630
иммундық тапшылық емі үшін түрлі операциялар (трансплантация) ойлап тапты. Қазіргі
кезде өте кең қолданыс тапқаны сүйек майын еңгізу (НLА антигендері бойынша
тандалады), операция алдында реципиентке қатты рентген сәулесі жұмсалады.
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайларда қолданылатын дәрі-дәрмектер
арсеналы үздіксіз кеңеюде. Жоғарыда иммуноглобулиндер, продигиозан, пирогенал,
сальмозан, зимозан, дибазол, натрий нукленнаты, өсімдік аптогендері және басқа
иммунитет буындарын жігерлендіретін дәрі-дәрмектер қолдану әдістемелері келтірілді.
1966 ж. бельгиялық гельминтке қарсы пайдаланылған левамизолдың (декарис –
шығарушы Венгрия) иммунитетке оң әсері және инфекциялық ауруларды азайтатын
қасиеті анықталды. Левамизол В-лимфоидтық жүйені қозғамай, макрофагтар мен
нейтрофильдер, Т-жүйесіне (дұрысы, олардың тежелген субпопуляциялары) жігер береді,
яғни иммундымодульдаушы әсер етеді. Левамизолдың оң әсері Вискотт-Олдрич
синдромын, вариабельді гипогаммаглобулинемия, атаксия-телеангиэктазия, созылмалы
гранулематозды емдеуде байқалады. Мұндай нәтиже Брутон А-гаммаглобулинемиясында,
М иммуноглобулин кемістігі, тері- клегейлік кандидозда болмайды. Дегенмен, кешенді
ем құрамыңда кейбір ревматоидтық артрит, жүйелі қызыл жегі, созылынқы пневмония,
созылмалы гломерулонефриттің аралас формасы, созылмалы гепатит тәрізді ауруларға
ұшыраған балаларға онын көмегі болады. Егер ауруда Т-супрессорлар кемістігі болса,
левамизол аптасына 1-3 рет 2,5 мг/кг есебінен тағайындалады. Жанама әсерлер беруі
ықтимал: агранулоцитоз, ішек бұзылыстары, аллергиялық бөртпелер, аутоиммундық
бұзылыстың асқынуы.
Диуцифон – лепраға қарсы, иммунитетке әсері левамизолға ұқсас дәрі, ішуге
тәулігіне 5-10 мг/кг есебінен 1 рет апта бойы беріледі. Левамизол сияқты диуцифон Т-
супрессорлар, табиғи және антиденелерге тәуелді клеткалар саны мен белсенділігін
арттырады, эндогендік интерферон шығуын, лимфоцитгердің цГМФ түзілісі мен
секрециялық тимус гормондарына ұқсас әсерлі сарысулық фактор өндірісін сүйемелдейді.
Осы себептен екі дәрі де тимомиметик деп аталады.
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайларда, жоғарыда көрсетілген дәрілер мен
әрекеттерден басқа, димефосфон, зиксорин, катерген, интерферрон, Е-витамині, цинк
дәрілерін қолданады. Зиксорин апта бойы 10-20 мг/кг (тәулігіне 3 бөлуге) есебінен ішуге
беріледі. Көбіне бұл дәрі табиғи киллерлер аз, Т-супрессорлар өте жоғары жағдайларда
қолданыс табады. Тек Т-киллерлердің тежелісі кезіңде
Достарыңызбен бөлісу: