Байланысты: Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)
Стоматологтың назарына! Стоматолог баланың тері мен тері асты шел майының
ерекшеліктеріне өте ұқыпты көңіл бөлуі керек. Баланың терісі жеңіл жарақаттануымен және
сезімталдығымен ерекшелінеді. Жергілікті косметикалық заттарды , жергілікті антисептикалық
заттардың мөлшерін жағымсыз реакция бермейтін (күю, жаралану) деңгейде жасына сәйкес
қолдану маңызды болып келеді. Тері жамылғысының түсіне және бөртпелеріне көңіл бөлу
қажет. Терінің бозғылттануы айқын анемиялар, туа біткекн жүрек ақауларының, обыр
ауруларындағы интоксикацияның куәсі болуы мүмкін. Бұндай жағдайларда науқасты , бұл
белгінің себебін анықтау үшін, балалар дәрігеріне жіберу керек. Терінің сарғаюы инфекциялық
патологияны (гепатит), көгеруі- жүрек ақауын жоққа шығаруды, яғни балалар дәрігеріне
қаралып, тексерілуді, талап етеді.
Баланы ұзақ уақыт мазалайтын хейлит ернін жалайтын жағымсыз дағдыларда, жел, ашық күн
сәулелерінің әсерінен байқалуы мүмкін. Тіс жегі (кариес), тістүйіс ақауларының маңызы бар.
Атопиялық хейлит қызыл жиектің (көмкерменің) гиперемиясымен, ауыз бұрыштарындағы
инфильтрациямен, ылғалданумен, қышумен ажыратылады. Сонымен қатар балада стрептококктік
және саңырауқұлақтық этиологиялы инфекциялық хейлит (ангулярлы стоматит- ауыздық) пайда
болуы мүмкін. Ауыз айналасында , ауыздың ашылуын шектетін терінің склеротикалық
өзгерістері («қалталық ауыз») жүйелік склеродермияда кездеседі. Жоспарлы стоматологиялық
көмек көрсеткенде , манипуляциялар жасағанда зақымдалулар байқалып, қосымша ауырсыну
сезімдері болуы мүмкін болғандықтан, алдын ала ем жасаған жөн.
Теріде бөртпелердің байқалуы , жедел инфекциялық аурулардың көрінісі болып, басқа
балаларға жұғуы мүмкін болғандықтан, шұғыл түрде инфекционист маманның кеңесі қажет.
Аллергиялық реакцияларда аллергиялық анамнезді нақтылап, дәрілік заттарды қолдануға
сақтықпен қарау керек. Анестезия жасағанға дейін жалпы жағдайы, аллергиялық реакциялар
және олардың білінуі, дәрілік және тағамдық заттарға сезімталдығы бойынша анамнез жинаған
жөн. Алдын ала аллергологтың кеңесіне жүгіну қажет болуы мүмкін. Теріде петехиялар мен
көгерудің болуы, мұрыннан қан кетуге биімділіктің байқалуы қанкетудің жоғарлауы
синдромының куәсі болып, анестезия жасағанда және тісті суырғанда ескеріп отыруды талап
етеді. Процедураларды жүргізу алдында қосымша зерттеулер (қанұю уақыты және тромбоциттер
санымен жалпы қан анализі)