118
Осы арқылы баланы оның меншікті белсенді иммунитеті жаңа қалыптасып келе жатқан
кезеңде, бактериальды инвазиялардан қорғап қалу мүмкіншілігі туады.
Ішек.
Үлкендермен және ересек балалармен салыстырғанда, бала дүниеге
келген
кезде, ішектің ұзындығы, дене ұзындығына қарағанда, артықтау келеді. Себебі,
дененің
ұзындығына қарағанда, ішектің анатомиялық ұзаруы бәсең жүреді. Аш ішектің ұзындығы
2 есе қысқа.
Аш ішек 3 бөлікке бөлінеді: ұлтабар, ащы және мықын ішек.
Ұлтабардың кілегей қабығының қыртысы асқазанның кілегей қабығының
қыртысынан өзгеше болады. Қыртыстары көлденең орналасады. Жаңа туған баланың
ұлтабарының қыртысы төменірек орналасқан. Буылтық қыртысы аз.
Ұлтабардың жоғары бөлігінде қышқыл қарын химусы (жентегі) тұщыланып,
ферменттердің әрекетіне дайындала бастайды. Осы жерде
тамақ ұйқы безінің сөлімен
және өтпен араласады. Ұлтабар іш қуысының артына, ұзын болып келетін шажырқаймен
нашар бекітіледі. Ерте жастағы балалардың ішектері тығыз орналасады, себебі кіші
жамбас әлі дамымағандықтан, іш қуысының көп бөлігін бауыр алып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: