Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет65/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтар назарына!
Асқазан ішек жол (АІЖ) және бауыр ауруларында жиі ауыз 
қуысында әртүрлі өзгерістер байқалады. Бұл ауыз қуысы мен асқорыту жолының клегей 
қабатының ұқсастығымен түсіндіріледі.
Жабынды.
Ол АІЖ ауруларының көбінде байқалады: гастритте, жара ауруында, 
энтероколитте, бауыр және өт жолдары ауруларында. Бұлар бейарнамалы белігелер, бірақ 
олар АІЖ ауруларының куәсі болып келеді. Жабынды, әдетте гастритте, асқазан және 12 
елі ішек ойық жара ауруында және басқа ауруларда кездеседі. Ойық жара ауруының, 
гастриттің, энтероколиттің өршу кезінде жабынды айқын білінеді және тілді түгел немесе 
негізінен артқы бөлігін жауып тұрады. Жабынды ақшыл-сұр түсті болдаы, бірақ пигмент 
түзетін бактериялар, тамақтың, дәрілік заттардың, сонымен қатар қан кетулерде (жара 
ауруында және т.б.) басқа түске (сары, қоңыр және басқа) ауысуы мүмкін. Негізгі 
аурудың ремиссиясында немесе ем барысында тіл жабындыдан әртүрлі дәрежеде тазарып, 
қалыпты жағдайға келеді. Тілдегі жабынды қалың болса науқас өзін жағымсыз сезінеді, 
дәм сезу қабылеті төмендейді. Жабындының негізін үлкейген мүйізденген емізікшелер, 
тамақтың қалдықтары, микроорганизмдер, эпителияның сылынып түскен жасушалары 
құрайды.
Асқазан-ішек ауруларының екінші белгісі 
тілдің ісінуі.
Бұл белгі науқасқа айтарлықтай 
жағымсыз жағдай туғызбайды, көбіне дәрігер науқастың ауыз қуысын қарағанда 
байқайды. Ісік айтарлықтай болса науқас жағымсыз жағдайға, тілдің мөлшерінің өсуіне 
шағымданады, кейде тілін тістеп алуы мүмкін. Кейде тілдің ұшында тістің іздері 
анықталады. 
АІЖ ауруларында тілдің емізіктерінде айтарлықтай өзгерістер анықталады. Тіл 
емізікшелерінің жағдайына қарай кейбір қаламгерлер, емізікшелер айқын білінетін, тіл 
қалың жабындымен жабылған, мөлшері ісінуге байланысты ұлғайған гиперпластикалық 
глосситті анықтайды. Бұндай тіл қышқылдығы арытқан гастритте байқалады. Асқазан 
және 12 елі ішек ойық жара ауруында тілдің кейбір саңырауқұлақ тәріздес емізікшелері 
гипертрофияланып, айналасындағы тіндерден ашық қызыл түсті құрылым түрінде
шығыңқы тұрады. Гипопластикалық глоссит емізікшелерді атрофиясымен, жабындының 
болмауымен сипатталады. Кейде емізікшелердің атрофиясының айқындылығы соншалық 
тіл лакталған сияқтанып, ашық дақтар мен жолақтар анықталады. Тілдің бұндай 
өзгерістері гастритте, жара ауруларында және гастрознтнриттерде, өт шығару 
жолдарының ауруларында байқалады. Тіл емізікшелерінің атрофиясында жағымсыз сезім 
тудырып, күю, шаншу, тамақ жегенде ауырсыну байқалады. Бұл өзгерістердің пайда болу 
механизмі трофикалық бұзылыстармен қатар, витаминдердің сорылуының нашарлануына, 
олардың ішекте бұзылуына және В
1
, В
2
, РР және басқа дәрумендердің түзілуінің 
төмендеуіне байланысты деп есептеледі. 
Тіл эпителиясының десквациясы
АІЖ ауруларында жиі кездеседі және әртүрлі 
білінеді. Әдетте, тіл бетіндеәртүрлі мөлшерлі және формалы айқын бөртпелер байқалады. 
Бұндай өзгерістер жіп тәріздес емізікшелер мен күшейген десквамацияға байланысты.
Өзгерістер ромбатәріздес глосситті еске түсіреді, бірақ ромбалық және десквамативті 
(»географиялық») тілден асқазан және онекі сақиналы ішектің жарасы өршігенде пайда 
болып, емдеу және ремиссия кезінде жойылып кетуімен ажыратылады. Тіл 
эпителиясының слынып түсуі айтарлық жағымсыз сезім бермейді. Дегенмен бұндай 
жағдай жиі тілде (эпителисяның дескавамациялану ошақтарында ғана емесе) күю 
сезімімен білінеді, ыссы тамақ ішкенде, шылым шеккенде байқалады.
Тіл парестезиясы
(глоссалгия) әртүрлі АІЖ ауруларымен бірге байқалады. Күю, шаншу
сезімі тілде ешқандай өзгеріс байқалмасада білінуі мүмкін. 
Ауыз қуысының клегей қабатында ойық жараның, таңдайда афтаның пайда болуы АІЖ 
ауруларында байқалатын трофикалық бұзылыстар нәтижесінде байқалады. Бұның куәсі 
ретінде афтозды стоматиттің тоқ ішектің ауруларымен қосарлануын келтіреді.


129 
Ауыз қуысының клегей қабатының түсінің өзгеруіде
АІЖ ауруларыныңжиі кездесетін 
белгілеріне жатады. Ауыз қуысының клегей қабатының түсі негізгі аурудың түріне, 
қаншаға созылғанына және ауырлық дәрежесіне байланысты екені белгілі. Ашық қызыл 
түсті аймақ тәріздес гиперемия немесе цианоз асқазан ойық жара ауруында, колитте, 
энтероколитте және басқа ауруларда байқалады. Ауыз қуысының клегей қабатының 
бозаруы қан кетумен асқынған асқазан жара ауруында байқалады. Бауыр, өт шығару 
жолдарының ауруларында ауыз қуысында айтарлықтай өзгерістер болады. Вирусты 
гепатитте, созылмалы гепатитте ауыз қуысының клегей қабатында қабынулы-
дистрофиялық сипатты әртүрлі өзгерістер болады: гиперемия, құрғақтану, әсіресе, 
сарғаюдың артуы фазасында (вирусты гепатит) ісік және клегей қабаты десквамациясы.
Сонымен қатар, жұмсақ таңдайдың, ауыз қуысының түбінің сарғаюы, геморрагиялар, 
телеангиэказалар тән. Аузында ащылық сезімі, дәмнің бұрмалануы (аузында ащы, темір 
тату), қызыл иектен қан кету, тістің қатты тінінің гиперстезиясы байқалуы мүмкін.
1.5.9. НЕСЕП ТҮЗУ ЖӘНЕ НЕСЕП ШЫҒАРУ МҮШЕЛЕРІ 
Несеп мүшелеріне бөтеке (бүйрек) және оның шумақтары, өзекшелер, юкостогломе-
рулярлы аппараттар, тубекшелер мен табақшалар, несеп жолы, куық, үрпі каналы, қан 
және лимфа жүйелері және тағы басқалар жатады. 
Бала дүниеге келер кезде оның қозғалуы және ротациясы аяқталып болмайды. 
Бүйректің жоғары көтерілуі, оның ротациясы несеп жолының ұзаруына, іш қуысының 
қысымына, эмбрионның доғасының түзілуіне байланысты.
Балаларда бүйрек бөліктерден тұрады, қыртысының қабаты нашар жетілген. Тіннің 
өзі нәзік, дәнекер ткандық қабаты әлсіз дамыған. Жаңа туылған балаларда бүйрек 
шумақтары тығыз орналасқан.
Бүйрек маңы майы жаңа туған бала мен жас сәбилерде нашар жетілген. Ол 8-9 жаста, 
яғни тері асты шел майы азаятын кезеңде, үлкейеді. 
Үлкен кісілермен салыстырғанда, сәбилердің бүйрегінің қаңқаға топографиялық 
проекциялары басқаша болады: оның төменгі полюсі жамбас сүйегінің жотасына жетеді, 
ал жоғарғысы – алғашқы жылы өзінің шекараларын біраз өзгертіп отырады. Мысалы, 
жаңа туған балада сол жақта XI төс омыртқасының төменгі жиегінің тұсы, оң жақта осы 
омыртқаның жартысынан жоғары, 3-5 айдағы балада сол жақта XII кеуде омыртқасының 
ортасында, 2 жастағы балада үлкендердің бүйрегінің жоғарғы полюсінің шекараларында 
орналасады. Жас сәбилердің бүйрегінің құрылысынан оның жеткіліксіз дамығаны айқын 
көрінеді: 2-3 жасқа келгенде бүйректің жоғалатын бөліктерінен тұруы. 12 айға дейін 
жоғарғы және төменгі полюстері жақын болып келеді, сондықтан қолмен қараған кезде 
бүйрек дөңгелек мүше сияқты болып білінеді. 1 жастан кейін бүйрек орнығып, бұршақ 
тәріздес болып өзгереді. 
Бүйрек қозғалғыш болады, ол тыныс алуға, дененің бір қалыптан екінші қалыпқа 
ауысып, өзгеруіне байланысты болады. Максимальды тыныс алған сатыда, көк еттің 
көтерілуімен қоса, бүйректе іш пердесінің артқы кеңістігінде жоғары көтеріліп, ығысады. 
Тыныс шығарған кезде екі бүйрек те, сәбилерде 1 см-ге, ересек балаларда 2 см-ге, төмен 
түседі. 
Бүйректің дұрыс қозғалуын бел омыртқаларының биіктігіне қандай қарым-қатынаста 
екендігіне байланысты анықтайды. Қалыпты жағдайда бүйрек 1 бел омыртқаның 
биіктігіндей ұзындыққа жылжиды. 3 жасқа дейінгі балалардың, бүйрек маңы майы аз 
болғандықтан, ол шамадан тыс көбірек жылжиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет