Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет58/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Руминация
. Баланың лоқсып шыққан құсығын шайнап, кері жұтып қоюы. Өңеш 
ауруларында құсу, өңеш тарылғанда және өңеш дивертикуласында байқалады, ішкен 
тамағы өзгермеген күйде қайта түседі. Өңеш дивертикуласында құсықтың шірік иісі 
сезіледі. Жедел гастритте тамақ қабылдағаннан кейін қайталап құсу байқалады. 
Созылмалы гастритте ертеңгісін аш қарынға, кілегей тәріздес қышқылт иісті құсық 
байқалады, қарында жара пайда болып қатты іш ауырған кезде, құсқаннан кейін баланың 
жағдайы жеңілденеді. Ал, керісінше, ұйқы безі қабынғанда, құсқаннан кейін науқастың 
жағдайы өзгермейді. 
Ауру. Емшектегі балалардың ішінің ауырғанын олардың мазасызданғандығынан, 
қатты жылағаннан, емшекті алмауынан байқаймыз. Ересек балаларда тамаққа жылдам 
қанығуы және асқазанның толып кеткен сезімі болады. 
Бауыр ауруларында, өт қабы қабынуында, ұйқы безінің басы қабынғанда, ұлтабар, 
тоқ ішектің бауыр тұсы, шажырқай, көк ет зақымдалғанда, іш ауруының негізгі орны 
эпигастрий аймағы болып келеді. 
Ұйқы безінің қабынуында, тоқ ішектің талақ жақ бөлігі, диафрагма (көкет), 
бауырдың сол бөлігі зақымдалғанда сол сүбе қабырғаның асты ауырады. 
Асқазан ауруларында іштің орта бөлігі ауырады. Ұйқы безі зақымдалғанда 
(панкреатитте) іш «белбеу» тәріздес айналып, ауырады. 
Ішкен тамақтың сапасы мен көлеміне іш ауруының қаншалықты байланысы барын 
анықтау қажет (мысалы: ыссы, мұздай, ащы тағамдарға). 
Өңеш бойының ауыруы алғашқы белгілердің бірі, ол жедел эзофагитте көбіне 
тамақтану кезінде байқалады, ал асқазанның кардиальдік бөлімінің жарасында, гастритте 
тамақ ішіп болғаннан кейін ауыру пайда болады. Тамақ қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан 
соң, гастродуоденитте, ұлтабар жарасында, көбіне аш қарынға және түнде «кеш» ауыру 
байқалады. 
Өтте тас пайда болғанда, созылмалы панкреатитте мезгілсіз, ұстамалы ауыру 
байқалады. Созылмалы колитте, сигмоидитте, дивертикулитте үлкен дәретке отыру 
актысына байланысты ауыру кездеседі. 
Жара тесіліп кеткен кезде тұрақты ауру пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет