Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет44/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Шарттары:
 
оқылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне 
бӛлу; білім алушының ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болу 
керек екенін ұмытпау; білім алушының дайындығын, дамуын және 
мүмкіндігін ескере отырып оқыту. Білім алушылардың ӛмір 
тәжірибесін, қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттеу 
және ескеру; білім алушыларды оқыту арқылы дамыту; 
мүмкіндіктері бірдей білім алушыларды біріктіру; жақсы білім 


94 
алушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар білім 
алушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету; оқытудың 
қарқынын 
белгілеп, 
керек 
жағдайда 
ӛзгерту; 
ұқсатуды, 
салыстыруды, қатар және қарама-қарсы қоюды кең қолдану; жаңа 
және күрделі материалдарды оқып үйренуге жақсы оқитын білім 
алушыларды, бекітуге оқу үлгерімі нашар білім алушыларды 
қатыстыру; білім алушыға келген ойды танымның соқы емес, басы 
деп түсіну; түсініктілік педагогтің анық түсіндіруіне және тіліне 
байланысты; ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап 
ӛмірден, әдебиеттен жарқын мысалдар келтіріп, бірсарынды 
сӛйлемеу; монологты ұзаққа созбау, педагог іс-әрекеті мен білім 
алушы іс-ерекетін анықтап алу. Білім алушылардың түсінігіне 
жеңіл оқу материалдарын ӛз бетімен оқуға беру; оқытудың алғаш 
сәтінде барлық білімді емес, тек негізгілерін беріп, бекітуге жаңа 
мысалдар, фактілер алып, жаңа білімді нақтыландыру; білім 
алушылардың танымдық іс-әрекетін басқару; білім алушылардың 
оқу жұмысын жеңілдете бермеу, олардың ӛз бетімен оқуына, оқу 
материалын талдауына кӛмектесу, бағыт беру; түсініктілік білім 
алушының жұмыс қабілетімен байланысты, сондықтан білім 
алушыны жұмыс істеуге үйрету. 
Ынталандыру принципі.
Бұл принциптің маңызы ӛте зор. 
Оқуға, білімге, педагогтің жеке басына деген, сондай-ақ оқу 
жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына білім 
алушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті 
сенімді, ерікті, қуанышты болады.
Сондықтан педагог, ең алдымен, сабақтарын қызықты, 
тартымды, әсерлі етіп ӛткізуге міндетті. Ынталандыру принципі 
білім алушыларға жеке-дара қарауды керек етеді. Осыған орай 
В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар: 
1.Білім алушылардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері 
бірдей емес.
2.Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын 
абстрактылы білім алушы жоқ: білім алушы әрқашан дара, ӛзінше 
ерекше.
3.Оқуда барлық мектеп білім алушылары үшін табысқа жетудің 
бірыңғай алғы шарттары жоқ. 
4.Оқу қызметінің берілген сәтінде әр білім алушының неге 
қабілетті екенін аньщтаудық маңызы зор. 


95 
5.Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға 
болатындығын анықтау маңызды. 
6.Білім алушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды. 
7.Бағдарламада қаралған деңгейге әр білім алушы қандай жолмен, 
қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс 
анықтап алу керек.
8.Әрбір білім алушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны 
қалай нақтылы жүзеге асыру керек. 
9.Әрбір білім алушының күші мен мүмкіндігін ашып, оны 
ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту. 
10.Қиын білім алушыларға шамасына қарай ақыл-ой 
жұмыстарын беру.
11.Әрбір білім алушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі 
дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық 
жалынының қызуын сақтау. 
Шарттары:
 
жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын 
қолдану; ділгірлік оқыту; компьютерлік технологияны қолдану; 
интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану; ӛзара оқыту 
(жұптық, топтық); білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру; 
сыныпта жағымды микроклимат жасау; Педагогтің ӛз пӛніне, білім 
алушыларға оң кӛзқарасы; білім алушылардың оқудағы 
жетістіктерін кӛрсету; білімнің оны ашқан адамдардық 
тағдырымен байланысы; оқыту нысандарын және әдістерін 
тұрлендіру. 
Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі
- білім алушыға деген 
ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Білім алушыға сенім 
артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным 
әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді 
жасау керек.
Оқу үрдісінде, сабақтарда білім алушыларды қорқытпай, 
қысымшылық-жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас 
жасау міндет. Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге 
асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы 
адамзаттық және ұлттың рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ 
халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, кӛркемӛнерін, 
қолӛнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек. 
Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы 
зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан 
білім алушыға ӛлмес мирас, ӛмірлік мұра болып келе жатқан 


96 
тәрбие жӛніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе білім 
алушыларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының 
қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекшеліктері
Шарттары:
 
оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін 
жазалау әдісін қолданбау; білім алушының ӛз міндетін орындауға 
деген ықыласын мақұлдау; үлгерімі нашар, жауапкершілігі тӛмен 
білім алушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға 
қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру; білім алушының ӛзі 
туралы жақсы бағасын ӛзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру; 
қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою; жеке 
тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың кӛрінуіне 
жол бермеу; білім алушыны түсіну, жақсы кӛру, бірақ талапта қою; 
білім алушының табысына шынайы түрде қуану; білім алушының 
кӛңіл-күйін ескеру; білім алушының дене кемістігін сӛз етпеу; білім 
алушының ӛздігін баспау; білім алушыларды басқа білім 
алушылармен салыстырмау; білім алушының ар-намысына тиетін 
сӛз айтпау. 
Мәселелік принцип
– оқу үрдісінің мазмұны, әдістері, 
ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. 
Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, білім алушылардан 
ізденуін, 
дербестігін, 
шығармашылық 
ойлауын 
дамытуға 
бағытталады. Мәселелік принцип – білім алушылардың ойлау 
процесінің психологиясына негізделеді. Ӛйткені ойлаудық 
басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, 
ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады. 
Интеграциялау (кіріктіру) принципі
 
– жалпы білім мазмұнын 
анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда 
ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі 
негізгі принциптер мен заңдылықтарды ӛзара тығыз диалектикалық 
бірлікте қарастыруды кӛздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-
біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, 
математика мен информатика, ӛнер мен еңбек, этика мен әстетика, 
т.б. ӛзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардық арасындағы 
байланыстарын анықтап, білім алушылардың білімін тереңдетуге 
болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың 
рӛлі ерекше.
Біз принциптерді және оларды жүзеге асыру шарттарын 
қарастырдық. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану керек. 
Оларды кезекпен қолдануға болмайды. Педагогтің алдымен бір 


97 
принцип талабын, содан кейін басқасын орындаймын деуіне 
болмайды. Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде 
орындалады. Олардың ішінде негізгілері және кӛмекшілері жоқ. 
Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп 
отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын кӛрсетеді. 
Білімді ізгілендіру білім алушының дене және ақыл-ой 
мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен 
күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және 
нәтижелерді мӛлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады 
деп сеніммен айтуға болады. 
Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер әрқашан белгілі 
жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-әрекетте кешенді, 
параллель жүзеге асып отырады. Оларды кезекпен немесе бірінің 
орындалуымен екіншісіне тізбекті ӛте, пайдалану мүмкін емес.
Барлық принциптер ӛзара кіріге ұштасқан, сондықтан бірінің 
талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мәндік жақындыққа 
түсіп жатады. Олардың бәрінің де қызметі – бағыттау, оқудың 
сапалы нәтижелеріне жетудің жолдарын кӛрсету. Білімдендіру ісін 
гуманизациялаудың мәні – білім алушының тән-дене және ақыл-ес 
мүмкіндіктерін сақтау және дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің 
нәтижесі оған жұмсалған білім алушы күш-қуатының деңгейімен 
салыстырылып, бағаланады. Принциптер білім алушының табиғи 
және әлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен еңбек 
нәтижелерін қалыпты мӛлшерлеп отырады, егер қандай да 
себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің 
сақталғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет