Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет63/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Бауыр пальпациясы.
Ерте жастағы балалардың бауыры, үлкендермен салыстырған-
да, үлкен болып келеді. Соған байланысты бауыр жеңіл пальпацияланады. 5-7 жасқа 
дейінгі балалардың бауыры оң сүбе қабырға астынан, орта сызық бойынша 1-2 см шығып 
тұрады. Терең демалу кезінде бауырдың төменгі кенересі ересек балаларда да 
пальпацияланады. 
Бауырдың төменгі қырының орналасқан жерін болжау үшін Н. Д. Стражеско 
ұсынған көмекші әдіс қолданылады. Ауру ішектерді пальпациялаған түріндей 
шалқасынан, аяқтарын сәл бүгіп, басының астындағы жастықты алып тастап, кеудесімен 
бір деңгейде, ішінің бұлшық еттері босайтындай етіп жатады. Оң қолының төрт саусағын 
оң сүбе қабырға астына салып, сәл басып, төмен жылжиды. Осылай бауырдың барлық 
бетін пальпациялап шығады. Бұл, кейде «жылжымалы» пальпация деп аталатын тәсіл, 
көбіне ерте жастағы балаларда қолданылады.
Бауырды В. П. Образцов бойынша немесе «қалта» жасау әдісімен пальпациялайды 
Оң қолды іштің оң жақ бөлігіне, кіндік деңгейінен төмен, бұғана ортасы сызығына екінші 
және ортаңғы саусақтар іштің тіке бұлшық етінің сыртқы қырынан сәл сыртқарырақ 
жататындай етіп алады 
(80 сурет).
Сол қолын, алақаны кеуде қуысын артынан, бас бармақ оң қабырға доғасын 
бүйірінен және алдынан, қысып ұстайтындай етіп, оң қабырға астына салады.
Ортаңғы саусағын сәл бүгіп, қолының ұшын тегістейді. Содан соң теріні сәл төмен 
ығыстырып «қалта» тәріздес қуыс жасайды да, қолын терең басып, тыныс шығару кезінде 
тереңдетіп, ілгері және жоғары қарай ығыстыра түседі. Бауырдың қыры қолдың ұшына 
тигенде, оның қасиеттерін бағалайды. Пальпация 
кезінде бауыр қырының орналасқан жерін, 
мөлшерін, қырын (үшкір, доғал), тығыздығын, 
бетінің тегістігін, сезімталдығын (ауыратынды-
ғын), серпінділігін анықтау керек. Қалыпты 
жағдайда бауыр қыры үшкір, жұмсақ, серпінді, 
беті тегіс болады. 7 жастан асқан балаларда өт 
қабы оң тіке бұлшық етінің сыртқы қырының 
қабырға 80 сурет. 
Бауырды пальпациялау
әдісі
доғасымен (бауырдың төменгі кенере-сімен) қиылысқан жерінде және одан сыртқарақ, 
әсіресе бала шалқасынан жатқанда, орналасады.
Талақты пальпациялау науқасты шалқасына немесе оң жақ қырына жатқызып, 
жүргізіледі. Шалқасынан басын төмен түсіріп, екі қолын екі қапталына жіберіп, аяқтарын 
созып жатады 
(81 а сурет). 
Оң қырына басын кеудесіне жақындатып бүгіп, сол қолын 
шынтағынан бүгіп, кеуде қуысының үстіне бос салады. 
Оң аяғын созып, сол аяғын тізеден, ұршықтан бүгіп жатады 
(81 б сурет). 
Тексеруші 
сол қолын науқастың сол жақ беліне салып, пальпацияланатын аймақты ілгері 
жылжытады. Оң қолының саусақтарын сәл бүгіп, саусақтардың ұшын сүбе қабырғаға 
параллель орналастырады. Баланы терең және сирек демалтып, саусақтарды тереңірек 
батырады. Терең тыныс алған кезде талақ сәл төмен түсіп саусақ ұштарына тиеді. Талақ 


126 
қолға тиген кезде оның орналасқан жерін, консистенциясын, ауыратындығын, формасын, 
бетінің жағдайын анықтау керек. 
 
81 сурет. 
Талақты пальпациялау. 
а)
 Науқас шалқасынан жатқанда
, б) 
Науқас оң қырында жатқанда



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет