Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет68/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

1.
 
Жоғарғы несепағарлық нүкте. 
2.
 
Төменгі несепағарлық нүкте. 
 
ЛАБОРАТОРИТЯЛЫҚ ЖӘНЕ АСПАПТЫҚ ТЕКСЕРУ 
Сау баланың жуық арада жиналған кіші дәретінің түсі ақшыл сары, мөлдір болып, 
ұшпалы май қышқылдарына байланысты әлсіз ғана қышқыл иісті болады. Бала өсімдіктер 
жеген болса, реакциясы сілтілі болады. Несептің жалпы зертеуінде меншікті салмағы 
ауытқымалы болады. Ол қаншалыкты су ішкеніне байланысты. Қалыпты физиологиялық 
жағдайда 1005-1029-ға тең. Несеп тұнбасын микроскопия жасағанда, бір көру аймағында 
бірлі-жарым лейкоциттер (5-6-дан болмауы керек), бір ғана эритроцит көруге болады. 
Белок болмайды немесе 0,033% дейін ғана болуы керек. Патологиялық жағдайларда түрлі 
өзгерістер байқалады. 
Несептің түрінің өзгеруі – несептің түсі қан араласқанда еттің жуынды суы сияқты 
қоңыр-қызыл болып (гематурия, макрогематурия), ірің араласқанда (пиурия) лайланып 
және тұздар көп мөлшерде байқалғанда, өзгереді. Қоңыр-қара түсті, несеп гемоглобину-
рияда (гемолитикалық анемия, тобы сәйкес келмеген қан құйғанда, бертолетті тұздармен 
уланғанда және т. б.) кездеседі. Алкаптанурияда несеп қарайып кетеді. Несептің түсі, 
сонымен қатар, әртүрлі дәрі-дәрмектерге (амидопириннен соң – қызыл, сантониннен соң – 
сары және т. б.) және тамақтың түріне де байланысты (қызылша және т. б.) өзгереді. 
Иісі. Несептің иісі кейбір патологияларда маңызды мәлімет беруі мүмкін. 
Мысалы: 
фенолкетонурияда (фенилаланин алмасуы бұзылғанда) несептің иісі – «тышқанның иісі» 
сияқты болады. Несептен жаңа піскен нанның немесе ашытқының, үйеңкі шырынының 
иісі шығуы мүмкін (лейциноз). 
Меншікті салмағы зәрде глюкоза, белок байқалғанда арытады. Бүйректің 
концентрациялық функциясын Зимницкий сынамасы бойынша анықтайды: науқастың 
тәуліктік зәрін әр 3 сағат сайын, 8 бөлік етіп жинап, әр бөліктің меншікті салмағын және 
мөлшерін өлшейді. Бір жасқа дейінгі балаларда меншікті салмағы 1005-1016, ерте жастағы 
балаларда 1010-1026, ересек балаларда 1011-1028 деңгейінде болу керек.
Гипостенурия – зәрдің меншікті салмағының төмендеуі (1002-1005) – суды көп мөлшерде 
ішкенде, ісік тарағанда, қантсыз диабетте, созылмалы бүйрек жарамсыздығында 
байқалады. 
Гиперстенурияда несептің меншікті салмағы 1020-1030-дан жоғары болады. 
Сұйықты аз ішкенде, қоршаған ортаның қызуы жоғарлағанда, дант диабетінде, яғни 
несепте қант, белок, тұздар көбейгенде, байқалады. 


134 
Несептің реакциясы сілтілі немесе қышқыл болады. Ол тамақтың, аурулардың 
түрлеріне байланысты. 
Протеинурия – несепте белоктың шамадан тыс (0,033 промильден артық) болуы. 
Протеинурияны 2 түрге бөледі: бүйрек және бүйректен тыс протеинурия. Бүйрек 
протеинуриясы жалған және шын болады. 
Шын бүйрек протеинуриясы бүйрек шумақтарының базальды мембраналары 
зақымдалынып, несепке белоктың ірі молекулаларын өткізе бастағанда (нефроз, 
нефросклероз) 
немесе 
өзекшелерде 
шумақтардан 
өткен 
кішкентай 
белок 
молекулаларының кейін сіңірілуі (реабсорбциясы) бұзылғанда байқалады. 
Жалған бүйрек протеинуриясы – организмдегі ауырған жердің негізінен бүйректе 
лейкоцит немесе эритроциттер түсіп, олар ыдырап, белоктар пайда болған жағдайда 
кездеседі. 
Лейкоцитурия (пиурия) әдетте, бір көру аймағында 5-6 лейкоцит болады, одан 
көбейсе – пиурия болып есептелінеді. Пиурия, зәр жүйесі қабыну ауруларына 
шалдыққанда, байқалады. Жасырын пиурияны табу үшін арнайы сынамалар 
қолданылады. 
Нечипоренко сынамасы. Ертеңгісін аш қарынға алынған ортанғы жаңа бөлігінде 1 мл 
несептің қан түйіршектерінің саны қалыпты жағдайда лейкоциттер 2 мыңға дейін, 
эритроциттер 1 мыңға дейін болады. 
Аддис-Каковскийдің сынамасы – тәуліктік несептегі қан түйіршіктерінің саны. 
Лейкоциттер 2 млн-ға дейін, эритроциттер 1 млн-ға, гиалинді цилиндрлер 20 000-ға дейін 
болады. Тәуліктік несепте белок 50-60 мг-нан 100 мг дейін анықталады. 
Бір көру аймағында 10-30 немесе тәуліктік несепте 2-10 млн лейкоциттің болуы 
шамалы лейкоцитурия ретінде анықталса, көру аймағында 30-50 немесе тәулігінде 10-40 
млн лейкоцит шығарылуы орташа лейкоцитурия, ал көру аймағында 100-ден тәулігіне 40 
млн-нан артық болғанда – айқын лейкоцитурия деп есептелінеді. Сонымен қатар, 
лейкоциттердің түрін анықтаудың да (уроцитограмма) маңызы зор болып келеді: нейтро-
фильды, мононуклеарлы, аралас. Бұл зақымдалу сипаттамасын ажыратуға көмектеседі. 
Дені сау балалардың тәуліктік несебінде белок мөлшері орта есеппен 78,57±10,5мг 
болады. 
Қанның (эритроциттердің) зәрде пайда болуы – гематурия деп аталады. 
Макрогематурияда қанды микроскопсыз көруге болады. Микрогематурияда эритроциттер 
микроскоп арқылы анықталады. Қыз балаларда 1 көру аймағында әдетте 1-2 эритроцит 
қалыпты жағдайда болуы мүмкін. 
Цилиндрлер нефронның дистальды бөлігінен шайылып пайда болған цилиндрлі 
денелер. Матрикс бойынша цилиндрлер төмендегідей болып жіктеледі: 
Гиалинді (ақ) – цилиндр тәрізді клеткалар айқын протеинурияда көп мөлшерде 
кездеседі. Кейде, организмге күш түскенде байқалады. Олар белоктар тұнғанда пайда 
болады, аса диагностикалық маңызы жоқ. 
Дән тәріздес цилиндрлер – контурлары айқын, бүйрек эпителийінің ыдыраған 
клеткаларынан пайда болады және өзекшелердегі физиологиялық, химиялық жағдайлар 
өзгеріп, белоктар ұйығында пайда болады. 
Балауыз тәрізді цилиндрлер – өзекшелерде гиалинді цилиндрлер тоқтап біріккенде, 
амилоидозда, кейде әдеттегідей жағдайда кездеседі. 
Май тәріздес цилиндрлер – нефрозды синдромда, тубулярлы эпителий 
дегенерациясында кездеседі. 
Бактерияурия – бактериялар микроскоппен қарағанда көрінеді. Олардың дәл санын 
бактериялық зерттеу жүргізіп анықтайды. Ол үшін 1 мл несептегі бактерияның санын 
анықтайды. Егер 1 мл несепте 100 000 микробты дене болса – патологиялық маңызды 
бактерияурия болып саналады. Ал, 10 000-нан жоғарыда – бактерияурия деп аталады, 
бірақ диагностикалық маңызы жоқ. 


135 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет