262
Қалыптасу
–
бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық
пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның
дамуының нәтижесі және
оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен
сапаларға ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні ӛте
зор.
Тҧқымқуалаушылық
–
баланың
ата-анасынан немесе ата-
бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол
екі түрге бӛлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім
мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер,
нәсілдік және
ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі,
анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).
Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни
адам және қоғам ӛміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи
қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро.
Макроорта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол
жиынтығы (ӛндіргіш күштер мен ӛндірістік
қатынастар деңгейі,
ӛмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық
ақпарат құралдары). Микроорта –
адамның ең жақын қарым-
қатынас ортасы.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың
арасында тәрбие ең маңызды орын алады.
Тәрбие -
ӛсіп келе жатқан
ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім
мен оқушылар, балалар мен ата-аналар
арасындағы бірлескен іс-
әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортамен қатар тәрбие тұлға
қалыптасуының үшінші факторы болып саналады. Тәрбиеде
тұқымқуалаушылық, бейімділік пен қоршаған ортаның ӛзгерістері
жӛнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбие-білім беру мекемелерінен
ӛтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып,
оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады.
Тек тәрбие ғана жеке тұлға дамуының
әлеуметтік бағдарламасын
жүзеге асырады, оның бейімділігі мен қабілеттілігін күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: