113
69 сурет.
Н.П.
Коротков әдісімен қолда қан қысымын анықтау.
а)
фонендоскоппен;
б)
пульс бойынша
70 сурет.
Қан қысымын аяқта анықтау.
а)
фонендоскоппен;
б)
тамыр соғысы бойынша.
Манжетка санның аумағына сәйкес болуы керек. Тексеруді бала төсекте жатқанда
өткізеді.
Н. П. Коротков тәсілмен қан қысымын анықтау үшін, баланың жасына немесе
иық шеңберіне сәйкес манжеттер қолданылады.
Қан қысымының көтерілуі (гипертензия) балаларда көбіне басқа ауруларға байланысты,
яғни бір аурудың белгісі ретінде болады. Сол себептен гипертензияны симптоматикалық
деп атайды.
Артериялық қысымның төмендеуі. Өкпе тамырының тарылуымен қабаттасқан туа
болған жүрек ақауларында, сол жүрекше-қарынша саңылауынын таралуында қан
қысымының төмендеуі байқалады. Қарыншалар арасындағы перденің ақауында
систолиялық қысым төмендейді, ал дистологиялық қысымы өзгермейді.
Артериальды қысымның төмендеуі ревматизмнен және
басқа себептерден пайда
болған миокардиттердің маңызды белгісі. Қан қысымының жедел төмендеуі
менингококкты сепсисте (менингококкцемия) немесе бүй-рек үсті безге қан құйылғанда
байқалады. Қан қысымының созылмалы бір қалыпты, тұрақты төмендеуі бүйрек үсті
бездерінің жарамсыздығына байланысты болады. Аддисон ауруында (қола ауру)
систолалық және диастолалық қысымдар бірдей төмендейді.
Жүрек перкуссиясы. Жүрек тығыз мүшелерге жататындықтан перкуссиялағанда
тұйық дыбыс береді. Жүрек перкуссиясы көрші жатқан өкпемен салыстырған-да, екітүрлі
перкуссиялық дыбыс беретініне негізделген.
Перкуссия арқылы жүректің мөлшерін, пішінін-/орнын және тамыр будасының
өлшемін білуге болады. Бәрінен бұрын плессиметр саусақты көкірекке арнайы шекке
қатар тығыз қысу үшін және бармақпен бармаққа соғу жайлы болатын жағдайларды табу
керек. Балалардың жүрегінің шектерін тексергенде нәзік (тыныш) перкуссия жасау керек.
Себебі, балалардың көкірегі үлкендермен салыстырғанда,
жұқалау және қатты соққанда
жақын жататын тіндер тербелес қимылына қосылып кетуі мүмкін, сондықтан жүрек
тұйықтығының абсолюттік және салыстырмалық шектері анық білінбей қалуы мүмкін.
114
72 сурет.
Перкуссия жасап, жүректің салыстырмалы тұйықтығын анықтау.
а) оң жақ шегін анықтау;
б) сол жақ шегін анықтау;
в) жоғарғы шегін анықтау.
73 сурет.
Жүректің
салыстырмалы тұйықтығының
сол жақ шекарасын тікелей перкуссиямен анықтау
Жүректің салыстырмалы шектерін анықтау үшін әуелі оң шегін, содан кейін сол
шегін, ең соңғы жоғары шегін тексеріп анықтап білу қажет. Жүрек тұйықтығының оң
салыстырмалы шегін табу үшін орта бұғана сызықпен 3-ші қабырға аралығынан бастап
төменге карай бауыр тұйықтығын анықтау қажет. Содан соң плессиметр бармақты тік
бұрып, бір қабырға жоғары оң шегіне
параллель етіп қойып, төске қарай тақылдатып ұра
бастайды
(72 сурет).
Дыбыстың тұйықтығын естігенде сырт жағынан көкірекке
белгі(нүкте) қою керек. Жүректің оң шегі оң жүрекшемен және оң қарыншаның шамалы
бөлігімен құралған.
Жүрек тұйықтығының сол салыстырмалы шегін анықтау алдында, жүрек ұшының
серпуін табу керек (ол салыстырмалы тұйықтықтың сол шегіне сәйкес болады, сол
қарыншамен құралған). Егер жүрек ұшының серпуін табуға болмаса, жүректің сол шектік
перкуссиясын 4-5-ші қабырға аралығында қолтық орта сызығынан бастап төске қарай
өткізеді
(72 б сурет).
Плессиметр бармақты іздеген шекке қатар қойып жүрекке қарай
жылжыту керек. Себебі, сол жақтан ұрғанда жүректің артқы шегі анықталады.
Жоғардағыдай дыбыстың тұйықтығын естігенде плессиметр–бармақтың сырт жағынан
белгі қою керек.
115
Жүрек тұйықтығының жоғары шегін анықтау үшін
плессиметр бармақты бірінші
қабырға аралығына сол төс маңы сызығында қабырғаға қатар қойып, төменге қарай
тақылдатып ұрады
(72 в сурет).
Дыбыстың тұйықтығын естігінде, бармақтың жоғары
жағына белгі қояды. Әртүрлі ауруларда жүрек шектерінің өзгеруі мүмкін. Салыстырмалы
жүрек тұйықтығының сол жаққа қарай ұлғаюы: екі жармалы қақпақтың
жарамсыздығында, аорта қақпағының кемшілігінде, аорта саңылауының таралуында,
аорта коарктациясында, ашық тамыр өзегінде байқалады.
Салыстырмалы жүрек тұйықтығының оң жаққа қарай ұлғаюы. Оң қарынша-жүрекше
саңылауының тарылуында, үш жармалы қақпақтың мүкістігінде, жүрекшелер арасындағы
перде
толық жабылмағанда, өкпе тамырының жеке тарылуында, туа болған күрделі
ақауларда, өкпе тамырының тарылуымен бірге
байқалатын
Эйзенменгер
синдромында
байқалады.
Салыстырмалы
жүрек
тұйықтығының
жоғары қарай ұлғаюы. Митральды қақпақтың
кемшілігінде,
сол
жүрекше-қарынша
саңылауының
тарылуында байқалады. Қарынша
арасындағы перденің мүкістігін-де,
диффузды миокардитте салыстырмалы
жүрек тұйықтығы сол және оң жақтарға қарай
ұлғаяды.
Аускультация. Жүректі тексерудің басты
әдістерінің бірі
(74 сурет).
Жүректі тыңдауды,
мүмкіндік болса, аурудың әр-түрлі қалпында өткізу керек (шалқасынан,
сол қырында,
жатқанда, түрегеліп тұрғанда). Себебі, жүрек дыбыстары әр түрлі қалыптарда түрлі естілуі
мүмкін. Балаларда, үлкендердегідей, жүрек қақ-пақтарының ең жақсы естілетін жерінен
тыңдау қажет. Қос жармалық қақпақ жүрек ұшының тұсында, үш жармалы қақпақ-төстің
оң жағынан 4-ші қабырға шеміршегінің қосылатын жерінде, аорта қақпағы 2-ші қабырға
аралығында төстің оң жағынан, өкпе тамырларының қақпақтары 2-ші қабырға
аралығында төстің сол жағынан тыңдалады.
С. П. Боткин ұсынған 5 нүкте 2-ші оң қабырғамен жүрек ұшын қосатын сызықтың
төсті қиып өтетін жерінде, төстің сол жақ қырында орналасқан
Жүрек аускультациясын келесі ретпен өткізу қажет. Алдымен жүрек ұшының
тұсында қос жармалық қақпақты тыңдайды (1-ші нүкте). Сосын аорта қақпақтарын 2-ші
қабырға аралығында, төстің оң жағында (2-ші нүкте), содан
кейін өкпе тамырларының
қақпақтарын 2-ші қабырға аралығында, төстің сол жағында (3-ші нүкте), үш жармалық
қақпақ төстің төменгі үшінші бөлігінде, төске семсерше өсіндінің бекітілген жерінде
тыңдалады. Боткин нүктесі тұсында аорта қақпағының дыбыстарын қосымша тыңдау (5-
ші нүкте) жүргізеді.
Жүрек қызметі кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар жүрек дыбыстары
(тондары) деп аталады. Дені сау балалардың жүрегін тыңдағанда, 2 дыбыс жақсы естіледі.
1-ші дыбыс систола кезінде пайда болатын — систолалық және 2-ші дыбыс диастола
кезінде пайда болатын – диастолалық дыбыс.
Баланы тыңдағанда, онша қалың емес сүйек және жұмсақ тіндердің жүрек дыбысын
жұтуынан, стетоскоп арқылы адам құлағына жеткенде дыбыс жаңғырып ІІІ-ші дыбыс
естіледі.
Балалардың жүрек дыбысы үлкен айқындылығымен, дауыстылығымен ерекшеленеді.
Дыбыстың әлсіздігі өмірінің бірінші күндерінде байқалады.
Жүрек соғуының дыбыстылығының қатынасы балаларда әр түрлі болады. Жаңа
туған балада бастапқы 2-3 күндігінде жүрек ұшында және Боткин нүктесінде II дыбыс I
дыбыстан басым болады.
74 сурет.
Жүрек аускультациясы
116
Сонан кейін теңеліп 2-3 айлығында I дыбыстың естілуі басым бола бастайды. Жаңа
туған балада жүректің негізінің тұсында II дыбыс басым болады, сосын I-II дыбыстың
дыбыстылығы теңеліп, 1-1,5 жасында қайтадан II дыбысының дыбыстылығы басым
болады. 2-3 және 11-12 жаста II дыбыс сол жақтан 2-ші қабырға аралығында (оң жаққа
қарағанда) жақсы естіледі. Ол көбіне жіктеліп естіледі. 12 жасында жүрек дыбыстарының
күші теңеле бастайды да, II дыбыс оң жақтан (аорта үстінен) жақсы естіледі.
3-ші дыбыс жүрек ұшы тұсынан және терең дем алғанда абсолюттік дыбыссыздық
аймағында және шамалы жұмыс істеп қимылдағанда естіледі. Көлденең жатқанда да
естілуі мүмкін.
Жаңа туған баланың жүрек дыбыстарының осындай саздық көрінісі эмбриокардияны
метроном ырғағын еске түсіреді, яғни жүрек дыбысының күші (биіктігі) және дыбыс
аралығындағы (дыбысқа дейінгі және кейінгі) үзіліс бірдей болады.
Достарыңызбен бөлісу: