Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет39/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

(48 сурет)
,
 
яғни, өкпенің тыныстық 
бөлігі (ол 3 қатарлы респираторлы бронхтардан, 
альвеол жолдарынан, альвеол қабынан тұрады), 
әлсіз 
дамыған. 
Ацинуста 
қан 
мен 
ауа 
аралығындағы тыныс алмасуы жүреді. Ол 
тыныстың негізгі функциясы болып есептелінеді. 
Альвеолдар бала өмірге келгенге дейін 4-6 жетіде 
қалыптаса бастайды да, 1-ші жыл бойына көбейеді 
және 8 жасқа дейін көбеюін тоқтатпайды. 8 жастан 
соң өкпенің үлкеюі альвеоланың көлемі есебінен 
жүреді. Бала жаңа туған кезде терминальды 
бронхтардың қуысы енсіз болады. 2 жаста 2 есе, 4 
жаста 3 есе, 18 жаста 5 есе үлкейеді. Бронхтардың 
жіңішке болуы себепті жас балаларда өкпе 
ателектазы жиі кездеседі.
 


92 
 
48 сурет. Адамның тыныс жүйесі
(мұрын, ауыз және көмей қуысының
сагитальды кесіндісі):
1 – мұрын қуысы;
2 – ауыз қуысы;
3 – көмей;
4 – кеңірдек;
5 – сол бас бронх;
6 – сол өкпе;
7 – оң өкпе 
8 – сегментарлық бронхтар;
9 – оң өкпе артериясы;
10 – оң өкпе венасы;
11 – оң бас бронх;
12 – жұтқыншақ;
13 – мұрын жұтқыншақ жолы. 
Жас нәрестелердің плеврасы (көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі қабық) 
жұқа, плевра қуысы оңай ысырылып тасталады. 
Орталық көкірек қуысы балаларда, ересектерге қарағанда, көлемділеу келеді. Оның 
жоғарғы бөлігінде трахея, ірі бронхтар, қалқанша без, лимфа түйіндері, артериялар, ірі 
нерв сабақтары, төменгі бөлігінде жүрек, тамырлар және нервтер орналасады. 
ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ. Өкпе лимфа түйіндерін төмендегі топтарға бөледі: 
1. Трахеальды; 2. Буфуркациялы; 3. Брон-хо-пульмональды (бронхтардың өкпеге 
енетін жерінде): 4. Үлкен тамырлардың түйіндері. Бұл лимфа түйіндері, лимфа тамырлары 
арқылы, өкпемен, орталық көкірек қуысымен бұғана үстіндегі түйіндермен байланысқан 
.
1.
Төменгі трахеабронхиальды түйіндер. 
2.
Жоғарғы трахеабронхиальды түйіндер. 
3.
Паратрахеальды түйіндер.
4.
Бронхопульмональды түйіндер. 
Кеуде қуысы. Жас нәрестелердің диафрагмасы (көк ет) жоғарырақ орналасқан, 
жиырылуы әлсіздеу болып келеді. Үлкендермен салыстырғанда, үлкен болып келетін 
өкпе, жүрек және орталық көкірек қуысы баланың кеуде қуысында көбірек орын алады. 
Жас балалардың тыныс еттері әлсіз дамыған. Жас балалардың қабырғалары омыртқаға 
перпендикуляр жатады. Қабырға аралықтары жіңішке, тегістелген. Кеуде қуысы үнемі 
тыныс алу қалпында болады және қабырғалар өкпе бетіне басыңқырап, кіріп жатады. Бұл 
ерекшеліктердің бәрі өкпенің толық жазылу қабілетін тежеп, тыныстық беттің көлемін 
азайтады. 
ТЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Тыныс мүшелері қызмет бойынша алып келетін бөлігінен: көмекей, кеңірдек, трахея, 
яғни, бронх «бұтағы» және тыныс бөлігінен ацинус, яғни бронхиолдар, альвеол жолдары 
мен альвеолдардан тұрады. Демалу, тыныс әрекеті (қызметі) – газ алмасу диффузия (сіңу, 
араласу) арқылы жүреді. Альвеолдан өкпе капиллярларындағы қанға оттек түседі, ал 
қаннан альвеолаға көмір қышқыл газы өтеді. 
Өкпедегі газ алмасу бір-бірімен байланысты бірнеше механизмдерге негізделген 
күрделі процесс: альвеол эпителийіндегі сурфактанттың пленкасынан оттек және көмір 


93 
қышқыл газы молекулалары өтеді. Олар капиллярлар эндотелийі арқылы қан плазмасына 
кіреді және гемоглобинде бекіп орналасады. Бұл процесстердің құрылымы аэрогематика-
лық барьер (ауа-қан кедергісі) болып есептелінеді. Ол өкпенің үлкен көлемін алып жатады 
да, газдың организмге қажетті мөлшерде сіңірілуін қамтамасыз етеді. 
Ауа-қан кедергісі келесі компоненттерден тұрады 
(51- сурет).
Газ алмасу – альвеола-
капилляр мембранасы (жарғағы) арқылы газдың жай диффузиясымен (сіңірілуі) жүреді де, 
жұтылған ауа (атмосфералық) және өкпеге оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы келетін 
веналық қандағы оттегі қысымына байланысты болып келеді. 
 
 
 
 
51 сурет. Өкпе аэрогенетикалық кедергісінің (баръерінің) компонеттері: 
АС - альвеола саңалауы; А
1
 - 1-ші типті альвеолоциттердің цитоплазматикалық
өсіндісі; И - интерстиций; ЭК - эндотелиальдық клетка;КС - қан капиллярының 
саңалауы; Э - эритроцит бөлігі. 
I. Ең бірінші және өте маңызды физиологиялық ерекшелік болып беткі тыныс, яғни 
тайыздығы, есептелінеді, үлкен кісілермен салыстырғанда балалардың тыныс алуы 
тереңдігі 8-10 есе төмен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет