67
Экссудативті диатезбен ауыратын балалардың басының шашында, еңбек
айналасында суланған май қабыршақтары жиналады. Оны гнейс деп атайды. Кейде
себоррея басты күкірт телпек тәрізді түгел жауып тұруы мүмкін.
Бұндай балалардың
бетінің терісінде қызарған, өзі сау теріден бөлініп тұратын
инфильтрат пайда болады – сүтті шірік қабыршақ (шілделік)
(24- сурет).
Кейіннен
қышынып қатты қасығандықтан экссудат пайда болып, қабыршақтанып кеуіп қалады.
Балалар терісіндегі бөртпелердің диагностикалық маңызы өте үлкен. Классикалық
жағдайда тек қана бөртпелердің сипаты бойынша ғана диагноз қоюға болады. Бұндай
жағдай негізінен теріде бөртпелермен білінетін балалар жедел инфекциялық ауруларында
байқалады.
Бөртпелер
қабынған және қабынбаған
болып 2-ге бөлінеді. Олардың айырмашылығы
бармақпен басқанда жойылып кетеді де,
жібергенде қайтадан пайда болады. Ал, қабынбаған дақтар саусақпен басқанда
жойылмайды. Аурулардың көбі қабынулы сипатты болады. Дегенмен,
қабынулы
еместеріде бар. Оларға пигментті дақтар, атрофиялар, гиперкератоздар, ісіктер, тер және
май бездерінің секрециясының бұзылулары жатады. Терідегі патологиялық өзгерістер
теріде айқын өзгерістердің пайда болуына әкеледі. Олар терінің бөртпеленуі, яғни
морфологиялық элементтер деп аталады. Ол теріде жүріп жатқан патологиялық
процесстің сипаттамасы. Морфологиялық элементтер алғашқы (бірінші) және екінші
ретті болып бөлінеді.
Алғашқы бөртпелік элементтер өзгермеген теріде пайда болады. Оларға дақ, папула
(іріңсіз кішкене ісік), томпақ (бұдыр), түйін, күлбіреу,
көпіршік, іріңдік жатады. Бастапқы
элементтер ішінде серозды, геморрагиялық және іріңді сұйықтары бар қуысты (күлбіреу,
іріңдік) және қуыссыз (дақ, папула, түйін, көпіршік, томпақ) болып екіге бөлінеді.
Дақ (macula) – кішкене ғана жерде орналасады, терінің түсінің өзгеруінен пайда
болады, терінің сау жерлерінің тығыздығымен бірдей болады. Дақтың үш түрі (типі)
болады: қабынулы, геморрагиялық, пигментті.
Қабынулы дақтар терінің емізікшелер қабатының
көк тамырларының кеңеюі
нәтижесінде пайда болады. Оларды мөлшері бойынша екі топқа бөледі: розеола – мөлшері
әр түрлі (нүктеден едәуір үлкенге дейін), формасы көбіне дұрыс емес болып келетін дақ.
Мөлшері 5 мм-ге дейін, түсі бозғылт немесе қызыл дақ. Іш сүзегінде, бөртпе сүзегінде,
сифилисте, паратифте (қылау) байқалады.
24- сурет.
Достарыңызбен бөлісу: