(60 сурет).
Н. Ф. Филатов 1–2 жастағы баланың арқасын перкуссиялағанда, баланы стол
үстіндегі көпшікке отырғызуды ұсынды. Шынтағын тіке бүгіп, білегін ішіне,
көлденеңінен бірінің үстіне бірін, қояды. Оң жағында тұрған анасы немесе медбике оң
қолымен ұстап тұрады. Ал, сол қолын баланың желкесіне қойып, басы артқа шалқайып
кетпес үшін ұстап тұрады. Алдыңғы жағын шалқасынан жатқызып тексереді.
Симметриялы емес учаскені тықылдатқанда есте ұстайтын нәрсе: бала жылап, қатты
дыбыс шығарып айқайлағанда, дауыс өзгеруі мүмкін. Сондықтан, жаңылыспас үшін,
перкуссияны салыстырмалы перкуссиядан бастаған жөн. Ол дауыстың өзгеруін неғұрлым
дәл анықтайды.
Экссудативті плевритте, егер сұйық барлық плевра кеңістігін толтырып тұрмаса,
Эллис-Дамуазо-Соколов сызығын анықтауға болады
(61-1 сурет),
жоғары шекарасы
артқы қолтық сызығының бойында болып, одан ішке қарап төмен түседі. Сызық сұйықтық
максимальды деңгейіне сәйкес келеді, және өкпе түбіріне қарай, сұйыққа жақын ьғысады.
103
60 сурет
. Салыстырмалы перкуссия (стрелкамен перкуссия жасагандагы саусақтың
бағыты көрсетілген; пунктир
–
қабырга деңгейі);
а)
алдыңгы бетіндегі көрініс;
б)
артқы бетіндегі көрініс.
Сұйық бар жақта қысқарған тимпанит естіледі. Ол үшбұрыш түрінде экссудаттың
үстінде орналасады (Гарлянд үшбұрышы)
(61-2 сурет)
және ол сығылып тұрған өкпенің
орналасуына сәйкес келеді. Шекаралары: гипотенуза – Эллис-Дамуазо-Соколов сызығы,
катеттері – омыртқа сызығы және сұйықтықтың жоғары нүктесінен омыртқаға түсірілген
сызық. Артқы сау жағынан көкірек қуысы ығысуы әсерінен перкуссия дыбысының
тұншығу учаскесі пайда болады – ол Грокко-Раухфус үшбұрышы
(61-3 сурет).
Оның бір
катетін – омыртқа сызығы, екіншісі – сау өкпенің төменгі жиегі, ал гипотенузасын –
Эллис-Дамуазо-Соколов сызығының жалғасы құрайды.
Тимпаникалық (дабыл) дыбыс пайда болатын
жағдайлар:
1. Ауасы бар қуыс пайда болғанда: а) өкпе тінінің
қабыну әсерінен бұзылуы (тубелкулезді каверна,
абсцесс,
ісік, киста); б) көк ет жарығы және кисталар
пневматизациясы; в) пневмоторакс.
2.
Өкпенің созылғыштық қасиетінің төмендеуі
әсерінен өкпе тінінің әлсіреуі (эмфизема), өкпе созылуы,
ателектаз және тағы басқалар.
3.
Альвеолдардың ауаға толуы және, сонымен қатар,
сұйықтық болуы, өкпе ісінуі, қабыну, тағы басқалар.
Қораптық дыбысы: қатты перкуторлы тимпанит реңді
дыбыс, ол өкпе тінінің созылғыштығы нашарлап, оның
қуысында ауа көбейгенде естіледі (өкпе эмфиземасы).
«Ыдыстың (құмыра) жарылуы тәріздес» шу – ыдыс
сынып, жарылып жатқандай дыбыс естіледі. Ауру аузын
ашқанда (бала жылаған кезде) шу қаттырақ, анық естіледі.
Кренинг аланының ені плессиметр саусақты трапеция
тәрізді бұлшық еттің жоғарғы жиегінің ортасына орналастырып, кезек-кезек иыққа,
мойынға қарай жылжытып перкуссиялау арқылы анықталады. Табылған нүктелер
аралығы Кренинг аймағының ені ретінде анықталады. Қалыпты жағдайда ол ен 4—6 см
алқапты қамтып жатады.
АУСКУЛЬТАЦИЯ. Баланы жатқызып, отырғызып,
тұрғызып қойып тыңдауға болады. Тыңдау үшін жәй
немесе биоурикулярлы фонендоскоп пайдаланылады
немесе тікелей құлақпен тыңдауға болады. Кішкене
балалар
мазасыз
болатындықтан,
оларды
қатты
стетоскоппен тыңдау қиын, кей-кезде мүлдем тыңдауға
мүмкіндік болмайды. Сондықтан, оларды тыңдау үшін
жұмсақ стетоскоп пайдаланған дұрыс
(62 сурет).
Баланың
жылағаны, айқайлағаны аускультация жасауға кедергі
болмайды. Керісінше, баланың тыныш кезіндегісімен
салыстырғанда, тынысы тереңдеп, сырыл, шулар жеңіл
естілетін болады. Алдымен негізгі тыныс шумен, содан
кейін қосымша шулардың түрін анықтау керек. Сонымен
қатар, өкпенің симметриялы нүктелерін тыңдап, тыныс
шуларының естілу қабілетін салыстырады
(63 сурет).
Жаңа туылған сәбидің және 3–6 айға дейінгі
балалардың тынысы әлсіздеу естіледі. Содан кейін 5–7
жасқа дейін пуэрильді тыныс, яғни күшейген везикулярлы тыныс тыңдалады: тыныс
61 сурет.
Экссудативті
плевритте перкуссиялық
дыбыстың өзгеруі:
1.
Эллис-Дамуазо-Соколов
сызығы;
2.
Гарлянд үшбұрышы;
3
. Грокко-Раухфус үшбұрышы
62 сурет.
Сәбилердің өкпесін
тыңдау
104
алудың екі сатысында да (дем шығару және ішке тарту) тыныс шуы әдеттегіден дауысты
және ұзағырақ естіледі
(64 сурет).
а)
б)
63 сурет.
Өкпені тыңдайтын орындар.
а)
алдыңғы бетінен;
б)
артқы бетінен
7 жастан бастап тыныс везикулярлы бола бастайды. Алғашқыда өтпелі везикулярлы,
яғни пуэрилдімен везикулярлы тыныстың ортасында болады
(64 сурет).
Тыныстың патологиялық өзгеруі. Ұсақ бронхтар тарылғанда (тыныс шығарғанда),
бронхтар қабынғанда немесе тарылғанда (астма ұстамасы, бронхолит), қызбалы
ауруларда, бір жағында патологиялық процесс жүріп, екінші сау жағында дыбыс
компенсаторлы, тыныс күшейеді.
Тыныстың қатты естілуі немесе қатқыл везикулярлы тыныс шығару сатысы
ұзарғанда бронхитте, бронхопневмонияда болады.
Бронхиальды тыныс өкпе ткані қатайғанда (сегментарлы және бөлікті пневмония,
өкпе іріңдігі) естіледі.
Сырылдар — қосымша шулар болып есептелінеді және бронх қуыстарындағы қан,
кілегей сұйықтардың қозғалуынан пайда болады. Сырылдар құрғақ және ылғалды болып
екіге бөлінеді. Үлкен бронхтарда пайда болған құрғақ сырылдар төмен дыбысты (ызыңды)
құрғақ сырыл, ал орташа бронхтарда пайда болған құрғақ сырылдар жоғары (ысқырықты
құрғақ дыбыс) болып келеді. Құрғақ сырылдың пайда болуына сұйықтың қатысы жоқ.
Олар тұрақсыз және өзгергіш болады, ларингитте, фарингитте, бронхитте кездеседі.
Ылғалды сырылдар. Ауа бронх ішіндегі сұйықтық арқылы өткенде пайда болады.
Ауа толқыны сұйықтық арқылы өтіп, көпіршектер жарылғанда, көпіршіктің жарылуының
ылғалды сырылы (судың бүлкілдеп қайнағанын еске түсіреді) естіледі.
Саңылауында сұйықтық жиналған бронхтың мөлшеріне байланысты ылғалды
сырылдар – ірі көпіршікті (ірі бронхтарда), орташа көпіршікті (орташа бронхтар) және
ұсақ көпіршікті (ұсақ бронхтар) болып бөлінеді. Ең маңыздысы – олар сыңғырлаған ашық
105
және ашық емес болып бөлінеді. Біріншісі бронх жанындағы өкпе тіні қатайғанда
(пневмонияда) және қуыс пайда болғанда (каверна, бронхоэктазда) естіледі.
Ашық емес дыбыстар – бронхиолит, бронхит, өкпе ісінгенде, ателектазда естіледі.
Сырылдан крепитацияны ажырата білу керек, крупозды қабынғанда, бронхиолдар-
дың әртүрлі терминальды бөліктерінде пайда болады. Бұнда альвеолалар қабырғалары
тыныс шығарғанда жабысады да, келесі тыныс алғанда ажырап, крепитация пайда болады.
Круппозды пневмонияда алғашқы 1-3 күндері құйылу, толу сатысында крепитация
және соңғы сатыларында, 7-10 күндері, экссудат сорыла бастағанда, сырылдарды
естуге болады.
64 сурет.
Тыныс түрлері (схема).
а)
везикулярлы тыныс;
ә)
әлсіреген везикулярлы тыныс;
б)
күшейген везикулярлы тыныс;
в)
бронхиалъды тыныс;
г)
әлсіреген бронхиальды тыныс;
д)
күшейген бронхиальды тыныс;
е)
бронховезикулярлы тыныс.
Плевраның үйкелісі шуы. Плевраның қабықтарынын үйкелуінен пайда болады, тек
қана патологиялық жағдайларда кездеседі. Плевра қабынғанда, фибрин және инфильтрат
пайда болғанда (плевра беті бұжырланып тегіс болмайды) байқалады.
Плеврада тыртық болғанда, плевра ісінгенде, туберкулезінде, организм шұғыл су
жоғалтқанда (коли-инфекция, холера тағы басқалар) байқалады.
Бронхофония – аускультациямен анықталатын дауыстың бронхтардан кеуде қуы-
сының бетіне өтуі. Бронхофония өкпенің симметриялық аймақтарында анықталады. Се-
зімтал болып келетін сыбырлап сөйлеуді қолданған жөн. Науқас төмен дауыспен сыбыр-
лап, «ия» және «и» әріптерді айтады. Мысалы: «бір чашка чай», «шамшырақ», шаң-шұң.
Өкпе қатайғанда (пневмония, туберкулез), ателектазда бронхофония өзгеше болады.
Каверналар мен бронхоэктаздар қуыстарының үстінде, бронх бітеліп қалмаса,
бронхофония мұнда да өте қатты естіледі. Өкпе ткані қатайғанда, күшейтілген
бронхофонияда дауыс жақсы өтсе, қуыстар пайда болғанда, резонанс болады. Сондықтан
ашық пневмоторакста бронхофония күшейеді.
Егер плевра қуысында сұйық (плеврит, гидроторакс, гемоторакс) және ауа
(пневмоторакс) жиналса, бронхофония әлсіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |