Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет36/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Жоғарғы тістер: 
Екінші азу тіс ( моляр) 
Бірінші азу тіс ( моляр) 
Иттіс 
Қапталдағы күрек тіс 
Орталық күрек тіс 
Төменгі тістер: 
Екінші азу тіс ( моляр)
Бірінші азу тіс ( моляр) 
Иттіс 
Қапталдағы күрек тіс 
Орталық күрек тіс 
Шығу мерзімі: 
8-12 мес 
9-13 мес 
16-22 мес 
13-19 мес 
25-33 мес 
Шығу мерзімі: 
23-31 мес 
14-18 мес 
17-23 мес 
10-16 мес 
6-10 мес 
Түсу мерзімі: 
6-7 лет 
7-8 лет 
10-12лет 
9-11 лет 
10-12 лет 
Түсу мерзімі: 
10-12лет 
9-11 лет 
9-12 лет 
7-8 лет 
6-7 лет 


86 
Сүт тістерінің шығу және түсу мерзімдері. 
Сүт тістердің тиісті санын білу үшін баланың аймен есептелген жасынан 4 алып тастау 
керек. Мысалы: 
14 ай – 4 

10 тіс. 
5-7 жаста бірінші тұрақты үлкен азу тісі шығады. 7-8 
жастан бастап, шыққандағы ретімен сүт тісінің тұрақты тіспен алмасуы басталады. Сүт 
тісі ауысып болғаннан кейін азу тісі шығады. Балада тұрақты тістер саны 28. Кейін ересек 
адамдарда 4 ақыл тісі (кейбіреулерде 1-3 , ал кейбірелерде тіптен шықпауы мүмкін) 
шығады.
Сүт тістерінің шығуының кешігуі гипотиреозда, Даун ауруында, мешелде болады. 
Тістердің ерте шығуы, сонымен қатар, бір немесе екі төменгі күрек тісінің бала туғанда 
болуы бір жанұя мүшелерінде кездеседі. 
Гетчин күрек тістері – жоғарғы күрек тісінің шайнау бетінде жарты ай тәріздес оюы 
бар қашау құсап өзгеруі. Бұндай өзгерістер іштен туа пайда болған мерезде (сифилис) 
кездеседі. 
Жаңа туған баланың омыртқасында бүгіліс болмайды. Мойын физиологиялық 
бүгілісі 2 айлығында, мойын қатайған кезде, пайда болады. Бала өз бетінше отыра 
бастағанда, 6-7 айлығында, кеуде физиологиялық бүгілісі (кифоз) пайда болып, ол 
толығымен 6-7 жасында қатайып бітеді. Омыртқаның бел тұсынан алға қарай бүгілуі 
(физиологиялық бел лордозы) 9-10 айлығында пайда болады да, мектеп жасында 
толығымен қатайып бітеді. Содан соң сегізкөздікте физиологиялық кифоз дамып, 
жетіледі. 
Бұл өзгерістер жасы ұлғая келе, тепе-тендікті сақтап, ішкі мүшелерді бір қалыпта 
ұстап тұратын бұлшық еттер тонусының әсерінен жетіліп қатая түседі. Осыған орай
қыздарға биік өкшелі аяқ киім киуге болмайды, үйткені бел лордозы өсіңкіреп кетіп, кейін 
босану процессіне кеселін тигізуі мүмкін. 
Омыртқа жотасын қарағанда лордоз (бел тұсындағы алға қарай бүгіліс), кифоз (арқа 
тұсындағы омыртқаның артқа қарай бүгулі 
(41 сурет), 
сколиоз – омыртқаның оңға немесе 
солға бүгілуін анықтайды. 
Сколиоз болса, онда баланың бір иығы түсіп, бір иығы көтеріліп, бос тұрғанда қолы 
денесіне екі жағында екі түрлі (бір алғашырақ, бірі жақынырақ) тиіп тұрады. Белі мен 
қолының арақашықтығы екі жағында екі түрлі, яғни ассиметриялы болады. 
Кифоз, бел сколиоздары туберкулезде, мешел ауруларында, баланы қолда дұрыс 
көтермегенде, партада дұрыс отырмағандықтан пайда болады. Кифоз бен сколиоз бірден 
кездескен жағдайда кифосколиоз деп аталады. 
Кеуде қуысы. Өсу барысында кеуде қуысы, әсіресе оның түрі, көптеген өзгерістерге 
душар болады. Бірінші жылы ол табаны төмен қараған тонус тәріздес болады. Бірақ, 
бірінші жылдың өзінде баланың өкпе көлемі 4-6 есе көбейеді. Ер балаларда 7-8 жаста, 
кеуде қуысының жоғары бөлігі кеңіп, толық ұзындығы қысқарып, ересек адамның кеуде 
қуысының қалпына келе бастайды. 
Жаңа туған баланың кеуде қуысы жалпақ та, қысқа болып келеді. Ал, қабырғалары 
горизонтальды орналасады. Бірінші жылдың аяғынан екінші жылдың басынан кеуде қуы-
сы ұзарады және қабырғалардың физиологиялық төмен түсуі пайда болады. Қабырғалар 
қиғаштанып, аралықтары тарыла түседі. Эпигастральдық бұрыштың мөлшеріне көңіл 
аудару керек. Оның мөлшерінде байланысты шамамен баланың конституциясын (тұлға, 
дене құрылысы) бағалауға болады. Эпигастральдық бұрыш 90
о
тең болса – нормостеник, 
доғал болса – гиперстеник, үшкір болса – астеник болып есептелінеді. 
Кеуде қуысын тексеру. Шұңқыр тәрізді кеуде — кеуде қуысының бөлігінің шұңқыр 
тәрізді болып төмен түсетін іштен біткен ақау. Бала кеудесіде қалыпты жағдайдан жиі 
ауытқып, конус, цилиндр тәрізденуі, төс сүйегінің ілгері қарай шығуы («тауық кеуде» – 
42 
сурет), 
ішке қарай майысып («етікші кеудесі»), жалпаюы байқалады. 


87 
Жүрек тұсындағы дөңес (жүрек бүкірі). Іштен туа болған жүрек ақауында кезде-седі. 
Гаррисон сайы 
(43 сурет) 
– көк еттің кеудеге бекітілетін жері ішке қарай тартылып, сай 
тәрізденіп тұрады. Ал, кеуденің төменгі қалқаны сыртқа қарай қайырылып тұрады. 
Қабырға таспиығы». V-VІІІ қабырғалардың шеміршек бөлігінің сүйектік бөлігіне 
ауысар жерінде бұлтық тәрізді сүйектің жуандауы

Бұл өзгерістер мешел аурулармен 
«науқастанған балаларда кездеседі. 
41-сурет.
 Рахиттік кифоз
42-сурет.
 «Тауық кеуде»
43 сурет.
 Гаррисон сайы 
Кеуде қуысының бір жағының томпайып, қабырға аралықтарының тегістелуі су 
жиналатын (экссудативті) плевритте, ал ішіне тартылуы өкпенің солуында, өкпе 
қабынуда, сиректеу туберкулезде, бронхитте, кеуде қуысының қозғалысының тежелуі 
жедел өкпе эмфиземасында, ентікпенің ұстамасында, экссудативті плевритте, қабырға 
аралық нервтердің невриттерінде, көк ет асты іріндегенде кездеседі. 
Жамбас ерекшеліктері. Сүйек-бұлшық ет жүйесінің бір ерекшелігі, жастық кезде 
сүйектенуіне байланысты, бір жамбас құратын, жамбас қанқасының бала мен бозбалада 
құйымшақтық омыртқалар жамбас сүйегінің бөліктерінің арасындағы шеміршекті 
байланыс болып табылады. 12-13 жасқа дейін ер және қыз балаларда жамбас құйық 
тәріздес болады. Содан соң қыз балаларда шонданай бұдырларының аралығы үлкейіп, 
қасаға сүйектері арасындағы бұрыш ер балаларға қарағанда доғалдана түседі де, 
жыныстық айырмашылық пайда болады. Жамбас қанқасының деформациясы іштен туа 
және одан кейін пайда болған болуы мүмкін. Ұршықтың басындағы ойықтың жетілмеуі 
іштен туа болған ұршық буының шығуына әкеледі. 
АЯҚ - ҚОЛДАРДЫ ТЕКСЕРУ 
Аяқтың О
 
және X
 
тәріздес болып қисаю 
(44 сурет), 
білезік (қолдың ұзын түтікше 
сүйектерінің эпифиз аймағында жұмырлануы) анықталады. «Інжу талшығы» (саусақ 
сүйектерінің диафиздерінің бұдырлануы), рахит (мешел) ауруында, дабыл таяқшалары 
(саусақтың тырнақты фалангасының томпаюы 
(45 сурет) 
туа болған жүрек ақауларында, 
созылмалы өкпе қабынуында, бронхоэктазды ауруларда байқалады 
Хондродистрофияда
 
балтыр және білек сүйектерінің ұзындығы қалыпты болады да, 
сан және қарының сүейктері қисық болып келеді. Саусақ сүйектері үш тісті айыр 
тәрізденеді 
(46 сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет