84
34
сурет.
Гидроцефалия
36 сурет.
Микроцефалия
Мезгілі жетіп туылған баланың жебе, тәж, желке жіктері 3-4 айға дейін ашық
болады. Кіші еңбегі жаңа туылған балалардың 25%-да 4-8 аптаға дейін ашық болады.
Алдыңғы үлкен еңбегінің қарама-қарсы жатқан жиектерінің арақашықтығы 3-3,5см, 1,5-
2см аралығында болады. Үлкен еңбегі 1-1,5 жаста, ал соңғы кездегі деректер бойынша, 8-
10 айлығында жабылатын болып жүр.
Жалпақ сүйектер бірімен бірі жіктер (тігістер) арқылы байланысады.
Жаңа туған
балада тегістер жұмсақ, сипағанда жақсы білінеді. Тігіс 3-4 айлықта жабылып, білінбей
кетеді.
Кіші еңбек тек қана жаңа туған балалардың 1/4 бөлігінде ғана ашық қалады. Бірақ,
бірінші 3 айдан қалмай жабылады.
Үлкен және кіші еңбектердің жабылуының кешігуі мешел ауруында (рахит),
гидроцефалияда, микседемада хондродистрофияда кездеседі.
Еңбектердің
ерте
бітуі
негізінде
Д-гипервитаминозында
және
мидың
жетілмегендігінен пайда болатын микроцефалияда кездеседі. Микроцефалия,
сиректеу
мидың жетіспеуінен емес бас сүйегінің тігістерінің мерзімінен бұрын бітуіне байланысты
пайда болады. Көп тігістің бірінің мерзімінен бұрын жабылуы бас сүйегінде көптеген
өзгерістер пайда болуына әсер етеді. Олар мұнара тәріздес бас, оң және сол жақтын тепе-
тең болмауы (ассиметриялық бас).
Қалыпты жағдайда еңбек баланың тыныс алуына және тамыр соғуына сәйкес «дем
алып» тұрады. Бұнда еңбек бас сүйегінің діңгейінде қалады, тек қана кішкене ғана
ширығуы байқалады. Еңбектің томпаюы сау балаларда тек қана қатты жылағанда
байқалады. Қызуы
көтеріліп ауырған балаларда, еңбегі, әдетте, аздап томпайып тұрады,
және тамыр сияқты соғып тұрады.
Еңбектің қатты соғуы немесе оның бетінің шируығы,
әдетте бас сүйегінің ішінде қысымның жоғарылағанын
байқатады, гидроцефалияда немесе ми заттарындағы немесе
ми қабықтарындағы қабыну процессінде байқалады.
Еңбек
бұндай жағдайда ширылып қана қоймайды, соғып та тұрады.
Еңбек өте қатты шиырылығында соғуы тоқтайды. Құсу мен
сұйық нәжіс жиі болып, организм сусынданғанда еңбек
төмен түседі.
35 сурет
Рахитпен ауыратын
балада байқалатын
«төрт бұрышты бас»
.
37 сурет
. Жаңа туылған
баладағы қанды ісік
(кефалогематома).
38 сурет.
Баланың еңбегін
пальпациялау.
85
Пальпациялап баланың бас сүйегінің тығыздығын, жігінің
және еңбегінің жағдайын анықтауға болады. Тексеруші
қолдарын баланың басына бас бармақтары маңдайында түйісетін, ортаңғы сұқ, төртінші
саусақтары самай және төбе сүйектерінде (екі жағынан) жіктері мен еңбегінде тұратындай
етіп
(38 сурет)
салады. Екі қолының 4 саусағымен желке сүйегін баса отырып, рахитте
байқалатын желке сүйегінің жұмсаруына, самай сүйегіндегі
және жебе жігінде болуы
мүмкін ақауларды анықтайды. Үлкен еңбекті зерттеу пальпациялау арқылы оның
мөлшерін (
39 сурет),
сүйектік жиегінің беріктігін немесе иілгіштігін, оның бүлкілдеуін
анықтайды. Дені сау балаларда еңбегі дем алысына байланысты аздап бүлкілдеп тұрады.
Балалардың бас сүйегі сипағанда тығыз болып келеді, бірақ еңбектің кенересі,
тігістің
аймағы аздап жұмсарып, қолдың астында былқылдап тұрады. Бұндай жағдайлар
мешел ауруында кездеседі де краниотабес деп аталады.
Бірінші жылдың екінші жартысында тіс шыға бастайды да, тамақты шайнап жеуді
үйрене бастайды. Тіс ұрықтық өмірдің 40-шы күнінен бастап пайда болады. Бірінші тістер
6-8 айлық балада шыға бастайды: бірінші төменгі орта күрек тістер, сосын жоғары орта
және қапталдағы күрек тістер шығады
(40 сурет).
Демек екінші жылдың басында баланың
8 тісі болуы керек. Екінші жылдың аяғында барлық 20 сүт тіс толық шығып болады.
40 сурет.
Сүт тістерінің шығу схемасы
29-сурет.
39 сурет.
Баланың еңбегін
өлшеу схемасы:
тегіс сызык – дұрыс,
пунктирлі сызық —
дұрыс емес
дұрыс емес.
Достарыңызбен бөлісу: