80
Осымен қатар, бұлшық ет тінінде тропомиозиннің мөлшері өседі. Бұлшық ет тінінің
массасымен салыстырғанда, заңды түрде саркоплазматикалық белоктың мөлшері көбейеді
және жасы өсе келе гликогеннің сүт және нуклеин қышқылдарының саны азаяды. Бұлшық
еттерде судың да мөлшері едәуір азаяды. Бұлшық еттің дамуы да біркелкі жүрмейді.
Алғашқыда білектің үлкен бұлшық еттері дамиды, кейінірек
алақанның бұлшық еттері
дамиды. Балалар 6 жасқа дейін саусақтарымен нәзік жұмыстар істей алмайды. 6–7 жастан
бастап өру, таңу, бір нәрсе салу немесе илеу жұмыстарымен жақсы айналыса алады. 8–9
жаста буындары қатайып бұлшық еттері дамиды және бұлшық еттерінің көлемінің едәуір
дамығаны байқалады. Жыныстық жетілу кезеңін соңында қолдарының бұлшық еттері
дамып қана қоймай, сонымен қатар, арқасының, иығының, аяғының да, бұлшық еттері де
жақсы өсіп жетіледі. 15 жастан кейін ұсақ бұлшық еттер жетіліп, балада қимылдың
туралығы, икемділігі,
келісімділігі, дамып жетіледі. Денеге түсетін салмақ осы
ерекшеліктерді ескере отырып мөлшерленуі керек, денеге салмақ түсіру мөлшері жасына
байланысты болу керек.
Бұлшық етті тексеру сұрастырудан басталады. Содан соң қарау жүргізіледі. Дені сау
балалардың бұлшық еті серпінді симметриялы түрде бірдей өсіп жетіледі. Айы-күні жетіп
туған балалар қол-аяғын бауырына жинап жатады. Стол үстінде аяқ-қолы созылып жатқан
баланың бұлшық етінің босаң (гипотонус) екенін байқауға болады.
Ауру опистотонус қалыпта, яғни қолдары созылған және керілген, ал басы шалқайып
кейін қарай тартылған күйде, жатады. Бақылау кезінде анықталған қолының немесе
аяғының салбырап жалпы қозғалыс әрекетіне араласпай тұруы жекелеген бұлшық ет
тобының әлсіздігін (тонусының азаюы) немесе салдануын (парез) білдіреді.
Пальпация – жасап консистенция және пассивті қимылдар жасауға көрсететін
кедергісі бойынша, бұлшық еттің тонусын анықтайды. Бұлшық еттің әлсіздігі, босандығы
гипотонусын көрсетеді де, керілгіштігі, тартымдылығы, тығыздығы бұлшық еттің
тонусының жоғары (гипертонус) екенін көрсетеді. Бұлшык еттердің бүккіш топтарының
тонусы жоғары болғанда «қайтару» белгісі анықталады. Оны тексеру үшін
шалқасынан
жатқан баланың аяғын абайлап жазып, стөлдың бетіне басып 5 сек ұстап тұрады. Содан
кейін, қоя бергенде баланың аяғы тез бұрынғы орнына барады. Ал, егер бұлшық ет тонусы
сәл-ақ кеміген болса, орнына қайтып бармайды. Бұлшық еттердің жалпы, әсіресе арқада
еттерінің, тонусын тексеру үшін баланы аяғынан ұстап, абайлап басын төмен салбыратып
тік ұстайды. Егер бұлшық еттердің тонусы қалыпты жағдайда болса, басы мен денесі бір
сызықтың
бойында болады, бірақ басы салбырайды, қолдары сәл бүгулі болады. Ал,
аяқтары тіке жазылған болады. Егер басы салбырап тұрса, ауыр жағдайларда қолы да,
онда бұлшық еттер тонусы төмендегені. Тонусының жоғарлауы аяқ-қолының қатты
бүгілуінен және басының кейін қатты шалқайғанынан көрінеді.
Емшек жасындағы
балалардың қол еттерінің тонусы тарту арқылы байқалады. Шалқасынан жатқан баланы,
отырғызуға тырысып, қолынан тартады. Әуелі бала қолдарын жазып жібереді (бірінші
кезеңі), содан соң денесімен дәрігерге көмектесіп тартынады (екінші сатысы). Егер тонусы
жоғары болса, бірінші сатысы болмайды, ал төмен болса, екінші сатысы болмайды.
Шала туған балаларда бұлшық еттердің тонусының төмендеуі 1,5–2 айға дейін
байқалады. Одан кейін пайда болатын тонустың жоғарылығы 5–6 айға дейін сақталады.
Ал, мерзіміне жетіп туған балаларда қол бұлшық еттерінің физиологиялық гипертонусы 2
айға, аяқтарында 4 айға созылады. Пассивті (белсенділіксіз)
қозғалыстарды тексергенде
шынтақ буынын 180
о
жазылуы, саны екі жаққа бірдей 75
о
жазылуы, ұршық буындарында
аяқта 150
о
жазуға болса, ал табанда 120
о
бүгуге болса, басын жанына бұрып жауырынның
бұғана буынына жеткізе алса, сонымен қолын қарсы жаққа бұрғанда, созғанда сол
буындарға жететін болса, қалыпты деп есептелінеді.
Белсенді қозғалыстар баланың дербес қозғалыстарын немесе оның ойын кездегі
қозғалыстарын бақылау арқылы бағаланады. Баланы
ойыншықтармен ойнауға
ынталандырып, оны қолымен, аяғымен түрлі қимылдар (қолын-аяғын бүгу, жазу, қысу,
отыру, жүру, секіру) жасатады.