата-


137 
аналар лимфа түйіндерінің үлкейгеніне, геморрагиялық бөртпелердің пайда болғанына, 
мұрыннан қан кеткендігіне, гемоартроздардың және басқа белгілердің пайда болуына 
шағым айтады. Кейбір науқастарда (лейкоз, Филатов ауруы – мононуклеоз, 
гемолитикалық анемиядағы криздер және басқа аурулар) дене қызуының көтерілуі 
байқалады. Лейкозда науқастар сүйектерінің ауыратындығына шағым айтады. 
Сұрастыру кезінде аурудың қалай дамығанын анықтау маңызды болып келеді. 
Жедел немесе біртіндеп, аяқ астынан, циклдік қайталаумен, ремиссия (сауығу) 
кезеңдерінің алмасып дамуының байқалуы (гемолитикалық анемия, тромбоцитопениялық 
пурпура) мүмкін. 
Қан ауруларына шалдыққан балаларды зерттеу сұрастырудан басталып, бозару, қан 
кету, терінің сарғаюы, бас айналу, шаршағандық, лоқсу, құсу, бөртпелер (геморрагиялық 
немесе басқа түрі) сияқты белгілердің қашан, неге байланысты пайда болғанын, қалай 
дамығанын, қанша уақыт немен емделгенін, оның шипалылығын анықтауды керек етеді. 
Сонымен қатар, белгілердің ұзақтығы мен даму барысын анықтауда маңызды болып 
келеді. Мысалы: лимфа түйіндері үлкейіп, ауыратын болған кезде дене қызуының толқын 
тәріздес көтерілуі лимфагрануломатоз ауруының бірден-бір белгісі болып келеді. 
Ерте жастағы балалардың терісінің және көзге түсетін кілегей қабықтарының 
бозаруы байқалғанда, ата-анасынан олардын қалай тамақтанатынын, қандай аурулармен 
ауырғандығын, немен емделгендігін, күтім қалай жасалғандығын анықтау маңызды болып 
келеді. 
Одан әрі баланың өмір тарихын анықтағанда тұқым қуалайтын аурулардың болуын 
(гемофилия, гемолитикалық криз және т. б.), аллергиялық тарихын, анасының 
денсаулығын, анасының жүктілігі мен босануының барысы, баланың туылған кезіндегі 
денсаулық жағдайы, жүйке жүйесінің дамуы, қоректендіру (сапасы, тәртібі, шырын және 
витаминдер, қосымша тамақ беруі), анасының күн және тамақтандыру тәртіптері туралы 
мәліметтерді жинаудың маңызы да зор. 
ҚАРАУ. Науқасты қарағанда, аурудың жағдайына, төсектегі қалпына, терінің және 
көзге көрінетін кілегей қабықтарының түсіне көңіл аударылады. Тері мен кілегей 
қабықтарының бозаруы анемияны көрсетеді. Тері мен көз кілегей қабатының лимон 
тәрізденіп сарғаюы, эритроциттер бұзылып, қанда байланыспаған (тіке емес) билирубин 
көбеюі гемолитикалық анемияда байқалады. Бұнда нәжіс пен зәр қою, сары болады. 
Теріге қан құйылғанда петехия, экхимоз сияқты элементтер байқалады. 
Ауыз қуысын дұрыстап қараудың маңызы өте үлкен. Бадамша бездің, ауыз 
қуысының, тамақтың кілегей қабығында кішкене геморрагиялық бөртпелер, өлі-еттенген 
аймақтар (лейкозда) анықталады. 
Сүйек-буын жүйесі. Іштен туа болған ақауларға, буындардағы ісіктерге, қимыл 
көлемінің, пішінінің өзгерістеріне, ауырсынуларына (лейкоз) көңіл бөліп анықтайды. 
ҚАННЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСАЛУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЗАҚЫМДАЛУЛАРЫ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет