Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет57/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Баланың алғашқы нәжісі
– тоңғақ (меконий) жасыл қара түсті, қою, желім тәріздес 
болады. Ол бала дүниеге келгеннен кейін 10 сағаттан соң шығады (2-20 граммдай), жалпы 
салмағы 70-80 г. Тоңғақ түсіп, жыйырылған ішек эпителийінен, қойытылған өттен және 
ұрық айналасындағы судың құрамдарынан тұрады. Меконийдің алғашқы бөлігі 
(порциясы) шырыштан тұрады. Алғашқы 3 сағат бойына тоңғақ стерильді, микробтардан 
таза болады. Одан соң оған бактериялар жайыла бастайды. Маңызды бактериялардың бірі 
– Эщерих және Меро бактериялары, олар анаэробты жағдайларда өсіп, споралары пайда 
бола бастайды. Сәл кейінірек энтерококк, коли-бактериялар өсе бастайды, ал стрептококк 
және спора құрайтын микроорганизмдер сирек кездеседі. Тоңғақтың реакциясы қышқыл 
болады (РН-6,00-ға жуық). 
Алғашқы 2-3 күнде тоңғакқа нәжіс араласады, ол ауыспалы нәжіс деп аталады. 4-5-
ші күнге қарағанда, нәжістің түрі қалыпты түрге енеді. 1 жасқа дейінгі баланың нәжісінің 
түрі, оның қоректенетін тамағына байланысты болады. Табиғи жолмен тамақтанатын 
баланың нәжісі сары түсті, гомогенді, жұмсақ паста тәрізді, қышқыл иісті болады. 
Микроскопиясы: детрит, эпителий, орташа дөңгелек клеткалар, нейтральды майдың 
тамшылары және май қышқылдарының кристалдары, холестерин және кальций тұзы 
болады. Кейбір ана сүтімен тамақтанатын сау балалардың дәреті шырыш араласқан жасыл 
түсті болып келеді, ол «физиологиялық диспепсия» деп аталады. Физиологиялық 
диспепсия ішектер тез жиырылып, аш және тоқ ішектерден жылдам жүруіне, осы арқылы 
билирубин мен биливердиннің редукциясының нашарлауына байланысты пайда болады. 
Ана сүтімен қоректенетін сау баланың нәжісі – тәулігіне 2-4 рет, 5 айда – 2-3 рет, 6 айдан 
соң – 1-2 рет болады. 
АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ 
СҰРАСТЫРУ. Ішек-қарын жолдары науқастарының ең жиі кездесетін белгісі 
ішектің ауыруы болып табылады. 
Алдымен аурудың сипаттамасын (әлсіз, орташа, қатты), содан соң ұзақтығын (қысқа 
мерзімді 15-0 минутқа дейін, 1-2 сағаттай созылатын болса – орташа мерзімді, бірнеше 
сағаттан ұдайы болатын болса – ұзақ) анықтау керек. 
Аурудың түрін (сырқырау, шаншу, кесіп, ұстамалы тәріздес), қай жерінің ауыраты-
нын (кеуде маңайында, оң және сол қабырғалықта, кіндік маңында) анықтауымыз керек. 
Дерек жинау кезінде ауыру белгісінің тамақтануымен байланыстылығын анықтау өте 
қажет. Мысалы: аш қарынға ауыру, тамақ ішкеннен кейін бірден немесе 1-2 сағат 
өткеннен кейін ауыру, түнде ауыру, болмаса ауру белгісінің тамақ ішуге байланысты 
еместігін анықтау керек. Сонымен қатар, ішектің қандай себептерге байланысты 
ауыратынын анықтау керек: диетаны бұзу, тамақты шектен тыс көп ішу, шапшаң шайнау. 
Содан кейін неге байланысты аурудың әлсіреуі немесе толық жойылып кететінін анықтау 
керек (аурудың өзінен-өзі тыйылуы немесе қандай ем көмектесетіндігі). 


120 
Сонымен қатар, ас қорыту құбылысы бұзылған кезде пайда болатын белгілерге көңіл 
бөлу керек: лоқсу, құсу, қалжырау және басқалар. Бұл жағдайлардың тамақтануға немесе 
басқа себептерге байланысын анықтаған дұрыс. Бұдан басқа баланың ішінің өтетіндігін, 
немесе жиі ішінің қататындығын, немесе кебетінін, қорылдауын анықтау керек. Баланың 
тамаққа тәбетін анықтауға көңіл болу керек, сондай-ақ басының ауруы, көңіл-күйінің 
нашарлауы сияқты жалпы шағымдарға да көңіл бөлген жөн. 
Бауыры немесе ұйқы безі ауыратын науқастарды сұрастырғанда – қай жерінің 
ауыратынына (оң сүбе қабырғаның асты), аурудың басқа аймақтарға тарауына (оң иыққа, 
жауырынға, сүбе қабырғалардың астына, арқасына, беліне), аурудың сипаттамасына, ас 
қорытудың бұзылына (лоқсу, құсу, тамаққа тәбетінің жоқтығы, әсіресе майлы тамаққа) 
және эпидемиологиялық тарихына көңіл бөлу керек. 
АУРУДЫҢ ШАҒЫМДАРЫ 
Тәбетінің төмендеуі. Асқазанның қабынуында (гастритте), қарынның жарасында
бауырдың созылмалы ауруларында, ұйқы безінің қабынуында (панкреатитте) ең жиі 
кездесетін шағымдардың бірі. Асқа зауқы болмау (анорексия) – асқазанның кілегей 
қабығы зақымдалғанда, сөл бөлуі азайғанда және баланың тәрбиесі нашар болғанда 
байқалады. 
Кейбір жағдайларда баланың белгілі бір астан жиренуі мүмкін. Дисахаридтік 
жарамсыздыққа сүт тағамдарын, жемістерді, тәтті тамақтарды пайдаланғанда тәбет 
бұрмалануы пайда болуы мүмкін. Бауыры және өт жолдарының ауруларында майлы 
тамаққа тәбеті нашарлайды. 
Тәбеттің артуы (полифагия) мальабсорбциямен, созылмалы панкретитте (жазылу 
кезінде) байқалады. 
Тамаққа жылдам тою асқазанның фундальдік бөлімінің қабынуында, бауыр және өт 
жолдарының ауруларында кездеседі. 
Үнемі қарын ашу сезімі ұйқы безінің қабынуында, қант диабетінде байқалады. 
Ішек құрты ауруында (аскаридозда) шектен тыс сілекей бөліну байқалады. 
Ауыздың дәмі – қышқылт дәм – асқазанның жарасында, гастродуоденитте, ал ащы 
немесе ауыздың темір татуы бауыр ауруларында кездеседі. 
Жұтынудың бұзылуы (дисфагия): ісікпен, лимфа бездерімен, айыршық және 
қалқанша бездермен, көкірек және плевра қуысында жиналған іріңмен немесе 
сұйықтықтармен өнеш басылып қалған жағдайда аурудың тамақты жұтуы қиындап, өңеш 
бойы ауырып, регургитация пайда болады. 
Кекіру – қарындағы жиналған ауаның кері шығуы – құрғак кекіру, ал ауаның 
тамақпен аралас шығуы – тамақ аралас кекіруі деп аталады. 
Емшектегі сәбилердің емшек емген кезіндегі жұтылған ауаны қайта шығару немесе 
кекіруі аэрофагия деп аталады. 
Шіріген иісті кекіру қарын қалтқысының тарылуында, гастритте кездеседі. Асқазан 
сөлінің қышқылдығы көбейгенде (асқазан жарасында, гастродуоденитте) кекіріктің өте 
қышқылтым дәмі, ал дуоденогастральды рефлюксте өттің ащы дәмі білінеді. 
Дуоденогастральды рефлюкс дегеніміз өттің ұлтабардан қарынға кері түсуі. 
Қыжылдау, күю-құрсақ басының немесе төс астының қыжылдауы немесе күюі 
эзофагитте, өңештің пептикалық жарасында, гастродуоденитте, асқазанның жарасында, 
диафрагма жарығында байқалады. 
Жүрегі айнуы. Қарынның тұсында жағымсыз әсер және әлсіздік пайда болып, 
сілекей бөлініп, мұздай тер шығып, одан соң құсық пайда болады. 
Құсу.
Балаларда, әсіресе, алғашқы 3 айға дейінгі сәбилерде жиі кездеседі. Себебі, 
қарынның түбі мен кардиальды бөлігі нашар, ал пилорикалық бөлігі жақсы жетілген. 


121 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет