71
26- сурет
. Қызылша (бөртпенің шығу сатылығы).
а)
1-ші күн;
б) 2-ші күн, в)
3-ші күн
Пальпация – баланың денесін ауыртпай жәйлап,
жасалу керек.
Зерттеушінің қолы таза, жылы, құрғақ, тырнағы қысқа
алынған болуы міндетті. Пальпация (сипау) арқылы терінің
созылғыштығын (эластикалық қасиеті), ылғалдылығын,
қызуын, тургорын, дермографизмді (теріні сызғанда,
оның із
қалдыру қасиеті), сезімталдығын анықтайды. Қалыпты
жағдайда баланың терісі ылғалды, бархат тәрізді болады.
Теріні пальпация жасағанда, баланың ауырсынатыны немесе
ауырсынбайтынын анықтау үшін, бет пішін, қимылдарын
мұқият қадағалап отыру керек.
Терінің қалыңдығы мен
созылғыштығы тері асты шел
майы ең аз жерде анықталады: қол басының сыртқы беті,
кеуде қуысының алдыңғы беті, шынтағы және т. б. Ол үшін
теріні (тері асты шел майы алынбайды) сұқ саусақ пен бас
бармақтың арасына теріні қысып алып, тартып, босатып
жібереді. Қалыпты жағдайда
саусақты босатқан кезде, тері
тез жазылып кетеді. Егер бірнеше қыртыстар пайда болып,
бірден
тарамай,
жәй тарайтын болса, созылғыштығы
төмендеген (нашарланған), ал тіптен тарамай қойса,
жойылған болып есептелінеді.
Тургор (тіндер мен жасушалардың қысушы күштерге
қарсы әсері) санның, қардың ішкі
бетінде теріні, шел майын,
бұлшық етті екі саусақтың арасында қысып, қарсылык ету
мүмкіншілігін анықтайды
Достарыңызбен бөлісу: