Кеуде қуысы рентгенографиясы
жүректің мөлшері мен формасын бағалауға мүмкіндік
береді.
Эхокардиография-
жүректің қуыстарының мөлшері, қабырғасы
мен перделерінің
қалыңдығы, тамырлардың мөлшері туралы мәлімет беретін, қақпақшалардың жұмысын
көрсететін, даму ақауларын анықтауға мүмкіндік беретін жүрек ультрадыбыстық зерттеуі
(УДЗ). Перикардитте сұйықтық анықталады.
Функциялық сынамалар.
Кардиоинтервалографияны, клиноортастатикалық
сынаманы, мөлшерленген физикалық салмақ сынамасын жүрек-тамыр жүйесінің
вегетативті реттелуін және физикалық салмақты көтеруін бағалау үшін жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |