66
жабылуы), қанда байланысқан билирубин көбейгенде байқалады. Терінің сарғаюы
билирубин мөлшері ересек адамдарда 34 мкмоль/л, мерзімінде туылған нәрестелерде 51–
60 мкмоль/л, шала туылғандар 85–103 мкмоль/л-ден асқанда байқалады.
Терінің қызаруы ересек балаларда психикалық және қызулық әсерлерге байланысты
болады. Беттің қызыл шырайы гриппте, круппозды өкпе қабынуында, скарлатинада,
сүзектерде, эритроцитозда және т.б. ауруларда байқалады.
Жайылмалы (диффузды) және тұрақты болып келетін терінің және кілегей қабық-
тардың бозаруы әртүрлі анемияларда, лейкозда, коллагеноздарда, туберкулезде, бүйрек
ауруларында, оның жедел немесе созылмалы жарамсыздығында, дифтерияда кездеседі.
Сонымен қатар, терінің бозаруы жүйке әрекеті психикалық факторлармен қоздырылғанда
болатын шеткі қан тамырларының таралуында, қан тамырлары терең орналасқан жағдайда
болады. Соңғы қан аздықты жалған анемия немесе псевдоанемия деп атайды.
Ауыр науқастарда терінің түрі төмендегідей болып өзгеруі мүмкін: балауыз түстес
(гипо-және апластикалық анемиялар), сүт қосқан кофе тәріздес (сепсистік эндокардит),
жер түстес сүр бояу (токсикоздарда), жасыл түстес (хлороз).
Терінің көгеруі көбіне өкпе және жүрек ауруларында кездеседі. Терінің жалпы
көгеруі жаңа туған балаларда асфиксияда, бас сүйегінің ішіне қан кұйылғанда, іштен туған
жүрек ақауларында, өкпе солуында (ателектаз) кездеседі. Туа болатын жүрек ақауларында
байкалатын көгерудің ерекшелігі, ол ұзак және интенсивті (қарқынды) болып келеді.
Әдетте, терідегі ісік қуыстарында трансудат болмайды. Кейде жылағанда, күшенгенде
саусақтарының башпай «көгал» тартады немесе «көлеңке» пайда болады.
Жергілікті көгеру, әсіресе мұрын-ауыз үшбұрышының көгеруі, өкпе қабынуының
(пневмонияның) ең алғашқы белгілерінің бірі болып келеді де, бүкіл денені алып жалпы
көгеруге айналып кетуі мүмкін. Мысалы, жайылмалы пневмосклероз, экссудативті
(сұйықты) плеврит. Өте тез дамитын көгерулер жоғары демалыс жолдарына бөгде дене
түскенде кездеседі. Бронхтық түйіндердің ісігі қысып, қан айналасын нашарлатқанда
(бронхоаденитте) кеуде де, арқасында, екі жауырынның ортасында, басының ішінде су
жиналғанда (гидроцефалияда), мидың ісігінде көк тамырлардың (венасының) кеңеюі
пайда болады. Бауыр веналарында қан іркілгенде іштің алдыңғы бетіндегі терісінің
тамырлары кеңейеді («Медузаның басы» –
Достарыңызбен бөлісу: