Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет47/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

 
Жоғарғы шектік көрсеткіш систолалық 105+ 2п 
диастолалық 75+ п 
Төменгі шектік көрсеткіш систолалық 75+ 2п 
диастолалық 45+ п
п 
— баланың жылмен есептелген жасы. 
Веналық қысым – веналық тамырлардағы қанның көрсететін қысым күші, оның мөлшері – 
веналық тонусына, венадағы қанның мөлшеріне және оң қарыншаның жиырылу 
қабілетіне байланысты. 
ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ 
Жүрек-тамыр жүйесі зақымдалған балаларды тексергенде науқастың, ата-анасының 
жасын, денсаулығын, тұратын мекенін анықтау керек. 


108 
Ерте жастағы балаларда туа біткен, ал ересек балаларда ревматикалық ақаулар жиі 
кездеседі. 
Ерте жастағы ауру балаларды дербес тексеру жүргізгенде, анасынан сұрастыру 
жүйелі ретпен өткізіледі. Анасынан сұрастырғанда, жүктілік кезеңнің өтуіне ерекше назар 
аудару керек (бірінші триместрдегі ауруына). Жүктіліктің бірінші айларында анасы 
қызамықпен ауырса, баласында туа бітетін ақау байқалуы мүмкін. Басқа вирусты аурулар 
туа болатын кардиттердің себебі болуы мүмкін. Кейде анасы босану қалыпты түрде өтті 
дейді. Дегенмен, сұрастырғанда босану немесе жылдам, сусыз кезеңінің ұзақ болғаны 
немесе босанудың басқа ауытқулары белгілі болады. Соған байланысты анасына бірнеше 
жорта сұрақтарды қою қажет. 
Отбасы тарихын анықтағанда, туысқандардың кенеттен өлу жағдайларын, ата-
аналарының және отбасының басқа мүшелерінде байқалған анемиялық және\немесе 
гипертониялық науқастарға назар салу қажет. Отбасында туа болған жүрек ақауларымен 
немесе жүрек соғысының ырғақсыздығымен және т.б. ауытқулар байқалған балалар болды 
ма? Соны анықтау керек. 
Жүрек ауруларына шалдыққан балалардың ең ерекше шағымдары әлсіздік, денеге 
күш түскенде, жүргенде, ойнағанда, баспалдақпен көтерілгенде және тағы басқа 
жағдайларда тез зерігу немесе шаршау болып келеді. 
Тахипноэ (ентігу, демігу) – жүрек-тамыр ауруларының белгісі болып табылады. 
Алдымен осындай демігу – жүрекке шамалы күш түскенде, жүргенде, сөйлегенде білінсе, 
кейін тыныш жатқанда да білінетін болады. 
Жүрегі ауыратын науқастарда, жүректің сол қарыншасының жарамсыздығы пайда 
болғанда, тұншығу ұстамасы пайда болуы мүмкін. Бұл жүрек астмасы деп аталады. 
Балалардың жүрек тұсының ауруы эндокардит, миокардит, жүрек неврозы 
ауруларынан басқа жағдайларда да болуы мүмкін. Мысалы: плеврит, қабырға аралық 
невралгия, миозит, қабырғаның сынуы, периостит және тағы басқалар. 
Жүрек соғуы – науқастың өзінің жүрегінің соғуын сезінуі. Тахикардияда және 
брадикардияда байқалуы мүмкін. 
Егер бала бұрынғы уақыттарда осы жүрек-тамыр ауруы туралы тексеруден өтсе, 
науқас тарихының көшірмелерін, анықтамаларын, ата-аналарының қолдарындағы бүкіл 
ақпараттық қағаздарын анықтап, талдау керек. 
Туысқандарында, әулетіндегі басқа балаларда жүрек-тамыр ауруларының бар-жоғын, 
туысқандардың өлу себебін анықтау қажет. 
ҚАРАУ.
Науқасты тексеру кезінде баланың төсектегі жатқан қалпына көңіл аудару 
керек. Жүрек-қан тамыр жарамсыздығының қатқыл жағдайларында, бастапқы қалпында 
тұншығу ұстамасы пайда болатындықтан, науқастар басының, кеудесінің астына көп 
жастық салып тікесінен отырады. Өте ауыр жарамсыздығында науқастар басының астына 
жастық салып, аяғын керуеттен түсіріп, салбыратып жіберіп, шалқайып отырады. 
Ылғалды перикардиттерде, кейде, науқастар екі бүктеліп немесе ішіне жастықты қысып, 
басып отырады. 
Ауру балалардың дене дамуын бағалау өте маңызды. Баланың бойы өз жасынан 
қалыс болуы әркашанда баланың, көптен, ерте жасынан ауру болғанын көрсетеді. Бала 
денесінің жоғары және төменгі жартылығы тепе-теңдіксіз дамыса, әсіресе, баланың 
төменгі жағы дұрыс дамымай, ал жоғарғы бөлігі (қолы, иығы) өте жақсы дамыған болса, 
аортаның құрылысының (коарктация) өзгеруі туралы ойлау керек. 
Тері мен көзге түсетін кілегей қабықтардың түсіне көңіл аудару керек. 
КӨГЕРУ. Акроцианоз – мұрын ұшының, ерінінің, екі бетінің, құлақ ұшының, 
бармақтарының көгеруі акроцианоз деп аталады. Көгерудің жоғарғы дәрежедегі түрлері 
«шойын түстес», жүректің іштен туа болған ақауларының кейбір түрлерінде (Фалло 
тетрадасы және басқалар) байқалады. Екі бетінің қызарып алаптануы митральды 
«көбелек» немесе 
fасіеs тіtrаlіs 
жүректің митральды ақауларында пайда болады. 


109 
Терінің және кілегей қабықтарының бозаруы (ағаруы) әдетте аорта қақпағының 
жетіспеушілігінде, эндокардиттерде, коллапста анықталады. 
Септикалық эндокардитте терінің түсі «сүт құйған кофе» тәрізді болады. 
Жалпы қарау жүргізгенде тері асты шел майының қалыптасуына назар салу қажет 
(ісіктің пайда болуы). Аурудың көкірегін сырттай қарағанда, оның пішініне назар салу 
керек: тері астындағы көк тамырлардың суретінің бар-жоғын, жүрек аймағындағы 
кеуденің ісінуін (жүрек бүкірі) анықтау қажет. Баланың аяқ-қолын қарағанда, кейбір 
ауруларда пайда болатын бармақтардың пішінінің бұзылуын (дабыл таяқшалары тәрізді 
бармақтарды, «сағат шынысы» тәрізді тырнақтарды) көруге болады. 
Жалпы қарағанда ісіктердің бар-жоғына назар аудару керек. Олар қарау арқылы 
немесе сипау арқылы анықталады (бас бармақпен балтырдың ішкі жағына немесе асық, 
табан аймақтарында басып қарағанда, сол жерлерде бармақтың ізі қалады). Жүрек 
ауруларына шалдыққан балаларда ісік төменгі жақта болады. Ісік үстіндегі терінің түсі 
көкшіл болып келеді. 
Кеуде қуысын қарағанда, жүрек аймағының томпаюын анықтауға болады (туа болған 
жүрек ақауы пайда болғандағы жүрек бүкірі). Дабыл таяқшасы тәріздес бармақтар, сағат 
шынысы тәріздес тырнақтар белгілері туа болған жүрек ақауында кездеседі. Мысалы: 
жүрек қарыншаларының арасындағы перде толық жабылмағанда, төстің жарма ойығында 
күшейген пульсация кездеседі. Кеуде қуысының, ықыласпен қарағанда, қабырға 
аралықтарында тамырлардың күшейген соғысын көруге болады (аорта коарктациясы).
Жүрек ұшының серпуін көз салып немесе бармақпен сәл басып, анықтауға болады. 
Жүректің сүйірленген бөлігі, яғни қарыншасының сүйір тобы, жүрек ұшы жүрек 
жиырылғанда (систола) көтеріліп, 3–4-ші қабырға тұсында соғылады да, сол қабырға 
аралықтарын (бала жасына сәйкес) сәл көтереді. Жүрек ұшының серпуі көзге көріне ме, 
көрінсе – қай қабырға аралығында, қай сызықшаның бойында анықталады, әлсіз бе, нықты 
ма, дұрыс па, теріс пе? Қалыпты жағдайда да, кейбір сау балаларда қабырға аралықтары 
тар немесе тер асты шел майының дамуы артық болғандықтан жүрек ұшының серпуін 
әлсіз соғыс түрінде 4—5 қабырға аралығында орта бұғана сызықтың сыртқы жағынан 
немесе соның тұсының көруге болады, алаңы 2 см
2
-ден аспайды. 
ЖҮРЕК АЙМАҒЫН ПАЛЬПАЦИЯ ЖАСАУ 
Алақанды түбірін төске, бармақтарын қолтыққа қарай, көкіректің сол жартысына 
қысып қойғанда, жүрек ұшының серпуінің орынын табуға болады, сонымен бірге 
митральды клапан тұсындағы жүрек дірілін анықтауға болады
(67 а сурет). 
Алақанды төске және көкіректің оң жартылығына қарай жылжытқанда, жүрек 
түбіріндегі қолқа серпуін және қолқа тұсындағы жүрек дірілін анықтауға болады. Одан 
кейін жүрек ұшының серпуін алғашқы қарау арқылы тапқан орнынан 2-3-ші бармақтың 
ұштарымен басып, оның жинақтығын, жайылуын анықтауға болады 
(67 б сурет). 
 
67 сурет. 
Жүрек ұшының серпілуін анықтау
а), б) 


110 
Балаларда жүрек ұшының серпуін жинақы 
деп, 2-3 қабырға аралығында сезілгенде 
аталады. Жүрек ұшының соғуын жинақтығын 
анықтағанда, оның сезілетін қабырға аралығын, 
орта бұғана сызығына қатынасын (тұсында, 
ішкі, сырт жағында, неше см) міндетті түрде 
анықтау керек. Жүрек ұшының соғуының 
қалыпты орнынан жылжуы сау балаларда 
төсектегі жату қалпы өзгергенде (мысалы, сол 
қырында жатқанда ол сол жаққа жылжиды, оң 
қырында жатқанда – оң жаққа) мүмкін болады. 
Жүрек ұшының серпуінің жинақтылығына 
тыныс кездері де әсерін тигізеді. Терең дем алғанда серпу төмен жаққа, ал терең дем 
шығарғанда – жоғары жаққа жылжиды. Бұл физиологиялық жылжу деп аталады. Сипау 
кезінде жүрек аймағының ауруына және ісінуіне назар аудару қажет.
а)
г) 


111 
д)
б )
е) 
в)
ж)

68 
сурет

Артериалық пульсті зерттеу.
а) 
ұйқы артериясында; 
б)
 
иық артериясында; 
в)
 
шыбық артериясында; 
г)
 сан 
артериясында;
д) 
poplitea;
е)
 tibialis 
posterior; 
ж)
 а. gopsolis 
Пальпация арқылы кеуде қуысының дірілін бақылауға болады. Осы діріл систола 
кезеңімен сәйкес келсе, ол систолалық, ал диастола кезінде анықталса, диастолалық 
(мысықтың пырылдауы) деп атайды. Систолалық діріл туа болған ақауларда кездеседі. 
Систолалық дірілдеуі мен диастолалық дірілдеудің айырмасы – систолалық дірілдеу 
жүректің ұшының соғуынан кейін, ал диастолалық дірілдеу – оған дейін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет