721
Стеноздаушы (тарылтушы) ларингит
Стеноздаушы ларингит дегеніміз көмей аймағында тыныс алу жолдарының
өткізгіштігінің бұзылысымен және тыныс жетіспеушілігі құбылыстарының дамуымен
жүретін жедел ауру.
Даму механизмі:
1. Дыбыс саңылауы аймағындағы тарылу;
2. Дыбыс байламасы асты кеңістігінің ісінуі
3. Көмейдің саңылауында қақырықтың жиналуы.
Клиникалық көріністер:
-
дауысының қарлығуы
-
дөрекі «үрмелі» жөтел;
-
тыныс жетіспушілігінің көріністері (бала мазасыз, инспираторлы ентігу, цианоз
пайда болады, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады: мұрын қанаттары,
қабырғааралық бұлшықеттер, диафрагма т.б.)
Стеноздаушы ларингитте («жалған крупте») көрсетілетін шұғыл көмек
Сатылары
Негіздеу
Мөлшерлері
1. Баланың басын көтеріңкіреп
жатқызу
- Байлама асты кеңістігінің ісінуі
азаяды
- Тыныс алуы жеңілдейді
2. Денені қысып тұрған
киімдерден босату
- Өкпенің экскурсиясы жеңілдейді
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз
ету
- Крупта оттегілік жетіспеушілік
дамиды
4. Балаға жайлы жағдай туғызу.
- Бала қозған
5. Алаңдатушы терапия жүргізу
(балтыр бұлшықеттеріне қыша
қою, немесе аяқтарға қыша
ванналарын жасау)
- Дененің төменгі бөлігіне қан
барып, ісіну, экссудаттың түзілуі
азаяды
6. Эуфиллинді, соданы, қақырық
түсіретін шөптерді қосып (кезек-
тестіріп) булы ингаляциялар
жасау
- Жылу мен эуфиллин дауыс саңы-
лауы аймағының ісінуін басады
- Сода қақырықты сұйылтады
- Шөптер қақырық түсуіне жағдай
жасайды
7. Бұлшықетке немесе
көктамырға лазикс енгізу
- Зәр айдайтын қасиетіне байланыс-
ты байлама асты кеңістігінің ісінуін
азайтады
1-2мг/кг
1мл=10мг
8. Бұлшықетке немесе тері астына
эфедрин енгізу
- Бронхолитикалық әсеріне
байланысты дауыс саңылауы
аймағының тарылуын жояды.
0,1мл/жасына
9. Ауыр жағдайларда бұлшықетке
немесе көктамырға преднизолон
енгізу
- Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы
әсері бар
3-5мг/кг
(1мл=30мг)
10. Оттегі терапиясын жүргізу
- Оттегі жетіспеушілігін жояды
Достарыңызбен бөлісу: