Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы


Юкстагломерулярлы аппарат (ЮРА)



Pdf көрінісі
бет67/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Юкстагломерулярлы аппарат (ЮРА).
Бүйрек шумақтарының қан тамырлары 
полюсі аймағында ерекше структуралы құрам болады, ол тегіс етті клеткалардың 
жиынынан және көптеген секреторлы түйіршіктерден (гранулалардан) тұрады. Бұл 
клеткалар юкстагломерулярлы немесе эпителиоидты клеткалар деп аталады. Рениннің 
пайда болуы олардың бөлу белсенділігіне байланысты. Көптеген ферменттердің әсер 
етуімен рениннен ангиотензин пайда болады, ол күшті вазоконстриктор болып 
есептелінеді. 
Бүйректің функциялық және морфологиялық бірлігі болып нефрон есептелінеді
.
Жаңа туған сәби мен алғашқы 2 жастағы баланың шумақ фильтрациясы (сүзуі) төмен 
болады, ол шумақты аппараттың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты. Балаларда 
шумақтар куб тәріздес эпителиймен қапталған және тек бала 5 жасқа жеткенде ғана, 
жалпақ эпителийлер пайда болады. Шумақ фильтрациясының (сүзуінің) және бүйрек қан 
ағысының шамасын клиренс - тест арқылы есептейді (тазарылу сынамасы). Ол 
клиникаларда кең қолданылады. Эндогенді креатинин клиренсі жаңа туған балада көп 
төмен болады, ол 10 мл/мл 1 айда – 28; 3 айда – 37; 6 айда – 55; жастан асқан балаларда 
100±20

Оның ең төменгі көрсеткіштері ертеңгісін, ал ең жоғарғы – кешкісін байқалады. 
Қалыпты жағдайда судың реабсорбциялану коэффициенті 97-99 % болып келеді. 
Қандағы қалдық азоттың мөлшері 20-40 мг % немесе 14,28-18,56 ммоль/л. 
НЕСЕП ТҮЗУ ЖӘНЕ БӨЛУ МҮШЕЛЕРІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ 
Несеп жүйесін тексергенде науқастың өзінен немесе ата-анасынан сұрастырып, несеп 
бөлудың бұзылуы туралы мәліметтерді ұқыпты жинау керек. Ол үшін төмендегі мүмкін 
болатын өзгерістердің бар-жоғын анықтау қажет. 
Ауру синдромы – көбіне белі, бір немесе екі жағының да ауыратының көрсетеді. Ол 
тез басталып жедел немесе жәйлап үнемі ауруы мүмкін. Ауру несеп жолымен төмен 
жылжып, сыртқы жыныс мүшелеріне тарауы мүмкін. 
Жалпы белгілер – бас ауруы, лоқсу, құсу, тері және кілегей қабықтарының бозаруы. 
Ісік синдромы – ісік әуелі бетте, аздап дене мен аяқ-қолдарында болады. Ісік кейде 
үлкен мөлшерге дейін жетеді немесе, керісінше, жасырын, білінбейтін ісіктерде болуы 
мүмкін. 


131 
Несеп шығарғанда ауырсыну – несеп бөліне бастаған кезде, соңында немесе бүкіл 
несеп шығару бойына ауырсынады. 
Несеп шығара бастаған кезде ауырсынса уретритке, балонопаститке қатысты, егер 
соңында ауырсынса, циститке байланысты болғаны. 
Жиі несеп шығару немесе поллакурия – сұйықты көп ішкенде, ісік тарағанда, 
циститте болады. 
Кіші дәретін ұстай алмау – қуық, артқы уретра қабынғанда байқалады. Бұл жағдайда 
несеп бөлу жиіленеді, оны кіші дәреттің тоқтамауымен шатастыруға болмайды. 
Айырмашылығы – кіші дәретке отырғысы келмесе де, несеп бөліне береді. 
Несепті қиын шығару – қуықтан несептің еркін жүруінінің бұзылуы тарылу, тастар 
немесе несеп жолының ісігі, фимоз сиякты кедергі пайда болғанда, байқалады. Ішпен 
қатты күшеніп, несеп шығарады. Ми ауруларымен зақымдалғанда да несеп қиын шығады. 
Несептің кідіруі (ишурия) – қуықтың несеппен толғанына қарамастан, оның 
шығуына мүмкіндік болмайды. 
Несептің тоқтамауы. Кіші дәретке отырғысы келмесе де, қуық толса да, толмаса да 
несеп бөліне береді. Абсолютті және шартты болып несептің тоқтамауы екіге бөлінеді. 
Несептің абсолютті тоқтамауында несептің шығару актісі болмайды, себебі, несеп еріксіз 
бөлінеді. Экстрофияда (қуықтың іштен туа пайда болған жарылуы), тотальды 
эписпадияда, қуықтың жылан көзінде болады. 
Несептің шартты тоқтамауында несептің жартысы еріксіз бөлінеді де, жартысы 
қуықта қалып қояды. Ауық-ауық кіші дәретке отырғысы келеді де, кейін несеп дұрыс 
бөлініп шығады. 
Энурез (несептің түнде тоқтамауы) – ұйықтап жатқанда еріксіз кіші дәрет жіберіп 
қою. Балалар арасында 5-15 % кездеседі. 
Сонымен қатар, бала қанша сусын ішеді, шөл бар ма, қашан пайда болғанын білу 
керек. Бұл өзгерістерге не себеп болғанын, жедел респираторлы вирусты инфекциямен
баспамен, жәншаумен ауырды ма? Алдын ала егу жасалған жоқ па? Олардан кейін қанша 
уақыттан кейін бұл белгілер пайда болды. Денесінің қызуы және диспепсиялық өзгерістер 
байқалады ма?
Анасының жүктілік кезеңінің қалай өткенін, қалай босанғанын, оның денсаулығын 
білу керек. Сонымен қатар, жақын тума-туыстарында несеп жүйесінің аурулары бар-
жоғын (болғанын ия болмағанын) анықтау қажет. 
НАУҚАСТЫ ҚАРАУ. Арудың хал-жағдайы, көңіл-күйі, ақыл-есі, төсектегі қалпына 
көңіл бөлу керек. Дене бітімінің жетілуін қадағалайды. Тері түсіне (бозару), оның 
құрғақтығына, ісіктің бар-жоғына көңіл бөлінеді. Жасырын ісікті анықтау үшін дене 
салмағын өлшеп отырады және бұл үшін Мак-Клюра-Олдричтың «күлбіреу» әдісі 
қолданылады. Білек терісінің ішіне жіңішке инемен 0,1 мл физиологиялық сұйық егеді, 
жасырын ісік жоқ болған жағдайда 1 жасқа дейінгі балаларда 15-20 минуттан соң, 1 
жастан 5 жасқа дейінгі балаларда 20-25 минуттан, ал ересек балалар мен үлкен кісілерде 
40 минуттан соң терінің күлбірегені жоғалып кетеді. 
Іштің түрі мен мөлшеріне көңіл аударады, яғни, іш шеменін анықтайды. Кейде 
кішкене балаларда қуық толып кеткенде, қасаға үстінде томпайып көрініп тұрады. Баланы 
тұрғызып немесе төсекте жатқан қалпында, оның сыртқы жыныс мүшелерін қарап, 
ұманың көлеміне, үрпі каналына және вульваға көңіл аудару қажет. 
Ер баланың жыныс мүшесін қарағанда, фимоз бар жоғын анықтау қажет.
Қан қысымын міндетті түрде өлшеу керек, өйткені, бүйректің көптеген ауруларында 
қан қысымы жоғарлайды. Бұнымен қатар жүрек шекарасын ұқыпты тексеріп (көбіне 
гипертония әсерінен – солға, айқынды күрделі ісікте – барлық жаққа кеңейеді), 
аускультация жасау керек (көбіне жүрек ұшында І тонның зорланып күшейгені, аорта 
тұсында ІІ тонның акценті анықталады). 
БҮЙРЕКТІ ПАЛЬПАЦИЯЛАУ. Бүйректі пальпациялағанда баланы қырынан немесе 
шалқасынан, аяқтарын жартылай бүккен күйде жатқызады, немесе аяқтарын шамалы 


132 
жинаңқырап жатқызуға да болады. Сол қолын омыртқаның астынан XII қабырғамен, 
арқаның ұзын бұлшық еті құрайтын бұрышқа, оң қолын ішке қояды 
(88 сурет). 
Оң қол іш 
қуысының артқы қабырғасына қарай жылжиды, ал сол қолымен бүйректі алдына қарай 
итеріп, оң қолмен түйістіруге тырысады. Сөйтіп, бүйректің төменгі ұшын, яғни бүйректің 
бетін (тегіс, бұдыр, тығыз серпінді) анықтайды, ауыратын немесе ауырмайтындығын 
біледі. 
88 сурет. 
Оң жақ бүйректі
89 сурет.
 Балалардың бүйрегін 
пальпациялау. пальпациялау әдісі. 
Балалардың бүйрегін пальпациялағанда төмендегі әдісті де қолдануға болады, яғни 
алақанды ішке қойғанда үлкен саусақ алдыңғы бетте, ал қалған 4 саусақ артта қалу керек, 
сосын саусақтарын қыса отырып, төменнен жоғары қарай қозғап, бүйректі «табуға» 
болады 
(89 сурет). 
Бұл кезде бала міндетті түрде терең дем алу керек (бүйрек төменге 
қарай ығысып, жеңіл пальпацияланады).
Ішті пальпациялауды несеп ағарлардың бойында ауырсынудың байқалатынын 
анықтау үшін қолданылады.
Олар іштің алдыңғы бетіне жоғарғы және төменгі нүктелер ретінде проекцияланады 
(90 сурет).
Баланы тікесінен тұрғызып, денесін сәл ілгері еңкейтіп, сол қолмен жоғарыдай 
беліне қойып, оң қолмен бүйректі пальпациялауға болады. Бұл әдіс, әсіресе, кезбе 
бүйректерді анықтау үшін маңызды болып келеді. 
Ішті перкуссиялау. Ішті баланы тұрғызып немесе шалқасынан жатқан күйде 
перкуссиялауға болады, перкуссия арқылы іш қуысындағы ісікті анықтайды. Перкуссияны 
кіндіктен бүйірлеріне қарай жүргізеді. Егер іш қуысында ісік болса, перкуссия дыбысы 
тұйықталып қалады. Егер бала түргеліп тұрса, перкуссияны кіндіктен қасаға қарай 
жүргізеді. Бүйрек түбіндегі өзгерісті білу үшін Пастернацкий белгісі қолданылады: белге 
бір қолдың алақанын жайып қояды, ал екінші алақанның қырымен немесе жұдырықпен 
ұрғылайды 
(91 сурет).
Жоғарғы несепағарлық нүкте кіндіктен жүргізілген сызықтың іштің тіке бұлшық 
етінің сыртқы қырымен қиылысқан жерінде орналасады. Төменгі несепағарлык нүкте 
биспинальдық сызықтың іштің тіке бұлшық етінің сыртқы қырымен қиылысқан жерінде 
орналасады.


133 
90 сурет. 91 сурет. 
Несеп ағарлық нүктелердің Пастернацкий белгісін анықтау
орналасу схемасы.
 әдісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет