катерген
10 мг/кг мөлшерінде
күніне 3 рет 10-14 күн бойы беріледі. Цинк сульфатынын көрсеткіші энтеропатиялық
акродерматитте аса жоғары (ішке 1 мг/кг-мен күніне 2 рет). Кейбір біріншілік иммундық
тапшылықтары бар ауруларда цинк дәрілері қаңда тимопоэтин деңгейін көтеріп,
клеткалық иммундық әсерлердін қалпына келуін қамтамасыз ететіні белгілі болды.
Димефосфон
– улы әсері аз фосфорорганикалық қосынды, мембранопротекторлық,
Т-жүйесін жігерлендіретін әсері бар. Дәрі 15% ерітінді түрінде тәулік мөлшері 50 мг/кг
есебінен (осыны 3 бөліп) беріледі. Курсы 7-10 күн.
Сонымен, иммундытапшылық жағдайларында қолданылатын дәрілер арсеналы
үздіксіз молаюда. Дегенмен, мұндай белсенді ем тек көрсеткіштері бойынша ғана
тағайындалуы тиіс, бақылаусыз қолдану ауруға тек зиян келтіреді.
1. Моноцитарлы макрофагальдық жүйе (ММЖ) каблетінің кемістігі кезінде
қолданылатындары:
—
полиоксидоний 6-12 мг мөлшерінде;
—
ликопид 1 және 10 мг мөлшерінде;
Лейкопенияның
аса
ауыр
формаларында
гранулоцитарлы-макрофагальдық
колониестимулдеуші факторлар (КСФ) дәрілері;
—
молграмостим (Лейкомакс) 150, 300 және 400 мкг;
—
филгастрим (Нейпоген) 300 және 480 мкг;
—
граноцит (Леногастрим) 110,5; 265 және 365 мкг;
2. Иммунитеттің клеткалық буыны кемістігі кезінде төмендегі дәрілердің бірі:
631
—
Ликопид мөлшері 6-12 мг;
—
0,01 % Т-активин ерітіндісі – мөлшері 1 мл тері астына
—
0,01 % Тимоген ерітіндісі – мөлшері 1 мл етке
—
тималин 10 мг;
—
иммунофан;
В-лимфоциттермен антиденелер түзілісі бұзылысында:
— Миелопид 0,003 г;
— полиоксидоний 6-12 мг мөлшерінде;
3. Иммунитеттің гуморальдық буыны бұзылысында (α-гипогаммаглобулинемия)
иммуноглобулин дәрілерімен орын толтыру емін жүргізеді:
Құрамында ІgG – бар дәрілер:
—
сандоглобулин 1,3,6 және 12 г (флаконда);
—
октагам 50, 100 және 200 мл (флаконда);
—
интраглобулин – ампулада 2,5 және 5 г;
—
биавен 1 және 2,5 (флаконда);
Құрамында ІgМ – бар дәрілер:
—
5 % пентаглобин ерітіндісі 10, 20 және 50 мл;
Орнын толтыру емін қаныктыру режимінде жүргізеді (ІgG деңгейі қанда плазманын
4 г/л-нен кем емес), дәрігер-иммунолог қадағалауымен жүргізледі;
4. α- және g-интерферондар түзілісі бұзылысында төмендегі дәрілер:
—
интерферондар индукторлары (амиксин, циклоферон, неовир, полудан);
—
интерферондар;
—
табиғи (адам лейкоцитарлық интерфероны, эпиферон, лейкинферон);
— рекомбинанттық (Реаферон, Роферон, Виферон, Реальдирон, Интрон А,
Интрек) интерферондар;
Ем қортындысына талаптар:
—
ИТ клиникалық көріністерін жою;
—
аурудың қайталау жиілігін азайту;
— Иммунитеттің бастапқы көрсеткіштерін қалыпқа түсіру немесе соған икемдеу; ИТС-
да дәрі-дәрмектерді жеке-дара қолдану жайлы ұсыныстарды келтіреміз.
19. ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ СИНДРОМЫ
Балалардағы иммундытапшылык вирусы (ВИЧ) инфекциясы ЖИТС
(СПИД) өзіндік ауру ретінде алғаш анықталып, 1981 ж. бөлінді: Бұған себеп 5 ересек
еркек гомосексуалистерге pneumocystis саrіnі негізді пневмония қойылуы; бұған дейін
мұндай ауру жаппай тек жоғары дәрежелі шала туылған нәрестелер мен үстемелі
цитостатикалық ем қолданылған қатерлі ісік науқастарында ғана табылатыны жазылған
еді. 1983 жылы Люк Монтанье басқарған француз зерттеушілер тобы науқастардың лимфа
түйіндерінен (ал Роберт К. Галонның басшылығымен АҚШ ғалымдары ауру қанынан)
ауру қоздырғышы – ретровирус бөліп, оны Human Т – lуmрһоtrоріс virus
III (НТLVІІІ),
Limphadenopat: yаssociated virus
(LАV), кейін 1986 ж. Human immunodeficiency virus I
(ВИЧ - I) деп атады. 1985 ж. Монтанье тобы Гвинея-Бисcауда науқас қанынан бұдан
өзгешелігі бар ВИЧ – II вирусын бөлді. Бұл вирус Батыс Африкада басым. ДДҰ дерегі
бойынша 1992 ж. маусымына дейін жер жүзінің 160 елінен ЖИТС-пен ауыратын 500000
адам анық тіркеліпті, яғни бұл шамамен 12-13 млн адамның ВИЧ-инфекцияға ұшырауына
тең. ТМД елдерінде, басқалардан бөлек, тек СПИД аурулары ған емес, ВИЧ инфекция-
сына 91 млн адам тексерілген. Олардың ішінен 619 ВИЧ-инфекцияға ұшырағандар да
тіркелді. 1991 ж. соңына ВИЧ-инфекцияға ұшыраған азамат анықталып, 54-де СПИД-тің
клиникалық көрінісі өрбіп (34 бала), 33 қайтыс болды (балалары – 20). Осы деректерді
қарастырып, В.В. Покровский 1991 ж. наурыз айында КСРО-да шамамен 5000 ВИЧ —
632
инфекциясына ұшырағандар болды деп есептейді. Ресейде 1992 ж. июліне 563 ВИЧ –
инфекциясы тіркеліп, олардың 83 ауруы дүние салды.
Достарыңызбен бөлісу: |