Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет40/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

II.
 
Тыныстың (дем алудың) өте жиілігі. Жаңа туған бала 1 минутта 40-50 рет дем 
алады. 1 жаста 30-35,5 жаста 25,10 жаста 20 рет дем алады. Ал, үлкен кісілер 16-18 рет-ақ 
дем алады.
III.
 
Бала дүниеге келгеннен соң алғашқы 2 жеті бойына тыныс алу ырғағының 
бұзылуы (аритмия) – ырғақсыз тыныс байқалады. Яғни, дем алу мен дем шығару 
арасындағы үзіліс біркелкі болмайды.
IV.
 
Тыныс алу типі (түрі). Жаңа туған бала – ішпен (көк етпен) дем алады; Емшек 
жасындағы балада – кеуде-іш типті тыныс; 2 жастан бастап аралас – диафрагма - кеуде 
типті тыныс; 3-4 жаста – көк етпен дем алудан гөрі, кеуде арқылы дем алу жиі байқалады; 
7-14 жаста – жыныс ерекшеліктері байқала бастайды; препубертатты және жыныстық 
жетілу кезеңінде ер балалар ішімен, қыз балалар кеудемен дем алады. 
ТЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
Баланы тексеру барысында ауру баладан немесе ата-анасынан баланың ауруы туралы 
деректердің белгілі бір тәртіппен жиналуын қадағалау керек. 
Ауру жөнінде дерек жинағында ыстығы көтерілді ме, бала қалтырап, тоңды ма, 
анықтап білу керек. Сонымен қатар, бұрын соңды өкпе аурулары байқалды ма, ол қалай 


94 
дамиды, айығуы қалай анықталды. Баланың қызылша, көк жөтелмен ауырғаны, отбасында 
туберкулезбен ауыратын адам бар-жоғы туралы мәліметтерді сұрастырып білу керек. 
Диагноз үшін де, ауру баланы дұрыс емдеу үшін де, оның жылағаны, дауысын, 
жөтелін дұрыс бағалай білудің маңызы зор. Сау бала дүниеге қатты айқайлап келеді. Ол 
кезде бала алғашқы рет терең дем алып, жиырылып тұрған өкпе жазылып, қалыпты 
жағдайға түседі. Егер бала әлсіз шиқылдаған (шіңкілдеген) дыбыс шығарса немесе дем 
алса, онда баланың жалпы әлсіздігі (шала туылу) немесе ауыр науқас жөнінде ойлану 
керек. Жаңа туылған нәрестелер мен сәбилер қатты дауыстап жыласа, яғни, ол терең 
тыныс алғанда ауырсынбағаны. Демек, плевраның мертігуі, плевропневмония мен 
перитонит сияқты аурулардың жоқтығы туралы мәлімет аламыз. 
Жас нәрестелер қатты дауыстап ұзақ жыласа, баланың қалай құнтақталғанын, 
денесіне бататын заттың және шағатын жәндіктердің жоқтығын, анықтап, тексеріп, сулы 
жаялықтарын кезінде алмастырылуын және т.б. мұкият қадағалау керек. Баланың іші 
кепкенде, ішек шаншығанда бала жайсызданып, мазасызданып жылай бастайды. 
Орталық құлақ қабынып, ауырсынғанда баланың айқайлап жылаған дауысы 
өзгешелеу болады, емгенде және жұтынған кезде, ауруы күшейеді де, бала бір-екі рет 
сорғаннан кейін, сормай қатты айқайлап мазасыздана бастайды. Құлақ түйінін басып 
көргенде және құлақ қалқанын жоғары және артқа қарай тартқан кезде бала ауырсынып, 
басын тартып алуға тырысып, қатты жылайды. 
Кіші дәретке отырғанда ер балалар айқайлап жыласа – фимоз, қыз балаларда – 
вульвит, цистит немесе кіші дәретке тұздың шеттен тыс жиналуы туралы ойлау қажет. 
Үлкен дәретке отырар алдында немесе отырған кезде қатты жыласа іш қату, артқы 
ішек маңайында жарық немесе сызат болы мүмкін. 
Бір қалыпты ыңырсу, арасында қапыл қатты айқайлап жіберуі бас сүйек қуысының 
қысымы көтерілгенде байқалады. 
Баланың бір жері ауырған кездегі жылағанынан, оның аш кезіндегі жылауын айыра 
білу керек. Эйтрофик бала аздап қарны аш болса қатты дауыстап қоймастан жылайды, 
бірақ, аса көп мазасызданбайды және тамақтандыра бастағанда жылағаннан бірден қоя 
қояды. Гипотрофик, атрофиктер ұзақ уақыт дұрыс тамақтандырылмаған балалар 
ашуланыңқырап жылайды, үнемі жұдырығын аузына салып сорады. Жөтел тыныс 
жүйесінің зақымдалуының негізгі белгілерінің бірі болып келеді. Осыған орай, тыныс 
жолдарының ауруларын айыра білу үшін жөтел түрлерін білудің маңызы үлкен. 
Жөтел – күрделі рефлексті, қысқа дем алу сатысынан басталады да, одан кейін 
басымдылықпен тыныс шығарады. Ауа қысымымен ауа жүретін жолдардан өтіп, жөтел 
дыбысын шығарады. Жөтел организмінің физиологиялық актісі болып есептелінеді. Ол 
арқылы тыныс жолдарындағы кілегей, экссудат және бөгде денелер кейін шығарылады. 
Олар патология болып есептелінеді, сау балада болмауы керек. 
Жас нәрестелер дұрыс жөтеле алмайды, себебі тыныс еттері әлсіз және ол бронх пен 
бронхиолдардың бітеліп қалуына себеп болуы мүмкін. Жаңа туған сәбилер, туа болған 
аномалияларда, салдық (параличтік) сатыдағы полимиелитте және іш қуысында амнионды 
сұйық жиылып қалған аурулар жөтеле алмауы мүмкін.
Жөтелдің бірнеше түрі болады: 
Қатқыл үрлеп жөтелу (көмей, кеңірдек қабынғанда, круппта кездеседі). Құрғақ 
азапты жөтел, сөйлегенде, жылағанда күшейеді, бронхит жаңа басталып келе жатқанда 
кездеседі. Ылғалды жөтел – қақырық шыққанда, трахеобронхитте, бронхитте кездеседі. 
Қақырық – 5 жасқа дейінгі балалар қақырық түсіруді білмейді, кейін жұтып қояды. 
Қақырық тыныс жолдарынан бөлінетін патологиялық зат, ол патологиялық заттардан 
басқа аздап ауыз қуысы, жұтқыншақ, мұрын жолдарының, кілегей қабаттарының 
бөліндісінен, кей кезде жұтқыншақ, иек, қызылиекте жабысып қалған тамақ 
қалдықтарынан, және кейбір ауруларда қан мен іріңнен тұруы мүмкін. 
Қақырық мөлшері әртүрлі болады. Өкпе демікпесінде өте аз, созылмалы 
пневмонияда өте көп болады. 


95 
Құрамына байланысты қақырық, іріңді, кілегейлі, іріңді-кілегейлі, қан аралас 
болады. 
Кілегейлі қақырық – түссіз, мөлдір, жабысқақ немесе жабысқақ емес болады.
Кілегей-іріңді қақырық (кілегей мен іріңі бар) бір түсті, лайлы, жабысқақ масса болып 
келеді. 
Іріңді қақырық — өте сирек кездеседі, іріңді бронхитте, бронхиолитте, өкпе абсцессі 
жарылғанда, плевра эмпиемасы бронх саңылауына жарылғанда байқалады. 
Қан аралас қақырық – кілегейлі қан аралас, кілегей қанды ірің аралас, қан аралас 
болып үшке бөлінеді. 
Кілегейлі қан аралас қақырық – мұрын, жұтқыншақ ауруларында, қанды қақырық 
өкпе туберкулезінде т.б. кездеседі. 
Көк жөтел – терең ысқырған конвулетті тыныс алып (реприза), бірінен соң бірі 
жалғасқан ұстама жөтелді үзіп жібереді. Жөтел ұстамасы кезінде баланың беті қызарып, 
көзінен жас ағады. Жөтел соңында бала құсады немесе көп мөлшерде созылмалы мөлдір 
қақырық түседі. 
Қоссазды (Битональды) жөтел – түйіліп жөтелу, негізгі қатқыл тон және сазды 
жоғары 11 тонды болады. Туберкулезді бронхоаденитте, лимфогрануломатозда, көкірек 
қуысы ісіктерінде (тимома, саркома т.б.) байқалады. 
Қысқа ауырсынып жөтелу – терең демалғанда күшейеді, плевра қабынғанда, 
плевропневмонияда байқалады. 
Жөтелдің құрғақ немесе ылғалды екенін білу үшін әсіресе бір жасқа дейінгі баланы, 
мұқият қадалаған жөн (қақырығын жұтып қоюы мүмкін). 
Баланың дауысына, көңіл аудару қажет, себебі көмей мен дыбыс желбезегі 
қабынғанда дауыс өзгереді. 
Үлкен адамдармен салыстырғанда, өзгешелігі ларингитте көбіне тыныс қиындайды, 
оны круп деп атайды. Круп шын және жалған (дауыс желбезегі астындағы ларингит) 
болады. Шын круп көмей дифтериясында кездеседі. Бұл жағдайда дауыс желбезектері 
круппозды қабынып, қабыршақтар пайда болады. Жалған круп жедел респираторлы 
вирусты жұқпалы ауруларда (көбіне парагриппте) болады және бұл жағдайда дауыс 
желбезектерінің төменгі кілегей қабықтары ісінеді. Қазіргі кезде крупты көмейдің 
тарылуы (стеноз) деп атайды. 
Круптың жалпы белгілері қатқыл, үрмелі жөтел, инспираторлы ентігу. Жалған круп – 
сау бала әдетте кешкі уақытта немесе түн ортасында қапыл ауырады, ол шошып оянып, 
дем жетпей тұншыға бастайды. 
Шын круп көбіне жәйлап басталады (1-3 күндей) және жалған круптан өзгешелігі 
дауыс бірте-бірте жоғалады (афония). Бала круппен ауырғанда кешіктірмей жедел 
медициналық көмек көрсетілуі қажет. 
Микседеманың белгілерінің бірі қатқыл төмен дауыс. 
Созылмалы тұмауда, аденоидта, көмей арты абсцессте дауыс мыңқылдап естіледі. 
Жұтқыншақ дифтериясы мен энцефалопатияда дауыс мыңқылдап естілсе, демек, жұмсақ 
таңдай парезі (шала салдана бастағаны) болғаны. 
ҚАРАУ.
Баламен танысып болған соң қарауға кіріседі. Терінің түсіне (боз, көкшіл), 
қай жерде, өзгеріс барына (ауыз, көз айналасы), мұрын қырының үрленуі мен тартылуына, 
мұрыннан секреция бөлінуіне, мұрын арқылы кедергісіз дем алуына көңіл аударылады. 
Тұмау бар-жоғын анықтайды. Жедел респираторлы вирусты инфекциялы ауруда, 
кей-кезде аллергиялық ринитте, мұрыннан серозды немесе кілегей-серозды сұйықтық 
бөлінуі мүмкін. Қызылша, грипп және аденовирусты аурулардың соңғы кезеңінде, 
гайморитте мұрыннан кілегейлі немесе кілегейлі-іріңді сұйықтық бөлінеді. Мұрын 
дифтериясында қанды сұйықтық бөлінеді. Геморрагиялық диатезде, лейкозда, 
гипопластикалық анемияда, мұрын полипінда, ревматизмде, мұрын ішіндегі тамыр 
өрімдерінің орналасуының ерекше жағлайларында мұрын қанайды. Көңіл аударатын 
жағдай, әсіресе, ерте жастағы балаларда, туа біткен мерез (сифилис) ауруында мұрынның 


96 
кілегей қабығы созылмалы түрде қабынып, нәрестенің дауысы қырылдап шығып, кұрғақ 
тұмау байқалуы мүмкін. 2-3 айға дейінгі сәбилердің аузының бұрыштарында, тілінің 
астында көпіршікті бөлінділер байқалады. Бұл кішкене сәбилерде бронхиолит, пневмония 
белгілері болып келеді. Бұл белгілердің пайда болуы қабыну экссудатының тыныс 
жолдарынан ауыз қуысына өтуіне байланысты деп есептелінеді. 
Мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушылардың тамақ-мұрын бездері ұлғайғанда 
олардың бет-әлпеті өзгереді: бозарып, ісініп тұрады, бала үнемі аузын жартылай ашып 
жүреді. 
Жиі ауыратын баланың (көкжөтел, созылмалы өкпе қабынулары) бет-әлпеті де 
өзгеше болады: беті бозарып, ісіңкі болады және қабақтары да ісініп тұрады (лимфа 
айналасының бұзылуы әсерінен), еріндері көгеріп, бет тамырлары шығып тұрады, тері 
асты мен кездің қанталауы мүмкін. 
Мұрынды қарау әдісі – баланың басын шалқайтып, мұрын ұшын көтереді де мұрын 
қуысының кіре берісін қарайды. Егер қабыршақтар болса, вазелин майына батырылған 
мақтамен сүртіп, алып тастайды, мұқият тексергенде мұрыннан бөлінетін «секрецияны», 
бөгде денені анықтайды және мұрынның тамыр өрімдерінің жағдайын бағалауға болады. 
Кішкене сәбилерді, қажет болса, көмекші медбике немесе анасы шалқайтып ұстап 
отырады. 
Жұтқыншақты қарау әдісі. Тексеруді тілшіктің, бадамша бездің және жұтқыншақ 
иінінің кілегей қабатын қараудан бастайды. Бала ыңғайланып отыруы керек. Көмекші 
медбике немесе анасы баланың денесін жаялықпен орап, екі аяғын өзінің аяқтарын 
арасына салып, қысып алдына отырғызады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет