Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет29/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

(29-в сурет). 
Нормотрофияның белгілері Г. Н. Сперанский бойынша 
(30- сурет).
1. Дене салмағы, ұзындығы, дене мөлшері қалыпты және олардың дұрыс дамуы. 
2. Тері таза, нәзік, қызғылт барқыт түстес, тінінің тургоры және кілегей қабықтарының 
түсі жақсы, бұлшық еттің серпінділігі, қаңқасы жақсы дамыған. 
3.
Асқа тәбеті жақсы, ас қорытуы және қабылдауы қалыпты, нәжісі қалыпты. 
4.
Ішкі мүшелерінің патологиялық ауытқулары жоқ 
5.
Жұқпалы ауруларға қарсылығы жақсы. 
6. Жүйке - іс әрекеті жақсы дамыған. 
Гипотрофия – көбіне іштен туа немесе пайда болған 
ауруларға байланысты әртүрлі зат алмасудың бұзылуына, 
ферментопатияға, даму ақауларына байланысты пайда болады. 
Гипотрофияның 3 дәрежесі бар: 
І-дәрежелі гипотрофия 
– шел майы іштің алдыңғы 
бетінде азаяды, тканьдер тургоры кішкене төмендейді, терінің 
29 сурет.
 Шел майының 
қыртысының қалыңдығын 
өлшеу: 
а) кіндік тұсында 
б) жаурын астында, 
в) калипермен өлшеу


74 
түсі өзгермейді. Салмақ жетіспеушілігі 10–20% мөлшерінде болады. 
ІІ-дәрежелі гипотрофия 
– шел майы денесінде, аяқ-қолында азаяды, ішінде 
жойылып кетеді, тек бетінде сақталады. Терісі бозғылт тартады, 30 сурет. 
Нормотрофия 
барқыттығын жояды. Салмақ жетіспеушілігі
 белгілері.
20–30 % мөлшерінде болады. 
Атрофия немесе Ш-дәрежелі гипотрофияда шел майы бетінде де жойылып кетеді. Тері 
құрғақ, аппақ-қудай болып, сұрғылт тартады, серпінділігі өте төмендейді. Салмақ 
жетіспеушілігі 30%-дан жоғары болады
 (31
-а 
сурет). 
Паратрофия немесе артық тамақтану, конституциональды-алиментарлы жағдайларда, 
эндокриндік аурулардың белгісі ретінде байқалуы мүмкін 
(31-б сурет).
Тері және тер асты 
шел майын тексере отырып, таралған (жалпы) және жергілікті ісіктің бар немесе жоғына 
көңіл аудару керек. Таралған (жалпы) ісіктер бүйрек ауруында болады. Бозғылт түсті 
жарқырап, тері беті қатты керіліп тұрады. Көбіне таңертеңгілікте бетінен басталады. 
Жүрекке байланысты ісіктер, әсіресе бала жүргенде, аяқтарынан басталады да, кешке 
қарай көбейеді. Ісік бетіндегі тері, әдетте көк түсті болып келеді. 
31 сурет
. Тері асты шел майының ауытқулары бар балалар 
а) ІІІ-дәрежелі гипотрофия (атрофия); б) паратрофия 
 
Ісікті анықтау үшін астында тіреу болатын сүйек бар аймақтарда (балтыр сүйек, аяқ 
басының үсті және т.б.) бас бармағымен басып қарайды. Басқанда біртіндеп жойылып 
кететін шұңқыр пайда болуы тері асты шел майында ісік бар екенін білдіреді. Ісікті немесе 
ісінуді, сонымен қатар, маңдайда, кеудеде, белде анықтауға болады. 
Гипотиреозда, терінің құрғақ болуымен қатар, балада тер астының қоймалжың ісігі 
байқалады. Ол бармақпен басқанда із (сай) қалдырмайды. Тері астына дәрі жібергенде 
немесе трахеостомия жасағанда тері астына ауа кетуіне байланысты ісік сықылды белгі 
байкалады. Тері астына кеткен ауаны пальпациялағанда сықырлап білінетініне 
байланысты ажыратады. 
Жергілікті ісіктер ангионевротикалық немесе Квинке ісігі тәріздес аллергиялық 
болуы мүмкін. Олар көбіне маңдайда, қол-аяғында, көбіне бір жағында болады. Тез пайда 
болып, тез жойылып кетеді. Кейде бұндай ісіктер кейбір заттарға, дәрілерге сезімталдығы 
жоғары болғанда кездеседі. Кейде жойылып, бұғанадан төмен түсетін, мойын тер асты 
шел майының ісігі дифтерия сықылды жұқпалы балалар ауруларында кездеседі. 
Склерема – терінің беті тегіс, басқанда із қалдырмайтын, жайылып (диффузды) 
нығыздалып қатаюы. Шала туған және емшек жасындағы балаларда қоректенудің ауыр 
бұзылыстарында кездеседі. 
Склеродема – склерема сықылды терінің жайылып, нығыздалып қатаюы. Одан 
айырмашылығы ісік пайда болады да, басқанда кішкене шұңқыр қалады. Қайтадан қал-
пына келмейді, науқастың ауруының ақырының нәтижесіз болатынына меңзейтін белгі. 


75 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет