122
Ашу диспепсиясында нәжістің түсі жасыл-сары болып көпіріп тұрады, иісі ащы,
реакциясы қышқыл болады. Шіру диспепсиясында нәжіс сұйық, шірік иісті, түсі қара
қоңыр, реакциясы сілтілі болады.
Ішектің жоғарғы бөлігінен қан кеткнде, нәжіс қарамай тәріздес болады, ал қан
ішектің төменгі бөлігінен кетсе, нәжістің түсі өзгермейді.
Кейбір дәрі-дәрмек (висмут), тағамдар ішкеннен соң да нәжістің түсі өзгеруі мүмкін.
Нәжістің консистенциясын, түрін (әдеттегідей, колбаса, бау, лента және қой құмалағы
тәріздес, сұйық көпіршіктенген, сұйықтау болып келген) иісін, түсін (қоңыр, қызарған,
қара, қара май тәрізді), кілегей, ірің, қан, ішек қортылмаған тамақ бар жоғын анықтау
қажет.
Науқасты тексергенде, олардың денесінің дамуын бағалап, тері түсіне көңіл аудару
керек.
Достарыңызбен бөлісу: