Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет48/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Пульсті зерттеу.
Пульс (тамыр соғуы) деп систола және диастола кезіндегі 
жұмыстары, яғни жүрек соғуының әсерінен, қан тамырлары қабырғаларының бүлкілдеуі 
аталады.
Балалар пульсі өзгерімпаз (айқалағанда, жылағанда, қобалжығанда, сасып қалғанда 
пульс жиілеп қана қоймай, ырғағы да бұзылады) болғандықтан тексеруді пульс жиілігін 
санаудан бастау керек. Ал, өте мазасыз балаларда тамыр соғысын ұйықтап жатқан кезде 
тексеру керек. Пульсты 
а.rаdialis 
немесе 
а.tетроrаlіs 
(кішкене сәбилерде) тамырларында 
анықтайды 
(68 сурет). 
Оң қолымен баланың қолын білек алақан буынының сырт жағынан еркін ұстап, сұқ 
және орта бармақтардың ұштарымен 
а.radialis 
тамырын тауып, оны сәл ғана сүйекке қысу 
қажет. Сол кезде пульстің жиілігін, ырғағын, толықтығын, күшін анықтауға болады. 
Сонымен бірге, сол және оң қолдың пульстерін бірдей ұстап салыстырады. Екі жағында 


112 
бірдей екенін анықтағаннан кейін тек оң жақ қолдағы пульсты сипаттайды. Тамыр 
соғысының жиілігі: 1 минутта жаңа туған балаларда 140–160, 1 жасар балада 120, бес 
жаста 110, он жаста 80, ал үлкендерде 70–72 ретке тең болады. Бұл «физиологиялық 
тахикардияның» себебі зат алмасудың балаларда қарқынды болуына байланысты. Бір 
тыныс қимылына 3,5–4 пульс толқыны сай келеді. Кейде сол қарыншаның жиырылу күші 
қатты әлсірегендіктен шеткі тамырлардың соғысы анықталмайды. Онда пульс саны 
жүректің соғу санын тыңдау арқылы жүректің соғу жиілігін анықтайды. Жүрек жиырылу 
санымен пульс жиілігі арасындағы айырмашылық пульс дефициті деп аталады. Тамыр 
соғысының ырғағы (ритмі) – пульс толқындарының бірінен соң бірінің бірдей уақыт 
аралығында өтуін ырғақты пульс деп есептейміз. Пульс ырғақты 
(р. rеgularis) 
және 
ырғақсыз 
(р. іrrеgиlаris) 
болады.
Пульстің кернeуі тамырдың қабырғасын бармақпен қан жүрмейтіндей етіп басуға 
жұмсалатын күшпен анықталады. Пульстің бұл қасиеті систолалық қан қысымының 
мөлшеріне тікелей байланысты. 
Пульстің формасы (түрі) артерияны екі саусақпен жәйлап басып, оның ішіндегі 
қысымның жоғарлау және төмендеу сипатына байланысты анықтайды. Пульстің формасы 
әдеттегідей, тез (жылдам), секеңдеген, жәй, енжар болуы мүмкін. 
Педиатриялық практикада тамыр соғысының жиілеуі жиі анықталады. Вирусты-
бактериальды ауруларының көбінде, жүрек-тамыр ауруларында, қан айналымының жетіс-
пеушілігінде, анемияларда, тиреотоксикозда тахикардия пайда болады. Дененің қызуы 1
о
жоғары көтерілсе, пульс жиілігі 1 минутта 10-12 ретке жиіленеді (үлкендерден көбірек). 
Пульстің сиреуі (брадикардия). Әртүрлі типті блокадаларда, жүрек гликозидтерін 
шамадан тыс көп бергенде, вирусты гепатитте, менингиттің басты кезеңінде, 
мекседемада байқалады. Жиіленген әлсіз пульс жүрек әлсізденгенде, тамыр қысымы 
төмендегенде, аорта қақпағы тарылғанда байқалады. Сірескен қатты пульс тамыр 
қысымының жоғарылағанын (гипертониялық ауру, нефрит, эндокринды аурулар) 
көрсетеді. 
Қан қысымын Н. П. Коротков әдісімен тексереді: арнайы манжетка (баланың жасына 
немесе иық аумағына сәйкес) баланың иығының орта шеніне еркін кигізіледі 
(манжетканын астына екі бармақты сыйғызуға мүмкін болуы қажет). Өлшеуді баланың 
отырған қалпында жүргізу керек. Баланың қолын алақанын жоғары қаратып, стөл үстіне 
салады (қолдың бұлшық еттерін бос ұстау керек). Манжеткаға әдейі жалғастырып қойған 
насоспен ауа толтырады (манжетканың ішіндегі ауа қысымы тамыр соғысының сезілмей 
қалатын қысымнан 30 - 40 мм сынап бағанасынан артық болуы қажет). Содан соң шынтақ 
бұрышының шұңқырына стетоскопты қойып манжетканың ішіндегі ауа қысымын жайлап 
төмендетіп бірінші дыбыс пайда болғандағы және жойылып кеткен кездегі қысымды 
манометр бойынша анықтайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет