97
Лакунарлы баспада қабыну дәрежесі басымырақ және шұңқырға (лакуна) қабықтар
толып кетеді. Фоликулярлы және лакунарлы баспалардың қоздырғыштары әдетте
бактериялар (стрептококк, стафилококк) болып келеді.
Жұтқыншақ дифтериясында қызарып тұрған бадамша
бездері сұрғылт-лас қабық
болады. Ол қабық өте қиын алынады, ал алынса, орны қанайды.
Кеуде қуысын қарау. Кеуде қуысының сыртқы пішіні әдетте цилиндр тәріздес
болады, рахитпеп ауырған балаларда кеуде қуысының пішіні өзгереді. Сау балаларда
кеуде қуысының екі жартысы да дем алу кезінде синхронды қатысуы керек. Сұқ саусақты
жауырын бұрышына қойып, кеуде қуысының бір жартысының екіншісінен қалыс дем
алуын оңай анықтауға болады.
Баланың кеуде қуысының өз алдына көптеген ерекшеліктері болады:
қабырғалары
көлденен жатады (олар омыртқадан тіке бұрыш жасап шығады). Кеуде қуысының
алдыңғы-артқы аумағы оның көлденең аумағына тең болғандықтан кеуденің экскурсия
шектелінеді де, ал өкпе барлық қуысындағы орынды алып, жатады. Сол себептен олардың
тыныс түрі – диафрагмальды, ягни кеуде үнемі тыныс алу қалпында тұрған сияқты,
болады. 3 айға дейінгі баланың диафрагма тұсындағы қабырға аралығының ішке қарай
тартылып тұруы қалыпты жағдай болып есептелінеді. Ол бала жәй дем алғанда да сырт
көзге жақсы көрініп тұрады. Ол 4 айдан
асқан бала жәй дем алғанда, бұндай көрініс
болмауы керек.
Бронхиальды астма, эмфиземада кеуде қуысы тыныс алудың ең жоғарғы сатысында
тұрады (бөшке тәрізді).
Экссудативті плевритте кеуде қуысының қабынған жағы көтеріліп тұрады,
созылмалы пневмонияда, керісінше, ішке тартылып тұрады. Кеуде қуысының аумағын
өлшеп, өзгерісін білу үшін снтиметрлік таспа пайдаланылады.
Плеврит, туберкулезді бронхоаденит, өкпе солуы, созылмалы пневмонияда бала дем
алған кезде қуысының бір жағы екіншісінен қалыс тұрғанын байқайға болады.
Дем алу түріне (тип) назар аударуы керек. Ол жасқа байланысты өзгеріп отырады,
яғни, 5–6 жастағы қыз балаларда
кеудемен дем алу байқалса, ер балаларда өзгеріссіз
қалады. Яғни ішімен дем алады.
Кеуде қуысының қозғалғыштығын (экскурсиясын) анықтау. Кеуде қуысының
аумағын сантиметрлік лентамен өлшейді. Емізік тұсымен айналдырып, жауырын
бұрышының астынан өткізеді. Тыныш, қалыпты, максимальды дем алу және дем шығару
кезінде өлшеу керек. Көлемдер айырмашылығы кеуде қуысының қозғалғыштығын
(экскурсиясын) көрсетеді.
Кеуде қуысының экскурсиясы өкпе қапыл ісінгенде,
бронхиальды астмада, өкпе
фиброзында, көк ет асты абсцессінде, қабырға аралық невралгияда шектеледі.
Тыныс жиілігін анықтау. Тыныс жиілігін қолымен, яғни, кеудеге немесе ішке қолды
қойып санайды, ал мазасыз балалардікін тамыр соғысымен бірге тексерудің басында
«көзбен» санаған дұрыс. Алынған цифрларды бағалай отырып, тыныс алуға әсер етуші
жағдайларды, әсіресе қобалжуын ескеру қажет.
Жиі дем алу – қобалжығанда, күш түскенде, ыстығы көтірілгенде,
ауырғанда
кездеседі.
Тыныс жиілігі жасқа байланысты болады, жаңа туған сәби 1 минутта 40-60 рет
тыныс алады, 1 жаста 30-35 рет. Балаларда жиі тыныс аритмиясы (ырғақсыздығы)
байқалады. Ягни, терең емес тыныс қозғалыстары неғұрлым тереңірек тыныс қозғалыста-
рымен алмасып отырады. Бұл жағдай тыныс орталығының дұрыс жетілмегендігіне,
әсіресе, күніненбұрын туған балаларда, байланысты.
Дәл санау үшін тыныс жиілігі бала ұйықтап жатқанда толық 1 минутта санау керек.
Жаңа туған сәбилер тыныс жиілігін жұмсақ стетоскоп арқылы мұрнына тақап (баланы
шешіндірмей) есептеуге болады
(54 сурет).
Дені сау бір жаска дейінгі балаларда 3–3,5
тамыр соғуына 1 рет тыныс алу сай келеді.
98
1 жастан асқан балаларда 1 тыныс алуға 4 тамыр соғуы сәйкес келеді. Окпе
зақымдағанда, тыныс жиілігі пульстан артық жиілейтін болғандықтан, бұл көрсеткіш 1:2,
1:3 болады.
Тыныс жиілеуі (тахипноэ) – балаларда тыныс мүшелері, іш жүйесінің, жүрек-
тамырлары жүйесінің, қан ауруларында (анемия), қызба ауруларда, ауырсынғанда болады.
Брадипноэ – сирек кездеседі және ол тыныс орталығының жұмысының әлсіздігін
көрсетеді (уремия «кома», ессіз жағдайда), улану (ұйықтататын дәрілермен), бас сүйек
ішіндегі қысым котерілсе, байқалады.
Ентігу (тахипноэ) тыныстың күрделі бұзылуы немесе тыныс алу,
немесе тыныс
шыгару ұзарады. Ауру ентіккенде тыныс тереңдеп, жиілейді (кейде сирейді), ырғақтылы-
ғы өзгереді. Қосымша еттер тобы (кеуде, іш, төс еттері) тыныс алуға қатысады.
Гипоксемияда (қандағы оттегінің жеткіліксіздігі),
ацидозда тағы басқа жагдайларда
ауру ентігеді.
Достарыңызбен бөлісу: