Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет422/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

бала немесе үлкен кісінің постнеонатальдық 
кезеңінде дамыған және гендік кемістіктердің нәтижесімен байланысы жоқ иммундық 
жүйенің бұзылыстары. 
Өте жиі таралған жағдай, орайласу негіздері – иммуноглобулиндер жоғалуы 
(нефротикалық синдром, экссудативті энтеропатия, Крон ауруы т.б.), олардың жеткіліксіз 


627 
түзілісі (гипотрофия, протозойлық және гельминттер инвазиялары, бауыр аурулары, 
кейбір вирустық инфекциялар т.б.) немесе Т- лимфоциттердің пайда болу тежелісі, 
олардын В-лимфоциттермен ара қатынасы (ЖИТС-СПИД), лимфогранулематоз, 
цитостатиктер тағайындау, тағамдар, сыртқы орта ксенобиотиктері, бөгде заттар, 
рентгенемі, лейкоз, қатерлі ісіктер, ауыр перинатальдық дерттер мен құрсақішілік 
қызамык, цитомегалия, герпес, тамақ кемістігі, гиповитаминоздар, цинк мальабсорбциясы, 
күйіктер, уремия т.б. Иммунитет бұзылысы, әдетте, дертті емес флора (комменсал, адам 
сапрофиті деп аталатындар: ішек таяқшасы, протей, көк-ірің таяқшасы, провиденция т.б.) 
ауыр инфекциялық құбылыстар туғызады. 
Белгілі эпидемиолог О.В. Бароян стафилококкоздардың көптеген инфекциялық 
аурулар түрін бере тұра қоздырғыш қасиеттері мен одан болған аурудын клиникалық 
реактивтілік ерекшелігінде, бірақ онын қайсысы – әзірше белгісіз екендігін көрсетті. 
Иммунологтар мен клиницистердің ерекше көңіл аударатын жайы – латенттік және 
баяу вирустық инфекциялар, олардың қоздырғыштары организмде ұзақ тұрақтап (он 
жылдан астам немесе бүкіл өмір бойы), оқтын-оқтын түрлі клиникалық дерт туғызады. 
Бұлар – жай герпес, цитомегалия, Эпштейн-Барр вирустары айналыстағы иммундық 
комплекстер туғызады, тіндердің түрлі бұзылысына әкеліп, әрқилы ауруларға қатынасы 
болады: ДТДА-лары, бүйрек аурулары, энцефалопатиялар, ең алдымен перинаталдық т.б. 
Барлық нәрестелердің ең кемінде 5% анте- және интранатальды кезеңде түрлі вирустар 
жұқтырады, оның ішінде 1,5-2% цитомегалия вирусы. Әдебиет деректері бойынша 
балалардың 15-20%-да ақыл-ес кемістігі тек цитомегалияға байланысты. Кұрсақішілік 
инфекция жұғуының жалпы биологиялық мәні қаншалықты? Баяу вирустық инфекциялар-
дағы реактивтілік кемістігі неде, оны қалай емдеуге болады, оның керегі бар ма? Баяу, 
оның ішінде құрсакішілік вирустық инфекциялар қандай жағдайларда жайылмалы немесе 
орнықты инфекциялық немесе аутоиммундық құбылыс туғызады? Т-супрессорлар 
кемістігі аутоиммундық ауруларда біріншілік пе әлде екіншілік пе (әсіресе белгілі ауруға 
байланысты)? Бұл сұрақтар жауабы келешек ісі, көптеген зерттеулер нәтижесі болмақшы. 
ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ АУРУЛАР ЕМІ 
Қазіргі кезде біріншілік иммундытапшылық жағдайлар емінің түрлі бағыттары бар. 
Жалпы ем. Инфекциялардың аддын алу әрекеттері (гигиеналық, антисептикалық), 
ұтымды тамақтану (ең бастысы табиғи) мен күн тәртібі, дене шынықтыру, дисбактериоз-
дың алдын алу, инфекциялық құбылыстарды ерте анықтап, белсенді емдеу – балалардағы 
біріншілік иммундық тапшылық емінің маңызды буындары. Ең дұрысы мұндай 
ауруларды стерильді боксқа жатқызу болар еді, бірақ бұны ұйымдастырудың қиындығын 
ескеріп, ауруханада оларды ең болмағанда бөлек боксқа орналастыру абзал. Асептика – 
балалар емінің ең басты бағытының бірі. 
Антибиотиктерді алдын алу мақсатында қолдану ойдан шығып, өзін 
ақтамады, сондықтан оларды қолданбаған жөн: саңырауқұлақ және басқа емге ұстамды 
инфекциялар қаупі жоғарылады. Бұнын тек спленэктомиядан кейін пайда болатын 
иммундық тапшылыққа қатысы жоқ, себебі мұндай аурулар операциядан кейін 1/2 – 1 
жыл бойы пневмо,- және менингококктік инфекцияларға өте сезімтал келеді, бициллин-5 
тағайындау бұл жағдайдың алдын алуын қамтамасыз етеді. Спленэктомиядан кейін ең 
кемі жарты жыл бициллин жасағаны жөн. Осымен катар, сульфаниламидтерді ұзақ мезгіл 
қолданудың (көбінесе бисептол) антиденелер түзу кемістігі бар балаларда өте тиімділігі 
анықталды. 
Иммундық тапшылықтан өрбіген бактериальдық инфекцияларда антибиотиктер 
ертерек қолданылып, сонынан бөлінген қоздырғышқа және оның сезімталдығына сәйкес 
емге өзгеріс енгізілгені жөн. Иммундық дәрілердің бағытты әсері (стафилококке қарсы 
иммуноглобулин мен плазма, көк-жасыл ірің таякшасына антиденелері мол плазма т.б.) 


628 
белгілі инфекцияларда өзіне артқан сенімді ақтады. Лямблиозда метронидазол (трихопол), 
дертті саңырауқұлактар инвазиясында – тиісті антибиотиктер тағайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет