Экссудативті-катаральды диатезі
бар
баланың бетінің инфильтрациясы пайда
болып, қызарып, түлеуі.
23- сурет.
Бауыр циррозындагы іштің
алдыңгы бетіндегі веналар
торының кеңеюі.
68
Мөлшері 1–2 мм көптеген розеолдар кішкене нүктелі бөртпелер деп аталады. Көбіне
қызамықта (скарлатинада) кездеседі: Екіншісі – эритема тиын мөлшерінен алақан
көлеміне дейін, кейде тіпті оданда үлкен болады. Дақ даму барысында түлеуі немес
пигметтелуі мүмкін. Сөйтіп біртіндеп із-түзсіз жойылып кетеді.
5–10 мм мөлшеріндегі көптеген розеолдар кішкене дақты бөртпелер деп аталады.
Ұшпада (краснухада) кездеседі. 10–20 мм мөлшеріндегі бертпелер үлкен дақты бөртпелер
деп аталады. Қызылшада, жұқпалы эритемада кездеседі.
Қабынулы емес дақтар терідегі қан тамырларының дұрыс дамымауына байланысты
пайда болады және туа біткен (туабіткен тамырлық дақтар – naevi vasculosi); б. пайда
болған (teleangioectasiae).
Геморрагиялық дақ эритроциттердің тамыр қабырғасынан шығып кетуіне
байланысты пайда болады. Ондай жағдай тамыр қабырғасы зақымдалғанда немесе оның
өткізгіштігі арытқанда байқалады.
Пигментті дақтар тері пигметінің (меланин) шектен тыс жиналуына немесе терінің
оны түзу қабылетінің жоюылуына байланысты пайда болады.
Қабынбаған дақтарға қан кұйылудан пайда болған дақтар жатады. Петехиялар –
нүкте тәріздес қан кұюлар. Пурпура теріде немесе кілегей қабықта 2-5 мм мөлшерде
дөңгелек, қанталаған бөртпелердің пайда болуы. Экхимоз – теріде немесе кілегей қабықта
5 мм-ден артық мөлшерде формасы дұрыс емес көгеру (қан айналасындағы ткандарға
сорылып таралады). Осы топқа, сонымен қатар, жоғарыда айтылған іштен туа болған,
болып есептелінетін, телеангиоэктазалар (тері капиллярларының кеңеюі, ұрықтық
тамырлардың қалдығы), гиперпигментацияланған (бауырлық дақ) невустар (пигменттің
бет терісінде шоғырлануы) және пигменттсіз дақ (теріде меланин пигментінің
жиналуының бұзылуынан пайда болған дақ –
витилиго)
жатады.
Папула (Рарulа) – (түйіншек, іріңсіз кішкене ісік) сау теріден бөлінген, терінің
деңгейінен сәл көтеріліп тұратын құрам. Беті тегіс немесе күмбез тәрізді болып келеді.
Қабыну инфильтратының дерманың жоғары жайылуынан немесе эпидермистің
ұлғаюынан (өсуінен) пайда болады. Папуланың мөлшері 2-3 мм-ден бірнеше сантиметрге
дейін барады. Үлкен мөлшерлі папулалар қатпарлы түйіртпек (бляшка) деп аталады.
Папула тәрізді бөртпелер қызылшада, ұшпада, геморрагиялық васкулитте кездеседі.
Төмпешік (tubегсulum,бұдыр) –
сау теріден бөлінген қатты,
қуыссыз, терінің бетінен шығып
тұратын, мөлшері 5—10 мм
құрам.
Дермада
қабынулы
гранулеманың пайда болуына
байланысты шығады. Сипағанда папуладан қатаңдау болады, әрі еттенеді де, кейін тыртық
немесе жара пайда болады. Тері туберкулезінде, алапесте (лепрада), терінің
саңырауқұлақтармен зақымдалуында байқалады.
Түйін (Nodus) – терінің деңгейінен шығып тұратын немесе қабатында орналасатын
мөлшері 10 мм-ден артық қатты құрам. Шел майында және өзіндік дермада клеткалық
инфильтраттың жиналуынан пайда болады. Кері дамығанда жара пайда болып, қыртыста-
нады. Сипалап қарағанда ауыратын үлкен көкшіл-қызыл түйіндер – түйінді эритема деп
аталады. Қабынбаған түйіндер терінің қатерлі ісіктерінде (фиброма, липома) кездеседі.
Күлдіреу (Uptіса) – терінің бетіне шығып тұратын, қатты қышитын, жедел қабыну-
лы элемент ретінде көрінетін жалпақ құрам. Элементтің формасы дөңгелек немесе дұрыс
емес (қисық), мөлшері бұршақтың дәнінен адам алақанындай және одан да үлкен болады.
Түсі қызыл немесе бозғылт-қызғылт. Ортасында бозғылт, кейде ақ түсті, шетке қарай
өсуге икем болып келетін кіндігі бар. Күлдіреудің пайда болу себебі дерма қабатында тез
пайда болатын ісікке байланысты. Бұл ісік қалай тез пайда болса, солай тез қалдықсыз
жойылып кетеді. Әдеттегі, күлдіреуілер қалақаймен күйгенде, сонымен қатар, әртүрлі
тағамға және дәрі-дәрмекке аллергиялық реакциялардың белгілері ретінде байқалады.
Везикула (vezicula – көбікше, көпіршік) – терінің жоғарғы бетінде орналасқан,
деңгейінен, кішкене көтеріңкірек тұратын, ішінде серозды немесе қан аралас сұйықтық
69
бар, мөлшері 1–5 мм дөңгелек құрам. Пайда болу себебі терінің, әсіресе, эпидермистің,
едәуір ісінуіне байланысты. Көпіршіктің негізі, қуысы, қабығы болады.
Везикула бұзылғанда қабыршаққа айналып, кеуіп қалады немесе қабығы бұзылады
да, қуысы ашылып, эпидермистің бетінде ақау жасап, эрозияга (мүжілу) айналады. Эрозия
кейін пигменттелген жер қалдырып, қалдықсыз жазылып кетеді. Егер көпіршектің
қуысында лейкоциттер жиналып, сұйықтық іріңдейтін болса, пустула (іріңді безеу) деп
аталады. Көпіршік теміреткіде, экземада, қара және жел шешекте (қарамықта) болады.
Күлдір (сулы) бөртпе (Вullа) – көпіршік сықылды элемент, бірақ одан мөлшері өте
үлкен (3–15 мм) болып келеді. Эпидермистің жоғары қабатында және астында
орналасады. Қуысы серозды қан аралас сұйықтыққа толы келеді. Күйгенде, жедел
дерматитте, Дюринг дерматитінде кездеседі.
Пустула (Іріңді бөртпе, pustula) – іріңді экссудатты қуысты элемент. Пустулаларды
беткей эпидермисте жататын беткейлі (импетиго – impetigo) және терең, дермада немесе
гипoдермада орналасатын, пустула деп бөледі. Пустулалар фолликулярлы (жиі
стафилококкты) және фолликулярлы емес (стрептококкты) болып бөлінеді.
ЕКІНШІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
Қабыршақ (sguamа) – эпидермистің түсіп қалып жатқан мүйізді қабыршақтарының
жиынтығы. Олар әр түрлі мөлшерлі болады: жапырақ тәріздес түлеу 5 мм-ден үлкен, 1–5
мм пластинкалы түлеу, өте ұсақ (кебек тәріздес) түлеу. Түсі сарғыштау немесе сұр болып
келеді. Кебек тәріздес түлеу теріні пудрлау туралы ұғымды еске түсіреді. Қабыршақтану
қызылшалық, қызамықтық бөртпелерде, псориазда, себорреяда байқалады.
Қабық (сrustа) – көбікшенің, іріңдіктің, серозды қан аралас немесе іріңді эрозияның
немесе жараның экссудаттарының кебуінен пайда болады. Қабық, оны құрауға қатысқан
экссудаттарға байланысты, іріңді (сары түсті), серозды (мөлдір немесе сұрлау реңді),
қанды (қоңыр түсті) болуы мүмкін. Түрлері бойынша қабық бірнеше қабатты, устрица
сияқты болады.
Тіліну (жарылу, сызаттану, fissurae, rhagades) – қабынғандықтан, созылмалығын
жоюына немесе созылып кетуіне байланысты, терінің бітеулігінің жойылуынан пайда
болады. Әдетте сызық түрінде болады және мүйізді қабатта, немесе эпидермисте, немесе
дерманың жоғары қабатында орналасады.
Тыртық (cicatrix) – терінің бетінің терең мүкістігінде (зақымдалуында), тырнағанда,
пайда болатын талшықты дәнекер тін. Іріндеуге икемдеу келеді. Гипертрофиялық және
атрофиялық тыртықтар деп бөледі. Жаңа пайда болған тыртық қызыл немесе қызғылт
түсті болады да, уақыт өткен сайын түсін өзгертіп, қоңыр немесе қарақоңыр түстенеді.
Кейде терінің қалыпты түсін қабылдайды. Атрофиялық тыртықтардың бетінде кейде
телеангиоэктазалар пайда болады. Келлоидты тыртықтар, гипертрофиялық тыртықтардың
бір түрі бола отырып, үлкеюге бейім болып келеді
Эрозия (кілегей қабықтың жолақтанып қызаруы, erosion) – терінің бетінің,
эпидермистің қабыну процессіне байланысты пайда болатын зақымдалуы. Эрозия көбіне
көбікшенің, көпіршіктің қақпағының жыртылуына, сонымен қатар, терінің қабаттарына
сәйкес былжырауына немесе басқа бөртпелік элементтерге, әсіресе, папулаға байланысты
пайда болады.
Жара (ойық жара, ulcus) – кейде төменгі мүшелерге дейін жететін терінің
зақымдалуы. Бірінші реттегі элементтердің бұзылуына, лимфаның, қан айналысының.
Дөңгелек эритема немесе анулярлық бөртпе – нәзік, бозғылт-қызғылт, қисық сақина
тәріздес, көбіне денеде, іште, аяқ-қолдардың ішкі жағында, сиректеу бетте, табанында
орналасатын, қышыма бөртпе.
Кейбір жедел жұқпалы ауруларды, бөртпелердің сипаттамасы бойынша, теріні қарау
арқылы анықтауға болады. Мысалы: қызамықта қызғылт түсті теріде (мұрын-ерін
үшбұрышынан басқа жерде) кішкене нүкте тәріздес бөртпелер аурудың бірінші күнінде
70
пайда болады. Қызылша барлық денеде ұсақ немесе үлкен дақты бөртпелердің болуымен
және бөртпелердің негізгі бір сатылық заңдылыққа бағынумен сипатталады. Мысалы:
бірінші күні бетінде және мойында, екінші күні денесінде, қолдарында, үшінші күні
дененің қалған бөлімдерінде пайда болады
Достарыңызбен бөлісу: |