261
жиынтығы; 2) басқа адамдардан ӛзінің әлеуметтік мәнді
ерекшеліктері
тарапынан
сипатталатын
адам;
индивидтің
психикасы
мен
тұлғасының
ӛзіндік
ерекшелігі,
оның
қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде,
мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында,
қажеттіліктері мен қабілеттерінде кӛрінеді.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке
тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты
үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің
кӛп ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдарыжеке тұлғаның
дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да
әсер етеді деп есептеген.
Адам – ӛзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі,
сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам
табиғатының ӛзгеруі адам ӛмірінің әлеуметтік жағдайларының
әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес,
сонымен қатар, тарихи даму нәтижесінде де пайда болады.
Адамның жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады:
биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік иесі
болып туады, алайда ӛз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік
иесіне айналады.
2-топ тапсырмасы: «Тҧлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуы»
Адамның жеке қасиеттері ӛмір жолында дамып, қалыптасатын
болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы»
ұғымдары қолданылады. Даму табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән
жалпы қасиет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: