90
1.5.6. ТЫНЫС МҮШЕЛЕРІ
Мұрын кішірек, үлкендерге және ересек балаларға қарағанда, түрі өзгешелеу.
Төменгі мұрын жолы болмайды, ол 4 жасқа таман пайда болады. Кілегей қабаты нәзік, қан
тамырларына бай, сондықтан оның сәл қызаруы мұрын жолының
бітелуі баланың емуі
қиындап, ентігуі пайда болуына әкеп соқтырады. Кілегей асты қабатының үңгірлі тіні
нәрестелерде дұрыс жетілмеген, сондықтан оларда мұрыннан қан ағу сирек кездеседі
немесе тіптен болмайды.
Қосымша қуыстар: этмоидальды, гайморов (мұрын маңы), сфеноидальды (негізгі)
қуыстар ұрықтың іште даму кезеңінде жетіле бастайды. Бірақ, бала дүниеге келгенде,
олардың тек ізі ғана білініп тұрады. Этмоидальды қуыс үш айдан бастап көрінеді де, 7 -12
жасқа келгенде толық жетіледі. Мұрын маңы қуысы да, үш айдан бастап білініп, 7 жасқа
келгенде толық жетіледі. Маңдай қуысы бала дүниеге келгенде тіптен жоқ болады, жәй
жетіліп, 7-ші жылда ғана дамиды. Толық жетілуі 15-20 жаста байқалады. Сфеноидальды
(негізгі) қуыс ұрықтың даму кезеңінде пайда бола бастайды. Рентген сәулесі арқылы тек
бала 7 жасқа келгенде ғана анықтауға болады. Ал, 15 жаста толық жетіліп бітеді. Жас-
мұрын каналы қысқа болады, оның сыртқы тесігі қабықтың бұрышына жақын орналасқан,
қақпақтары дұрыс жетілмеген, сол себепті мұрыннан инфекция коньюктивальды қалтага
жеңіл тарайды.
Жұтқыншақ – біршама жіңішке және тікелеу орналасқан. Вольдейр сақинасына 7 без
кіреді. Жаңа туған нәрестеде әлсіз дамыған бадамша безі тамақты қарағанда дұрыс
көрінбейді, тек бала жастан асқанда ғана оны көруге болады. Бадамша бездеріндегі
крипталар (кілегейлі өңдер) әлсіз дамыған, сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларда баспа
(ангина) сирек кездеседі. Одан әрі лимфоидты тінмен мен бадамша бездер шоғырланып,
қалыптан тыс біраз ұлғаяды. 4 жас пен 10 жас арасында ұлғаю шегіне жетеді, сондықтан
олардың гипертрофиясы жеңіл пайда болады.
Пубертатты кезеңде бадамша бездер қайтадан кішірейе бастайды және жыныс мүше-
лерінің қалыптасуы тоқтағаннан кейін бадамша бездерінің ұлғаюы өте сирек кездеседі.
Тамақ жоғарыдан жұмсақ таңдаймен, төменнен тілдің түбірімен және жан-жағынан
алдыңғы және артқы таңдай иіндерімен шектелген. Жұмсақ таңдайдың ұзынша үскін
түріндегі бос ұшы — тілшік деп аталады, ол ортаңғы сызық бойымен ілініп тұрады.
Бадамша бездері:
1.
Тілдің түбіріндегі бадамша безі.
2.
Таңдай иіндері арасындағы таңдай бадамша бездері екі жақта бір-бірден болады.
3.
Жұтқыншақ бадамша безі мұрын-жұтқыншақ күмбезінде орналасады.
4.
Түтікше бадамша бездері – есту түтіктерінің
мұрын жұтқыншақ тесігінде,
екі жағынан бір-бірден орналасқан.
5.
Көмей бадамша бездері көмей сағасы маңындағы алмұрт тәріздес үңгірінде, жалған
дауыс желбезегінде және көмей қарыншаларында, жүтқыншақтың артқы
қабырғасының екі жақ бүйірлі бөлігінде орналасқан. Барлық лимфоидты тканьдердің
шоғырлануы Вальдейердің тамақтағы лимфоидті сақинасы деп аталады.
Есту түтігі қысқа және жалпақ. Ересек балалар мен үлкендерге қарағанда, жас
нәрестелерде оның тесігі хоанаға, мұрын қуысына жақын және одан төмен орналасқан.
Осы себепті мұрын жұтқыншақтағы инфекциялы сөлініс есту түтігіне жеп-жеңіл түседі де,
жас нәрестелерде жиі кездесетін ортаңғы құлақтың қабынуының негізгі себебі болады.
Көмей – жас нәрестелерде оймыш (воронка) тәріздес, кейін цилиндр тәріздес болады.
Үлкендерге қарағанда, біршама жоғары орналасқан, жаңа туған сәбиде оның төменгі ұшы
ІV-мойын омыртқасының тұсына сәйкес келеді (үлкен кісілерде 1-1,5 омыртқаға таман).
Көмейдің алдыңғы-артқы, көлденең қатты өсуі бір жаста және 14-16 жаста байқалады.
Баланың көмейі үлкендердікінен ұзын. Шеміршегі нәзік, тілшік 12-13 жасқа дейін
91
жіңішкелеу болады. Оны жас нәрестелердің
тамағын қарағанда, оңай көруге болады.
Тілшік көмей сағасын толық жауып тұрмайды. 3 жастағы ер балаларда қалқанша
пластинкаларының бұрыштары үшкірлі болады да, 7 жаста біраз білініп тұрады. Ал, он
жастағы ер баланың көмейі үлкендердікіне өте ұқсас болады. Көмейдің кілегей қабаты
нәзік. Ол қан және лимфа тамырларына бай, серпінді ткані әлсіз жетілген.
7 жасқа дейін дауыс саңылауы енсіз, тар болып қалады. Жас нәрестелердің шын
дауыс желбезегі қысқа (сондықтан олардың дауысы қатты) болады. 12 жастан бастап қыз
балаларға қарағанда, ер балалардың дауыс желбезегі ұзара бастайды. Балалардың
көмейінің ерекшеліктеріне байланысты, оның қабынуы жиі кездесіп тұрады.
Кеңірдек – жаңа туған баланың кеңірдегі оймыш (воронка) тәріздес және енсіз тар
болады. Шеміршегі жұмсақ болып келеді.
Кілегей қабаты нәзік, қан тамырларына бай,
кілегей, бездері сөлдің жеткіліксіз бөлінуіне байланысты, неғұрлым құрғақтау келеді.
Жарғақты бөлігінің етті қабаты жаңа туған нәрестеде өте жақсы жетілген, серпінді тканьді
болып келеді. Кеңірдек орнына әлсіз бекітілген, шеміршегі жұмсақ, жеңіл болады.
Жаңа туған баланың кеңірдегінің ұзындығы 4 см, 14-15 жаста – 7 см, ересек
адамдарда – 12 см. Жоғары ұшы IV мойын омыртқасының тұсында болса, үлкендерде VІІ-
де болады. Кеңірдек бифуркациясы (екі айырылуы) жаңа туған балада ІІІ-ІV кеуде
омыртқасының тұсында, 5 жаста IV-V және 12 жаста V-VІ омыртқаға сәйкес келеді.
Бронхтар – енсіз, жіңішке, шеміршектері жұмсақ. Кілегей қабаты қан тамырларына
бай, аздап кілегеймен қапталған. Еті мен серпінді талшықтары әлсіз жетілген. Оң жақ
бронх барынша тіке орналасқан және ол кеңірдектің жалғасы болып есептелінеді: оң жақ
бронх сол жақ бронхтан жалпақтау, кеңірек келеді. Сондықтан, бөгде денелер көбіне оң
бронхта тұрып қалады. Сол бронх бұрыш жасап тіке бөлінеді.
Жасқа байланысты
бронхтар ұзарып, қуысы кеңейе бастайды. Әсіресе, 1-ші жылы бронхтар тез өседі де,
сосын оның өсуі тежеліңкіреп қалады. Одан әрі жыныстық қалыптасу кезеңінде қайтадан
тез жетіле бастайды. 12-13 жаста бронхтардың ұзындығы 2 есе ұзарады. Жасы өскен
сайын бронхтың семуіне қарсылық ететін күште арыта түседі.
Өкпе. Бала дүниеге келгенде оның өкпесінің салмағы 50 грамм болады (дене
салмағының 1/50 бөлігі). 6 айда 2 есе ауырлайды, 1 жаста – 3 есе, 12 жаста – 10 есе, ал
үлкен кісілерде – 20 есе және одан да көп артады. Жас нәрестелердің өкпесі дәнекер
тканьге өте бай, серпінді (эластикалық) ткандері аз, әсіресе, альвеольдар маңында, қан
тамырларына бай, капиллярлар мен лимфа тамырлары кең болады. Сондықтан,
балалардың өкпесінде қанның іркілуі, ателектаз,
эмфиземалар тез пайда болып, өкпенің
қабынуына, уытты заттардың өкпе бетінен қан тамырларына тез сорылып, тарауына өте
қолайлы жағдайлар оңай туғызып отырады. Ересектерге қарағанда, баланың өкпесінің
тыныстық беті үлкен болып келеді. Өкпе арқылы 1 минутта, үлкендерге қарағанда, қан
көп мөлшерде өтеді. Бала өмірге келерде ацинус
Достарыңызбен бөлісу: