Байланысты: Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)
Стоматологтар назарына! Жүрек –тамыр жүйесінің туа біткен даму ақауларында бет
және жақтардың ақаулары, тісжегі, пародонт аурулары байқалуы мүмкін. Қанайналым
жетіспеушілігі (бозғылттық, цианоз, ентігу) байқалатын балалардың стоматологиялық
манипуляциялар жасау кезінде жағдайы нашарлап кетуі мүмкін. Көзге көрінетін
тамырлардың пульсациясының байқалуы жүрек патологияларын анықтау үшін қосымша
зерттеулерді жүргізуді қажет етеді. Анестезия жасар алдында (жергілікті анестезияда да)
қан қысымын өлшеп, пулсті санап, жастық көрсеткіштермен салыстырып бағалау қажет.
Ауыр және декомпенсацияланған жүрек аурулары жалпы наркозға қарсы көрсеткіш
болып келеді.
1.5.8. АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІ
Балалар ас қорыту жолының патологиясы әртүрлі, осымен қатар баланың жасына
байланысты кейбір науқастар балалық шақтың кейбір кезеңіне ғана тән болып келеді.
Екінші жағынан баланың жас кезеңдеріне байланысты аурулардың клиникалық
белгілерінің көптеген ерекшеліктері, оны анықтап диагнозын қоюды қиындатып жібереді.