Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет43/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Кеуде қуысының серпінділігін (резистенттілігін) анықтау. 
а) 
алдынан артына қарай басу
б) 
екі жанынан басу.


100 
Мүше неғұрлым тығыз болса, оны қаққанда, пайда болатын дыбыс тербелісінін 
жиілігі соғұрлым көп болады. 
а) б) 
в) г) 
д) 
Сондықтан, тығыз мүшелерде пайда болатын дыбыс биік болады. Құрамында ауа көп 
мүшелер перкуссиялық төмен (жуан) дыбыс береді. 
Перкуссия ережелері мен әдістері. Бөлме іші тыныш және жылы болуы керек. 
Перкуссия кезінде аурудың дене бұлшық еттері босаңсыған қалыпты болуы қажет. 
Дәріғердің қалпы өзіне ыңғайлы жағдайда болуы керек. Перкуссия кезінде дәрігер 
аурудың алдыңғы жағында оң қолын ала тұрады, ал арт жағында оның сол жағын ала 
тұрады. Ересек балаларда өкпенің алдынғы беті – шалқасынан жатқанда, ал артқы беті – 
отырғанда тексеріледі. Баланың иығы және жауырындары бір деңгейде болуы керек. 
Жасау әдісіне қарай перкуссия тікелей және жанама болып екіге бөлінеді 
(58, 59 
суреттер). 
Тікелей перкуссияда перкуссиялық қағу аурудың денесіне тікелей тиеді. 
Тікелей перкуссияның бір түрі Образцов перкуссиясы – перкуссия жасайтын мүшені сұқ 
саусақ ортаңғы саусақтың үстінен сырғанап түсіп барып, шертіп ұрады 
(58 а сурет). 
Бұл 
тәсіл негізінен сәбилерде, жаңа туылған нәрестелерде қолданылады. Екінші бір түрі – оң 
қолдың ортаңғы саусағын саусақ аралық буындарда доға тәріздес бүгіп қабырғаны қағу 
(59 а, б суреттер).
57 сурет. 
Кеуде қуысының 
симметриялық аймақтарында 
дауыс дірілін анықтау 
(а, б, в, г, д) 


101 
Тікелей перкуссияның тағы бір түрі Ауэнбруггер ұсынған перкуссия әдісі, бір-
бірімен біріктіріліп жартылай иілген төрт саусақпен қағу. 
Тікелей перкуссия перкуссиялық дыбысты бағалаумен қатар, тексеріліп отырған 
мүшенің физикалық қасиеттерінде сезіп білуге мүмкіндік береді. Қазіргі мезгілде тікелей 
перкуссия сәбилерде, жаңа туылған нәрестелерде қолданылады 
(59-в сурет).
Жанама перкуссияда мүшені қағу плессиметр (тұғырық) арқылы жүргізіледі 
(58 б 
сурет).
а) б) 
58 сурет. 
Кеуде қуысы 
перкуссиялау әдістері. 
а)
 Сырғанап түскен 
саусақпен перкуссиялау. 
б, в)
 Жанама перкуссия 
в) 
59 сурет. 
Кішкене сәбилердің кеуде қуысын 
тікелей перкуссиялау тәсілдері: 
а)
Жаңа туылған баланы екінші кісінің
көмегімен перкуссиялау;
б)
Отырғызып перкуссиялау;
в)
Жаңа туылған баланы бір қолмен 
ұстап, екінші қолмен перкуссиялау. 


102 
Бұл әдіспен перкуссиялық күшті дыбыс алуға болады. Бұл әдістердің ішіндегі көп 
тарағаны саусаққа саусақпен перкуссиялау тәсілі. Перкуссия жасағанда плессиметр саусақ 
қабырға аралықтың ұзын бойына тығыз орналасады. 
Сол қолдың басқа саусақтары плессиметрге, аурудың денесіне тиіп тұрмауы керек. 
Плессиметр саусақтың ортаңғы немесе шеткі фалангасына 2–3 рет тұрақты күшпен, 
ырғакпен перпендикулярлы түрде ұру керек. Перкуссия жасағанда оң қолдың білегі 
қозғалмауы керек. Қимыл негізінен қол басы буынында, аздап саусақ буындарында 
болады. Соққы қысқа, біркелкі, мүмкіндігінше жәй болуы керек. Себебі, баланың кеуде 
қуысының кішкентай болуына байланысты, тықылдатқандағы қозғалыс басқа бөлімдерге 
тез тарайды да, қатты соққанда белгілі бір жерден тұйық дыбыс өкпеге жақын орналасқан 
басқа көрші мүшелердің анық дыбысымен басылып, естілмей қалуы мүмкін. 
Қойылған мақсатқа байланысты перкуссия топографиялық немесе салыстырылмалық 
(сапалық) перкуссия болып екіге бөлінеді. 
Топографиялық перкуссияның мақсаты негізінен мүшенің шегін, мөлшерін анықтау 
болып келеді. 
Салыстырмалы перкуссия мүшелердегі (өкпедегі) патологиялық өзгерістерді 
анықтауға бағышталған. 
Бұл әдіс өкпенің әртүрлі бөліктеріндегі перкуссиялық дыбыстың сапасының өзгеруін 
анықтау үшін қолданылады. Сондықтан, салыстырмалы перкуссия жасаған жерде оң және 
сол жақта симметриялығы қатал сақталуы, перкуссиялық соққының күші бірдей болуы 
керек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет