107
Сол жүрекшедегі қысымның көтерілуі сопақша тесіктің, туылғаннан соң, бірер
сағатта функциялық жабылуына әкеліп соғады. Толығымен бітелуі (облитерациялануы) 5-
6 күннен 3-4 айлығына дейін жүреді.
Туғаннан кейін 1-3 сағаттан соң өкпе тамырларындағы қарсы күш азайған кезде
қанның солдан оңға қарай айдалуы байқалады. Кіші қан шеңберінің құрылуы (реттелуі) 4
сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.
Айы-күні жетіліп туған балалардың артериялық өзегінің бітелуі 2-3 айлығында (20-
30%), ал толық бітелуі (90%) балаларда – 1 жасқа дейін созылады.
Пульс дегеніміз жүректің жиырылуы барысында, артерия жүйесіне қанды айдауынан және
систола мен диастола кезіндегі қысымның өзгеруінен болатын артерия қабырғасының
ырғақты қозғалысы.
Пульс толқынының таралуы артерия қабырғасының серпінділігіне сәйкес созыла
және жиырыла алатын қабілетіне байланысты. Жаңа туған балалардың пульсі ырғақсыз-
дығымен, оның ұзақтығы мен толқындарының біркелкі еместігімен ерекшелінеді. Тамыр
соғу саны жаңа туған балада бір минутта 140-160 рет болып келеді.
6 айда -«- 130-135 рет
1 жаста -«- 120 -«-
5 жаста -«- 100 -«-
8 жаста -«- 100 -«-
10 жаста -«- 85 -«-
12 жаста -«- 80 -«-
Физиологиялық тахикардия (жүрек соғысының физиологиялық үдеуі) зат алмасудың
қарқындылығына байланысты.
Артериялық қысым – қанның ағысының артерия қабырғасының ішкі бетіне және
қанның алдыңғы бағанасына көрсететін қысымы.
Артериялық қысым артерия жүйесіндегі қанның ағысына, қан тамырларының
серпінділігіне, қанның құрамына және көптеген әсерлерге байланысты. Диастола және
систола қысымы болып екі түрге бөлінеді.
Систола қысымы – систоладан кейін болатын қысым, яғни пульс толқынының ең
биік кезінде байқалатын қысым.
Диастола қысымы – диастола кезіндегі қысым. Бұл пульс толқынының қайтқан
(төмен түскен) кезінде болатын қысымы. Артериялық қысым жас өскен сайын өседі.
Әсіресе, систола және диастола қысымы өсуге бейім болады. Жаңа туған балада систола-
лық қысымы сынап бағанасы бойынша – 50-58 мм-ге, 1 жасқа таман – 90 мм-ге теңеледі.
Молчанов формуласы: жоғарғы (максимальды) артериялық қысым = 90+2n. Төменгі
(минимальді) қысым = жоғары қысымның 1/2 бөлігі + (5–10). Бұл орташа көрсеткіштер.
Достарыңызбен бөлісу: